Адам қарады: 215 | Жарияланды: 2020-06-26 06:07:32

  ХХ ғасыр

WIN_20190522_15_12_30_Pro Тарихи Роман

                                                

« Жеңіске  жетелейтін -  үміт пен шыдамдылық.»

                                                                                         (Ә. Баяндин )

                                 

                             Қаны тамған ғасыр

          Әкем – Баянды үлы  Әбдіғали,  1912 жылы    Алматы обласы    Жамбыл ауданы,  Кастек  Ауылында  дүниеге келген.  Отыз жыл  Ұстаз болып еңбек етіп, өмірдің  ащы – тұщы  кезеңін  көріп,  1989 жылы  дүниеден өтті...      Бала кезімде Әкемнің қасында отырып,   өмірбаянын қызыға тыңдайтынмын.  Қазақ халқына қасрет әкелген   1932 - 1954 жылдар туралы әңгімесіне  аса мән беріп тыңдайтынмын. Ашаршылық, соғыс, репрессия секілді қасіретті басынан мойымай өткізген әкемнің әңгімесін өз аузынан естігенмін.      Сол кезде -“ Әкемнің өмірі жайлы роман жазсам”           - деп армандайтын мын.   Бір-ақ  90-жылдарғы өтпелі кезеңде, жастыққа  салынып, көп мүмкіндікті  өткізіп алдым.    Қазақ – «Темірді қызған кезінде соқ» – демекші,   Әкемнің әңгімесін еске ала отырып,  Қазақ халқының  ХХ ғасырда көрген қасіретін,  қолымнан келгенше сыйпаттап берсем деген оймен, қолыма қалам алдым!         

            Кеңес Өкіметі  кезінде, бұл қасіретке терең мән бермейтін. Сол кездегі ішкі саясат солай болды ма,білмедім. Әйтеуір коммунистер өз саясатына шаң жуытпайтын!   Мектепте де, тіпті жоғары оқу орнында да, бұл індет туралы  атүсті ғана өтетін. Болашақта - артымызда келе жатқан ұрпаққа шындықтың бетін ашып, оқу программасына толық енгізеді деп үміттенем!  (Автор. )  

                                    

                            

                                Әкемнің      әңгімесі

           Бала кезімде, есімде қалған  бір- екі  фрагмент  бар...   Есіктің алдында ойнап жүріп, сүрініп құлап – иегімді  оңдырмай  жаралап алғаным. Содан қалған тыртық ,   иегімде  мәңгі естелік болып қалды…   Бір күні, өзім қатарлы  көршінің баласы екеуміз ойнап жүріп  жотаға  шықтық.  Ірілеу тастарды  төмен қарай домалата бастадық.  Бір кезде,  келесі дөңгелеткен  тасымыз - төменде жайылып жүрген сиырларды бетке алып, зымырай жөнелді!  Келесі сәтте - әлгі тас - зымыраған күйі ,  қарны қампайған   сауын сиырдың бауырын сипап өте шықты!   Сол сәтте,   жаңағы   сауын сиырдың  қарны ақтарылып түсті!   Әкемнен ұрыс естимін деп ойлап едім! Олай болмады. Әкемнің мінезі сабырлы еді.  «Алланың жазғанына не амал!»  - деді де қойды.   Есесіне,  кешкі аста,  етпен сорпаға жақсылап  бір  тойдық!         Әкем «Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны ғой!» - деді...  

     Жеті жасқа толған кезімде  –  мені көрші ауылдағы молдаға - Арабша сауат ашуға  берді. Есімде қалғаны;  молданың оң қолының қасында көк шыбық тұратын! Бізге қарсы қолданбаса да - көздің қиығы сол таяқта болатын!   Есесіне  Құран оқуды, Арабша жазуды жақсы  игердім!..  

     Үйде – қабырғада –   қолдан ойып жасалған домбыра ілулі тұратын. Кімнің жасағаны белгісіз. Бір-ақ шебер жасағаны сонша, даусы күмбірлеп, анық шығатын. Әкем домбыра тартып, өлең айтатын.  Даусы керемет, ашық болатын.   Кейде өзі өлең шығарып, дауыстап айтқанда  алыстан естілетін. Сондықтан болар, мен де домбыра тартып, өлең айтып үйренуге жақын болдым.   Сол өнерге жақындығым,   кейін көп  көмектесті...      

        Сол жылдары  Әкем  сырқаттанып,   дүниеден озды...   Балалықтың арқасы ма  – білмеймін – Әкемнің өңі есімде жоқ!..     Есімде қалғаны  – Әкемнің   Жиенқұл есімді нағашысы  болатын. Өзі  дәулетті, қонақжайлы кісі еді. Көрші ауылда тұратын.  Естуімше, сол нағашым туралы халық арасында жақсы әңгімелер тараған.  Қолында орыс шал - малайы болған.  Қонақтардың көп келетіні сонша, жаңағы орыс малайы, таң атқаннан кешке дейін қазан-ошақ пен алысады екен.     Сонда жаңағы орыс шал, шала қазақша -  «Жиенқұлдың қазаны қайнайм – қайнайм піспейм, қайнайм қайнайм піспейм!» деп ашуланады екен... 

  

     Кейін, 35-шы жылдары  НКВД – ның жендеттері әкемнің  Нағашысы  Жиенқұлдың   соңына түсіп, қудалай бастаған.

  Содан бір күні -  хабарсыз -  бала-шағасымен бір түнде жоқ болып кетткен!   Қайда кеткенін  еш жан білмейді!  Кейін, 1958 жылдары, туыстары іздеу салып  еді - еш мәлімет табылмады!..                     

     Тағы бір  есімде қалған жай...  Қыстың күні  суықта, күнделікті киіп жүрген киімдерімді, даладағы қардың үстіне жайып қойып -  өзіміз көрпенің астына кіріп ұйықтайтынбіз.  Ертесінде ерте тұрып киімдерді қарға  қағып – қағып жіберсең, қардың бетінде  қып – қызыл болып,  биттер шашылып жататын!..          

     Көршінің  менен үлкен ұлы,  байдың малын бағатын. Бір күні мені өзімен бірге ала кетті.   Ауылдан бір-аз шақырым  ұзаған соң маған бір құпиясын ашты. Кімнің малы екені белгісіз – маған айтпады.  Отардан бір семіз тоқтыны ұстап – сойып тастады.  Етін бөлшектеп, тұздап, жаңағы тоқтының қарнына сыйғанша  салды. Дәмді болуы үшін аздап жуа шөптер қосты.   Сорпа қайнағанда, буы сытқа шығуы үшін қамыс түтікшені қарынның аузына    байлап қойды.    Жардың қабағын үңгірлеп қазып-ошақ жасады. Кепкен тобылғыны майдалап шауып, отын ретінде жаңағы ошаққа салып  жаға бастады.   Ошақ шоққа керегінше толып, деңгейіне жеткен кезде, қарынды ошаққа  салып үстін топырақпен жауып тастады. Ертесінде келіп қарынды сыртқа шығармай, тек  аузын ашсақ!  Керемет!.. дәмін айтып жеткізе алмайсың!  піскен етке армансыз тойғаным сол шығар. Қалған  етті бір жетілік  қорек жасадық!..  

                                   Алға тартқан бала  арманы

 

1924жыл...  « Ұзын құлақтан  Ленин өліпті»!.. Оның орнына  Сталин келіпті! деген әңгімені  естіп жаттық!  Бірақ – бала болған соң – аса мән бермедім... Шешемнің айтқан -  « кім болса да соғыстың беті ары болсын-шы»! –деген сөзі.          

      Ересектердің айтқан әңгімелерін естіп жүріп, түсінгенім – біздің ауылдан  алыс емес - осы Алатаудың баурайында, «Алматы» деген  қала бар екені.   Онда барып, білім алуға болатынын ұғып  жүрдім. Уқыт  өткен сайын оқуға деген ынтам үдей түсті. Бұл ойымды шешем білсе,  «Басымнан сипамасын» сеземін.  Жанұямда  артыма ерген  екі  інім  бар.  Олар әлі жас.    Бірақ бір сенетін туысым бар – ол  Жиенқұл  нағашым.   «Шешеме қолынан келгенше көмегін берер» деп үміттендім...   Осындай балалық арманның жетегінде жүріп - көктем шыға,  Алматыға кетпек болып шештім!  Арманым – оқып, білім алу.     Күн жылып, ағаштар гүл жара бастағанда, екі тандыр нанды  дорбаға салып  алып, таң атпай жолға шықтым!  Шешем ұйқыда жатып, байқамады.   Туған ауылымнан Алматыға жеткенше, шамамен 60 шақырым болар. Ол кезде – қазіргідей тас жол жоқ!  Арбамен, таудың етегін жағалап жүріп отырып, бір-екі  күн де жетесің.  Әрине - егер Алматыға дейін өзіңнің  арбаңмен шықсаң!   Ал мен болсам - көбінесе жаяулатып, жолда тоқтап, дем алып жүріп,  үш күнде әрең  жеттім ғой әйтеуір!   «Жолда жегенге»  деп  алған екі шелпек тандыр наным екі күнге жеткен жоқ!   Жас адамға  түк емес екен!  Жол бойында бұлақ көп - судан таршылық көрмедім.  Шіркін!  Қазақ халқының алақаны   кең ғой.  Жол бойы аш болған жоқпын.  «Құдайы қонақпын»  деп  кіріп келсең, барын беріп, жөн сілтеп, шығарып салады.       Жолдың бойында - Қарғалы,  Шамалған,   Каскелен    ауылдарына бас сұғып - аралап  жүрдім.    Бұрын туған ауылым Кастектен басқа ауылды көрмеген мен үшін, бәрі қызық  көрінеді екен!    Ол кездердегі   ауылдар   кәзіргідей емес -  кішігірім ғана болатын!   Сөйтіп жүріп  Алматыдан бір-ақ шықтым!  

        Мәселенің көкесі Алматыға келгенде басталды! Жол бойы, қалаған үйге кіріп жөн сұрай бересің ғой.  Қалада тәртіп басқаша  екен!

Алматының көшелері,  мен үшін керемет үлкен болып көрінген.  Үйлерді қызықтап жүргенде,  уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппын!  Кәзіргі «Көк базар» -  сол кезде мүлде кішкентай  болатын!   Кәзіргі парктің  қасындағы  Шіркеуді  көрген кезде   қарнымның ашқанын, тіпті шаршағанымды  ұмытып кетіппін. Кеш батқанша шіркеуді айналып, қызықтап жүре бергем ғой! «Мына өрнектерді  кімдер - қайтып жасады екен» деп аузымды ашып жүргенде   күн батып, қонатын жер жоқ екені есіме түскенде, жылап жібердім!  Қарным аш! Шіркеудің қасындағы орындыққа жата кетіп едім – ұйықтап кетіппін!     Түні бойы  бір ұйықтап, бір оянып, таңды атырдым- ау әйтеуір!  Ертесінде не істерімді, қайда барарымды білмей,  жылап отырдым. Не ішетін тамақ!  Не қалтамда бір тиын ақша жоқ!

 Өстіп жылап отырғанда, дауысым қатты шығып кетсе керек!

  Қасымнан  қолында  бір бума қағазы бар, жасы елулер шамасында  бір Ағай өтіп бара жатып, тоқтай қалды!  Қасыма келді де ;                   - Балақай! Неге жылап отырсың? Жайшылық па? – деді!  Мен жылауымды қойып, жағдайымды басынан айяғына дейін түсіндіріп,  айтып бердім!  Жағдайымды түсінген соң, біраз ойланып отырды да:

 - Менімен  жүр! -  деді.  Мен үндемей,  артынан ілесіп келе жаттым. Жарты сағаттай жүрген соң, бір үйге келдік.

- Сен мені осында күте тұр! – деп, ішке кіріп кетті.  Жарты сағаттай уақыт өткен соң, әлгі кісі бір бөгде әйелмен шықты да;  – Мына кісінің қолында оқитын боласың – деді де, кете берді!

    «Аға сіз кімсіз...  Аты жөніңіз кім» деп сұрамапын ғой!  Балалық жасағанымды кейін түсіндім! Басында өрнегі бар тақия,  қияқтай мұрты бар!    Артынан  білдім  – келіп түскенім – екі жылдық Пед.училище екен!..  

 

     ... 1975 жылдары, Әкем мені --  М. Горкий атындағы паркке  барғанда  – өзі оқыған  пед.училищесіне алып барып көрсетті!  Ескі, ағаштан салынған үй екен!   Мен көрген кезде  – пед.училище жабылып, баска жаққа көшіп кетіпті!..   Бір күн бойы қызықтап жағалаған Шіркеу  --  Вознисенский  шіркеуі екен! (Автор.)              

 

                         

 

                                   Болашаққа жолдама.

                                                      

            Асыға күткен екі жыл  өтеп, ауылға қайтатын  кез де келді!    Он төрт жасымда  Куәлік қолға тиісімен,  «Аттың басын ауылға тарт» демекші!  Кастек ауылыма жаяу  тарттым!    Ауылға бір шақырымдай жақындағанда  -  шешем алдымнан жылап шықты!  (келе жатқанымды, көлікпен менен бұрын  жеткендер айтқан болар!)  Шешем  құшақтап, маңдайымнан сүйіп, мауқын басқан соң, «Ай,қу шешегім-ай»  деп, бала кезімдегідей шымшып - шымшып алды!   Сөйтсем  мен хабарсыз кеткен соң  «өлдіге» балаған екен. Бір-аз әңгімелесіп, мауқымызды басқан соң, екі жылда басымыздан өткен оқиғаларды айтып,   түннің бір уағына дейін отырдық...  Ізімді басқан бауырларым - Әбдімомын мен Әбдіқадыр ер жетіпті...

         Бір-аз күн демалып алып, Аудандық білім беру бөліміне барып тіркелдім.   Кәзіргі Қарғалы ауылындағы мектепте мұғалім болып, еңбек жолын  бастап кеттім!   

  Жұмысқа бейімделіп,  жан – жағымдағы адамдармен танысып, бір арнаға түсе бастадым.    Жастықтың албырттығы көкірегімде гүлдей жайнап, болашақтың есігі айқара ашылғандай еді!

 

                               Ашаршылық

     

         Қылышын сүйретіп 1930 жылдар  келе жатты. Ол кезде Аудандық білім беру мекемесінде жұмыста едім! 

   1917 жылы   Ресейде болған төңкерілістің машақаты сол 1930 – шы  жылдары бізге де  сезіле бастады.

     Ресейде Қоғам екіге жарылып,  бірі – «Коммунист» бірі «Буржуй» болып бастаған төңкеріс -  Азамат соғысына ұласты. Халық – бірі «қызыл» бірі «ақ» болып екіге бөлініп, күші жеткені бірін-бірі өлтіріп, тонай бастады.   Ғасырлар бойы қалыптасқан тепе –теңдікті айналдырған бес жылда, коммунистер  төңкеріп тастамақ болды!    Ол соғыстың ұшқыны Қазақстанды шетке қалдырмады.

    Ресейдегі қарбаласты пайдаланып, Тәуелсіздікті көздеген Қазақтың «бетке ұстар» азаматтары  бастаған «Алаш» ұлттық партиясы құрылды.      Бірақ  « жалғыздың шаңы  шықпас» дегендей, оларды  Ресей революциясының көлеңкесі жауып қалды!   Кейін 1928жылмен  - 1939 жылдар арасыда «Алаш» партиясының бетке ұстар  Қазақ қайраткерлерін «халық жауы» деген жалған күнә тағып, ататынын атып, қалғанын он жылға түрмеге жапты!             

   ... Коммунистер бастаған азамат соғысы - Рессей мен Украинаны    ашаршылыққа әкеліп соқты.  Көптеген  орта шаруалар - алдындағы малын, қоймадағы  астығын зорлықпен тартып  алған соң қайда барсын!   Көбісі жеуге тамақ таппай босып кетті!   «Коллективизация»,  «конфискация» деген терминдер сол жылдары коммунистердің  ұранына айналды!  Бұл зорлық – Ашаршылыққа  әкеліп бірақ тіреді!..

    Халықтың жағдайы нашарлаған соң - істеген  қателерін түсінген Коммунистер  --   Қазақ еліне қол сала бастады!

(Филипп Исаевич)  Голощекин деген атпен белгілі болған  коммунисті,  Самара округінен  Қазақстанға – Халық Коммисары  ретінде - әдейі тапсырмамен жіберді!    Арнайы нұсқауды ашық жарияламаса да – Голощекиннің міндеті,  Қазақ халқының  бетке ұстар шаруаларын  --  «контра»  деген атпен айып тағып,  айналдырған бір жылдың  ішінде мал-мүлкін,  вагон – вагонға тиеп,  батысқа айдады!  Украина, Поволже, Дон, жағалауындағы  ашаршылықтан қырылып жатқан халықты   Қазақстаннан алған малмен тоқтатты!

         Есесіне Қазақтар жаппай аштыққа ұрынды!  Өлгені өліп, өлмегені көрші жатқан  (Қытай, Ауғанстан, Түрікия ) еліне өтіп,   жан сауғалуға  мәжбүр балды.   Ленин бастаған коммунисттер, өздерінің эканомикадан мүлдем  сауатсыз екенін осы тұста көрсетті!  

         1917 – жылғы төңкеріске дейін, Қазақ халқының саны шамамен 8-миллион ға жуық болыпты. Ал 1932-ші жылғы ашаршылықтан кейін 2,5 милл. халық қалған! (Автор )         

 

     Бір күні жұмыс бабымен  ауданды аралауға ат арбамен шықтым.  Қасымда НКВД – ның  комиссары бар. Шамамен 40-жастағы ер адам екен.   «Ауылды жерлерде ашарылық болып жатыр»  деген сыбысты естіп жаттық!  Бір-ақ мынандай сұмдық қырғын болады деп ойламаған едім!     Көрші  ауылдарға,  жұмыс бабымен бас сұғуға тура келді...    Жол бойы,  қар үстінде аштан қырылып жатқан адамдарды көрген кезде, қайғыдан көкірегім жарылып кете жаздады!  20-жасқа жаңа толған, жас жігіт кезім еді!

Бұндай бассыздыққа жол берген жоғарғы Үкімет басшылары қайда қарап отыр!  Ішкі дүнием астаң – кестең болды!

Айналдырған аз уақыттың ішінде, қарапайым Халықтың қолында  ұстап -  жанын  бағып отырған малын тартып алып кетсе қайтсын!

     Өз көзіммен,  жазықсыз! - аштан қырылып жатқан халықты көргенде -  ашуға беріліп   - Кеңес   Өкіметін  «жаман» сөздермен  балағаттап жіберсем керек! Қасымда НКВД  комиссары отырғанын ұмытып кетіппін! Бірақ-та ол тымырайып, бір ауыз сөз айтпай,  үндемей отырды.   Ашу үстінде айтқан «қатты»  сөздерім, кейін маңдайыма таяқ болып тиерін ойламаппын!..      Бір кезде, жол бойы өліп жатқан адамдардың арасынан жылаған жас сабидің үні естілді! Мен атты тоқтатып, арбадан түсе бергенде, жаңағы  Комиссар  -  Онда барма! Барғанмен түк істей алмайсың! – деді.  Мен оның айтқанын тыңдамай, баланың үні шыққан жаққа бардым.  Бір әйел баласын көрпеге орап кеудесіне басып жатып, өліп қалыпты. Қасында (киген көйлегінен байқадым) шамамен бес жасар қыз бала өліп жатыр!  Жанында  бір ер адам жатыр. Күйеуі болар – деп ойладым - ол да   өліп жатыр екен!    Көрпедегі бала анасының емшегін емген  қалпында - жылауға шамасы әрең жетіп жатыр екен!   Шамамен бір-екі жасар сәби, басын көтеруге шамасы әзер жетті! Менің   ойланып тұратын уақытым болмады.   Кішкене сәбиді  арбаға әкеліп, көрпеге орап жаткызып жатыр едім,   -  Ол баланы неменеге алдың! Не! Апаратын жерің бар ма еді!  Басыңа бәле іздеп нең бар еді? – дегенде, мен комиссардың көзіне жалт қарадым!  «Сіз өзіңіз не айтып тұрсыз!» деп айқайлай  жаздадым...  Дорбамда «жолға» деп алған, кішкене азық бар еді, соны сәбидің  аузына кішкене салып едім, жеуге шамасы келмеді! Аш карынға көп беруге болмайтынын білетінмін! Сәби сәл су ұрттады да  ұйықтап қалды.  Әбден жылаудан  шаршаған болар!   Кешке ауылға жеткен соң,  тамақты мөлшерлеп беріп отырып,  бетін бері қараттым-ау  әйтеур! Киімін ауыстырғанда байқадым – ұл бала екен!   Жұмыс басты болған соң, баланы бағуға қолым тимейтін еді.  Көрші үйде жалғыз басты кемпір бар. Сол кемпірмен  келісіп, қолына апарып бердім.

 Жұмыста  Үкімет бізге - мамандарына аздаған  спец.паёк  беретін.

   Соны  Кемпірмен бөлісіп, күн көрдік!  Кейін – соғыстан кейін әлгі  кішкене ұлды  жоғалтып алдым...

     1938 жыл.   Елдің арасында «Халық жауы» деген атпен тұтқындалып кеткендер көбейе бастады.  Артынан не  Сот жоқ - не  үкім  жоқ!  НКВД  жендеттері   түнде  қара машинамен  келіп тұтқындап, алып кетуді әдетке айналдырды.  «Қойыңдар! Бұларың не!» деуге қорқатын болдық!       Өзінен –өзі  жоқ болып кеткендер  қаншама!    Әлгі   ашаршылық кезінде менімен бірге ауылды аралаған   НКВД комиссары  -  бір аудандық  жиналыста сөз сөйлеген.  Сол жиналыста  менің коммунистерге қарсы  айтқан  сөздерімді есіне алыпты - мыс.  Содан бастап  НКВД менің соңыма түсіп,  қисынсыз сұрақтың астына алатын болды.  Артымнан ор қазып жүргенін сезіп жүрдім.    

       Дәл сол кезде  Рессей – Финляндияға қарсы соғыс ашты!  Мен еріктілердің тізімне өз еркіммен жазылып,   әскерге  кететін болдым!

   Сол кезде,  есімнен кетпейтін  бір жәй  бар!   Достарым  әскерге шығарып салып тұрғанда,  өзімнен кейінгі бауырым – Әбдімомын  ауылдан арнайы мен үшін келген ғой!  Сонда онымен -  ертең қайта көрісетіндей, асығыс,  «ал жақсы» – деп қоштасып,  жүргелі тұрған вагонға секіріп мініп, кете бергемін ғой!   Не жөндеп шешемнің ден саулығын сұрамаған екенмін!  «Ертеңгі күн қалай болады! Соғыс басталып кетсе, арты не болады», Осы бауырымды қайта көрем бе» деп ойламаған екенмін ғой!..    Кейін сол, қылығым есіме түссе жылағым келеді!..   

        Біздің поезд  Орел қаласына жеткенде, «Фин соғысы тоқтады» деген хабар жетті! Оған біз қуанып қалдық.  Финдермен не үшін соғысқанымызды,  сол кезде түсінбедік те!  Біздің поезд Брест қамалына бет алды.  Әскер қызыметін осы Брест қамалында үш жыл жалғастыратын болдық - деп түсіндік!    

     Күнделікті әскери жаттығу мен саяси сабақ өтумен  күніміз бір қалыпты өтіп жатты.   Саяси сабақтан білгенім;  Германия жаппай қаруланып жатқаны.  Бір-ақ    Ресей мен Германия - бір - біріне шабуыл жасамауға келісіп  – шартқа («Пакт о не наподения»)  қол қойып, дос мемілекет боламыз деп  келісіпті  – мыс!

 Политруктар  «соғыс болуы мүмкін» деген сөзді айтуғ ешкімге  рұқсат бермеді!   Бірақ,  біз  ауызша айтпаса да, іштен сезіп жүрдік!   

          1939жылы Неміс басқыншылары Польшаға басып кірді!      Ағылшын және Франсуз  мемлекеттері -  Польшамен  Одақтас болғандықтан,   (өзара келісім бойынша)   олар да  қолдарына қару  алуға тура келді!     Кеңес Өкіметі – «Капиталистік мемлекеттердің қақтығысына шатағымыз жоқ!» деп жалтарды!  Ал Гитлерге де  керегі осы еді!  Сөйтіп Екінші дүние жүзілік соғыс басталып кетті!.. 

         Негізі  -  1914 жылы   Бірінші Дүние   жүзілік  соғыста                  - Ресей, Франция, Ағылшын елдері  Одақтас ретінде бірігіп    Гермпнияға қарсы соғысып - жеңіп шыққан!

 Ал 1917 жылғы Революциядан  кейін, Ресейдің сыртқы және ішкі  саясаты мүлде өзгерген!    (Автор.)

   Брест қамалынан жеті шақырым жерде - қалың  орманда   орналасқан  қару – жарақ  қоймасы бар болатын.  Сол қойманы - бір жетіден -  екі взвод кезектесіп күзететінбіз.  Соғыс басталардан екі күн бұрын біздің кезек келіп -  қойманы қабылдап алған едік!

                             

               

                                 Ұлы отан соғысы

 

          22-Июль күні таңғы сағат төрте гуілдеген алапат басталып кетті!  Бізге рота командирі  рациямен,  соғыс басталғанын хабарлап үлгерді. Содан кейін байланыс мүлде үзілді!

  Біз  күзеткен   қойма  Брест қамалынан алыста орналасқаннан  болар - жарылған зеңбірек, аспанда ұшқан самалеттің гуілі, бізге қатты естілгенімен,  әзірге жаудың жаяу әскерін  көрмедік!..  

Біз күзетекен Қойма, жартылай жер астына жасырынып салынған. Жау көзіне оңай байқалмайтын!  

   Екінші күн өткенде - жол бойын жағалап келе жатқан  жаяу әскер  калоннасын көрдік!  Үстілеріне кигені парадта киетін форма!      Рота командирінің бұйрығы бойынша -  қоймадан жеті станокты пулемётті алдын ала дайындап қойғанбыз!  Жол бізден жүз метр жерден өтетін.  Жау  біздің тұсымыздан өте берген кезде «Атыңдар» деген команданы ести сала - пулеметтерге ерік бердік!  Айналдырған бес минуттай уақытта,  алдымыздағы  алаңдағы жауды жайпап салдық!  Немістердің  тірі қалғаны қашып үлгерді! Біз алғашқы жеңіске риза болып, қаруларымызды қайта оқтап үлгердік!    Сол кездегі біздің ойымыз;  «Біздің қызыл әскерлер көп кешікпей шабулға шығып, бізге көмекке келеді!   Біз  жеңіске жетеміз!» – деп,  біздің басымызға құйып қойған ғой!  Соған сеніп , кеудемізден «жел есіп» тұрғанбыз!       Кенет төбемізден немістің истребителдері ұшып келіп , бомбалай бастады!..    

          Бар есімде қалғаны;  Аспанға  қарасам,  немістің самолеты  төбемнен шүйіліп келе жатқаны!     Гүрс еткен жарылыстан кейін, ештеңе білмеймін!..                          

                                           Тұтқында

          

             Қанша уақыт өткенін!  Қайда жатқанымды мүлде  білмеймін. Алған  жарақаттан басым ісіп кеткені сонша,  екі көзім жабылып, ештеңе көрінбейді. Ол аз болғандай екі құлағым да ештеңе естімейді екен. Шамамен ашық аспан астында жатырмын.  Күннің көзы күйдіріп барады.  Оң  қолымды ақырын қозғап  көрсем - жыбырлайды екен!  Жақын маңда біреулер жүр-ау деймін, адамдардың даусы  дүңгірлеп естіледі.  Шөл қысып шыдатпай барады.   «Воды!» деген сөзді бір-екі рет әрең айттым.  Біреу естіді ме – қайдам!  Қанша уақыт өткені белгісіз. Даусым әрең шығып, тағы да су сурап едім – біреу аузыма су тамызды.  «Здесь есть кто ни будь»  деп бір-неше сұрап едім – біреуі бірдеңе деп  жауап берді. Бір-ақ мен естімедім.   Қасымда біреу бар-ау деймін, анда санда аузыма су құйып кетеді.          

   Түннің уақыты-ау деп жорамалдадым! Күннің ыстығы қайтып, сәл салқындағандай болды. Біраз дан кейін жел соғып, жаңбыр жауды.  «Ашық күннің  астында жатқанша  осы дұрыс болды» деп ойладым. Ертесінде саусақтармен қабағымды ашып көрсем – оң  көзім көретін түрі бар! Тек  ісігі қайтпай - көзім ашылатын  түрі жоқ.  Екі саусағыммен  қабағымды ашып,  жан - жағымды бағдарлап қарадым да - немістерде  тұтқында отырғанымды  бірден түсіндім!

       Бомба жарылғанда, топырақ пен құм жарықшасы сол жақ шүйдеме  келіп тисе керек!   Қолмен ұстап,  сипап отырып,  жарақаты майда  құмнан тазартқан болдым! Қан сіңіп, жараның беті қатып қалыпты.  Құлағымның естімеуі - жарылыстың күшті дүмпуінен шығар» деп шамаладым!    Алған жарақат айтарлықтай ауыр емес екен!    Ең бастысы – айяқ-қолым аман екен!  «Жасаған Ием!  Тәубә!» деп үш рет қайталадым!  Шешемнің «үш адым алға бассаң екеуіне тәубә де»  деп   айтатыны есімде!

      Бір кезде,  қасымда отырған адам жақындап, екі қолымды бір – біріне тақап ұстап бірдеңе деді.  « Алақаныңды жай» дегенін түсіндім. Бір кезде біреу,  алақаныма жылы бір нәрсе құйды.  Тамақ шығар деп, аузыма апарып асап-асап жібердім! Қарны  аш адамға бұндай кезде «у»  берседе ішер еді ғой!

        Осылайша бір неше күн өтті. Басымдағы ісіктің беті қайта бастады. Көзім сығырайып сәл-сәл көре бастады. Жан-жағымды бағдарлап қарасам – темір тікенмен қоршаулы алаң екен. 

 Күнде ішіп жүрген тамақ – не тамақ екенін түсінбедім! Әйтеуір тұзы татымды, бірақ  сылдыр су татыйды.  Бірақ алақаныма түскен тамақ - аш қарынға жұғын болмайды екен.  Тамақты тек алақанға құйып береді. Басқа ыдыс тұрмақ - қасық та жоқ!  Бір күні, басыма бір ой келді!   Үстіме киген гимнастерканың жеңі жыртылып жерде жатқан. Соны сөгіп алдым да,  жерге кішкене құдықша жасап, жаңағы жыртындыны  бетіне  төсеп қойдым.    Неміс солдаты маған  тамақ құйған кезде, жаңағы құдықшаның үстінде алақанымды  ұстап тұрып ішетін болдым!  Тамақтың тамшылары жаңағы құдықшаға төгіліп, сірне болып қатып қалатын.  Біраз күннен кейін жаңағы жеңді көтерсем, астындағы балшық кәдімгі табақ секілді болып қалыпты! Тамақ тасыған солдат тамақты жаңағы табағыма құйып жатып – Оу-у! Гуд!Гуд – деп мақтап кетті.

         Шамамен бес шақырымдай  жерде зеңбірек жарылып, атыс болып жатқанын естіп отырмыз.  

 Соғыс басталғалы   көп  болған жоқ!  «Біздің әскерлер әне-міні дегенше келіп қалуы керек» деп үміттеніп қоямыз.   Қасымда отырған өзім секілді тұтқындармен танысып алдым.

       Солардың айтуы бойынша, менің қасымда бір жаралы жауынгер  болған. Сол екеумізді  машинамен  әкеліп тастапты.  «Ол жауынгер кім болды екен, тірі болса қайда жатыр екен » деп ойладым. Жанымдағы көршім,  « сенімен бірге келген жауынгердің төс қалтасынан коммунистің кітапшасын тапқан соң, жаңағы солдатты көрші боксқа алып кеткен!» – деді.  Сонда  ғана -  мен  өзімнің төс калтамды қарадым! Не әскери билетім жоқ! Брест қамалында жүргенде жарыста алған, «Отличник РКК» деген медальдің куәлігі де жоқ екен!  Ал керек болса! Ертең біздің әскер оралғанда не айтамын.  Өзімді кіммін деймін!  Брест қамалында жүргенде  рота командирі – «документті қасқалдақтың қанындай сақтаңдар» деп басымызға күнде құятын! Сол сәт ойыма келді.  Бір-ақ артынан өзімді – өзім  «Біздің әскерлер айтсам жағдайды түсінер» деп  жұбаттым.      Ал енді менімен бірге  әкелген жауынгер кім?.. Оны қайда жіберді екен! Деген ой келді.

    Уақыт жылжып өтіп жатты. Күнде естіліп тұратын атыс барған сайын азайып бара жатқан секілді.      Бір күні бір жүк машинасы келіп тоқтады. Екі неміс машинадан түсіп, артқы бортты ашып, кузовтағы адамдарды айғайлап жүріп түсіре бастады. Шамамен 30 ға жуық біздің әскердің жауынгерлері екен. Арасында  жаралылар да бар екен.    Бәрін біздің арамызға әкеліп қосты. Майданда болып жатқан жаңалықты осылардың біреуінен естідік!

  Біздің  әскерлер шегініп бара жатып, Минск – Киев қалаларын Немістеге қалдырыпты!      Біздің естіп жүрген соғыстың даусы     Брест қамалын қорғап,  қоршауда қалған қызыл әскерлер екен!

 Майдандағы  жағдай біз ойлағандай болмай шыққанда, біздің қатарымызда паникёрлер де табыла бастады!   Үмітсіз «шайтан» демекші,  менің үмітім үзілмеді.  Кеш батып, ертеңгі таңды атырғаныма риза болып жүре бердім!  Ішкен тамағымыз мардымсыз болғандықтан, бір айдан кейін денемізде тек сүлдеміз ғана қалды.

  Күзге қарай күн салқындай бастады.  Немістер де суықты сезе бастады-ау деймін. Біздің де қатарымыз күннен – күнге  көбейіп келеді. Мына қалпында санымыз өсе берсе, жақын арада мына қоршауға сыймай қаламыз. 

      Бір күні екі машина солдаттар келді.   Бәрімізді  қоршап алып, жайяу айдап, батысқа - Польша жеріне  қарай бет алдық!    Жеті шақырымдай жер жүрген соң - жаңадан салынған барактарға алып келді. Жатар жерге шөп төселген екен. Келе сала құладық! Өзіміз арықпыз. Ішкен тамағымыз мардымсыз. Қабығы аршылмай картоптың сорпасынан  басқа ештеңе ішпеген біз - келе сала  құладық! Барактардың қабырғасы бөренеден қаланған  - төбесі жақсы  жабылған екен.   «Ашық далада жатқанша мына барак жақсы болды» деп жатып, ұйықтап кетіппін!..

     Ертесінде таң сәріден ойятып, сапқа тұрғызды. Байқағаным -мына жерде басқа әскер түрі қызымет етеді екен! Дауыстары ашық, мінездері қатаң екен! Ұстағаны әскери тәртіп!  Мыналарға қарағанда « Бұрынғы темір қоршаудағы неміс солдаттары «айналайын» екен ғой!» -- дедік.   Бір унтер офицер, қасында екі солдат - біздің сапты басынан аяғына дейін өтті де -  мені, тағы үш адамды қолындағы таяқпен нұқып - «сен,сен, - менің артымнан жүріңдер»  деді. Бір жеке салынған баракқа келдік. Сөйлеген сөзінен байқадым; орыс тілінде таза сөйлейді екен.  Мына бөлмеге  ошақ саласыңдар, түсінікті ме? – деді.  «Орыс тілін қайдан біледі екен» деген ой келді.    Қасымдағы екеуі жұмысқа жақсы екен, бірақ  пеш жасап көрмепті. Мен пешті жасағанды бала кезімде  бір неше  рет көргенмін. «Жиенқұл нағашымның орыс жалшысы бар еді» деп әңгіменің басында айтып едім ғой - сол орыс шал пеш жасайтын.  Шалдың қасында жүріп  үйренгенім,    осы жерде үлкен  пайдасы тиді. Пешті қолымнан келгеше салып бердім.  Жұмыс біткен соң, жақсылап тамақ берді.  Артынан  жаңағы унтер офицер бір сұрақ қойды, «шошқа бағу қолдарыңнан келе ме?» деді. Мен шошқа бағып көрмесем де «да» дедім. Орысша  «шала» білетінмін.

Байқаймын бұл бір үлкен  Лагер болатын түрі бар. Осылай күніміз  өтіп жатты.

       Бір күні біздің лагерге  жүк машинамен оншақты тұтқынды әкеліп тастады.  Арасындағы бір-екі адамды шырамытып таныдым.  Жақындап барып қарасам; Брест қамалының гарнизон командирі   Майор Говрилов екен! Түрі адам танымастай өзгерген! Аштық пен қоршаудың қасіреті оңдырсын ба! Үстіндегі офицердің формасын ауыстырып, қатардағы жауынгердің киімін киіпті.   Мені тани ма деп, қасына жақындап сәлемдесіп көріп едім - маған қарады да танымады. Оны түсіндім! Гарнизондағы  солдаттардың қайсы – бірін есінде сақтасын! Мінезі тік, бірақ әділетті болатын!    Мен оған  қолымнан келгенше көмектесіп бақтым! Шошқа қораны тазалағанғанда  тиетін «нәпәханы» бөліп  жеп жүріп, сәл де болса бетін бері қараттық!  Кейнірек  отырып әңгімесін айтып беретін болды. Соғыс басталғанда Брест қамалы қоршауда қалған. Майордың гарнизоны  қоймада оқ – дәрі, ішетін тамақ  таусылғанша айқасқан.  Бәрі таусылған соң – Полктың Қызыл туын жерге көміп,  тірі қалған – жаралылары, амалсыз жау қолына берілген!    

   ( Кейін, 1970-шы жылдары,  Әкемді Аудан Воиенкоматы шақыртып – Майор Говрилов жазған  « На берегу Буга» атты кітабын табыс еткен! Сол кітапта Әкем екеуі тұтқындағы көрген өмірді  атап айтқан! (Автор...)    

       

   Майор Гавриловтың әйелі  қамалда бомба жарылысы кезінде   қайтыс болған екен. Сондықтан болар фашистерге деген ашуы қазандай еді.

         1943-жылдың басында, майданнан  «Фашистердің  сағы сынып, беті бері қайтыпты! Бұйырса біздің әскер шабулға шығады екен!»деген сыбыс естіп қуанып қалдық!   

       Бір күні Гаврилов сыбырлап отырып бір ұсыныс айтты; «екеуміз   дайындалып - лагерден қашуымыз керек, Көп адам қашсақ,  көзге түсіп - ұсталып қаламыз. Сондықтан екеуміз ғана қашамыз. Тапсақ – партизанға қосыламыз,болмаса қызыл әскерді күтеміз.  Осылай жасамасақ, қызыл әскер жақындағанда  немістер бізді атып тастайды – не Германияға  айдап алып кетеді!» – деді.  

      Мен жақсылап ойлануға уақыт сұрадым. Бір шешімге келсем, екі күнде жауабын айтуым керек!     Әрине – қашу оңай емес! Бірнеше кедергілер бар. Темір тордан өтудің өзі бір ғанибет. Төрт бұрыштағы мұнараларда, бір - бір қарауылдан бар. Қолдарында  бір - бір пулемет!   Түнде  жан-жақты бақылайтын прожектор - кеш батса болды тыным таппайды!   Арсылдаған иттері тағы бар.   Барактан шығуын шығасың ғой. Арғы жаққа өту...

        Қазақтың мақалы бар! «Былай тартсаң арба сынады – былай тартсаң өгіз өледінің» кері келіп тұр!     

« Ал егер тыныш жатып, қызыл әскерді күтсем қалай болар еді» -деп те ойладым!    Соғыстың алдындағы жағдайымды ойласам – төбе шашым тік тұрады!  «Соғыста пленде болдым» десең – НКВД-ның «төбет иттері»  басыңнан сыипамас!  Тырнақтың астынан кір іздеп - жоқ нәрсені табар! 1939 – ші жылы Фин (компаниясына)  өз еркіммен «доброволец»  болып - жетіскеннен кеткен жоқ шығармын!

      Орыстың мақалы «риск – блогородное дело» деуші еді ғой!

 Майор Гавриловқа жауап беретін күн де жақындады. Күндегі жұмысым -   қора тазалаған соң, бараққа келдім.  Гаврилов «не дейсің»дегендей маған қарады. Мен келіскенімді білдіріп, басымды «изедім». Майор тамақ ішіп отырып – менен көз алмай узақ қарады.  «Бұл не ойлады екен» деп ойладым. «Жас жігітпен байланысып – бәлеге қалып жүрмесек болды» деп ойлаған  шығар.   

 Ретін тауып оңаша шығып, ақылдасып алдық!  «Бұл жоспарды    екеумізден басқа ешкім білмесін!» - деп қатты ескерті!

           Екі күнде бір рет,   ат арбамен бір жұмысшы - лагер сыртына суға барады екен.

  Арбаға су тасыйтын темір бочка орнатылған.  Сол бочкаға екі адам еркін сыяды екен.   Оны күнде көріп жүрміз.

  Біздің жоспар бойынша - таң атпай бочканың ішіне еніп – байқатпай лагердің сыртына қашып шығу!    Бірақ су тасыйтын жұмысшының кім екенін білмедік. Ешкімге байқатпай – ұлтын, қайдан шыққан адам екенін білмек болдық!  Ол міндетті мен өз мойныма алдым. Таң ертең қора тазалауға бара жатып, арбашының қасынан өтем. Сонда бақылап көрмек болдым. Ертесінде қасынан өтіп бара жатып – темекі сұрадым.  Бір-ақ ол үндемей құтылды.  Менімен қора тазалап жүрген орыс жігіті - «ол мақау»  және нашар  естиді – деді. Қора тазалап болған соң,  майор Гавриловқа білген  жағдайды айттым. Біздің жоспар бойынша – су тасыйтын бочкамен лагерден қашып  шығу.  Басқа амал жоқ!  Барлық вариантты ақылға салып көрдік! 

         Таңға жуық, барактан ұрланып шығып, бочканың ішіне тығылдық!  Суға ерте баратын «мақау» арбашы, атты арбаға жегіп, шығатын қақпаға бет алды! Аузым жыбырлап – білгенімше құдайға сыйынып отырмын. Қақпа ашылып, сыртқа шығып үлгердік! Әзірге ешкім байқамаған секілді.   Лагерден алыс кеткен кезде бочкадан секіріп түсіп, орманға қарай қаша жөнелдік!   Арбадан ұзай бергенде басымды бұрып,  артыма қарасам – «мақау» арбашы көзі бақырайып, біз жаққа қарап тұр екен!  «Осы мақау арбашы  немістерге айтып қоймаса болды» деп --  мойорға қарадым.  «Айтпаса одан арман! Енді бізге бәрі бір» деді майор өзіне сеніммен! Біраз жүгірген соң майор ентігіп жүре алмай қалды! Тоқтап сәл тыныс алмасақ болмады. Екеуміз де  құр сүйегіміз қалған арықпыз.  Сәл тыныс алған соң --  қайта жүгірдік. Бір кезде майор теңселіп барып құлап кетті!  Немістер сезіп,  ұстап алмай тұрғанда қашу керегін ойлап, Майорды қолтықтап жүре бергенде, қарсы алдымызда жатқан тікен - темір матогіне келіп құладық! Немістер жерге    арық қазып, тікен матокты салып, бетін  қураймен жауып қойған екен! Сәл қозғалсаң тікен моток үстіңе орала береді екен. Ал енді арықтан шығып көр! Екеумізде әл жоқ!  Бір-аз тынығып алып, кіріспесек болмайтынын түсіндім. Ең бастысы арықтан артқа қарай шығу керек екенін түсіндік! Бір-ақ кеш қалдық!   

        Көпке ұзамай машина даусы мен, үрген иттердің даусы таңғы орманды жаңғырта, бізге қарай келе жатты!..

         Есімді білгелі жемеген соққыны осы жолы армансыз алдық! Майор да өзінің сыбағасына  «армансыз тойды»!  Екеумізді апарып көрші барактың ар жағындағы темір қоршаудың ішіне  қамады.

        Өзіме - өзім   келгенде  жан – жағыма  қарасам елу шақты тұтқынды осы боксқа бөлек  қамапты. Жағдайлары бізбен салыстырғанда анағұрлым нашар екен.  «Бұлардың бізден  не айырмасы бар екен» – деп ойладым.  Сұрастыра келе  білгенім – бұл жерде жатқандардың  көбісі коммунистер, офицерлер, ішін ара еврейлер екен!  Неміс әскері екіге бөлінеді. Жайау әскер,  және СС – командасы деп! Бұрын СС командасы жиі келіп, еврейлер мен коммунистердің ататынын атып - дарға асатынын асып кетеді екен!  Кейінгі кезде неміс  әскерлері  Курск – Орел  доғасынанда жеңілген соң,  немістердің беті бері қайтыпты.  Аты- жөні жоқ, тұтқындарды өлтіруді қойған секілді.                                   

    Күңгірлеген соғыс үні біртіндеп жақындап келе жатты.        Көкірегімде үміт оты күннен күнге өрши түсті. Бір күні, жақын маңнан оншақты сомолет ұшып өтіп бара жатқанда, бүйіріндегі қызыл жұлдызды көріп қалдым!  Қуаныштан көзіміз отша жанды! Бір-ақ үнімізді шығармадық. Даусымызды немістер естіп қойса не болары белгісіз еді! 

     Бір күні таң ертең немістер жүк көлігіне жүктерін тиеп,  тайып тұрды! Осылайша біз үшін соғыс аяқталды!

Майормен жеңістен кейін екі рет хат алысытық. Содан кейін хабар үзілді!  Кейін 1973жылы,  посылка арқылы Брест қамалы  туралы жазған,  «На берегу Буга» атты  кітабын алдым!       

        Сол кітабында майор Говрилов  менімен бірге пленнен қалай қашқаны туралы қысқаша жазыпты. Соғыстан соң, полк туын  көмген жерінен қалай қазып алғаны туралы   фотосын  шығарыпты!..

                           

                                                             Репрессия!       

         

      Қызыл әскерлер келгенде, қоршаудың ішінде   біздің құр сүлдеміз ғана тұрған еді!..  Не керек!  Әйтеуір сүйретіліп  жүріп, бір ай шамасында ауылға жеттім-ғой!..   

       Ауылға келсем - біз тұрған жер үйдің  үйіндісі ғана қалыпты...       Мен кеткелі - шешем мен кіші інім Әбдіқадыр ауырып - осыдан екі жыл бұрын  қайтыс болыпты...      

      Мені әскерге шығарып салған Әбдімомын  да - менің артымнан әскерге кеткен екен!  Сол кеткеннен хабар – ошарсыз кетті...  Кейін көршім – шешем қайтыс болғанда - қасында қалған   сандықты   үйіне  алып қойыпты. Сол сандықты ашсам, Әбдімомынның   1941 шы жылы жазған соңғы хатын сандықта  сақтаған екен.  Ол хатында, бір деревняның қасында соғысқа кіргелі тұрғаны жайында жазған екен!  

      Соғыста жоғалған документтерді қайта қалпына келтіру үшін бір-аз жүгіріп - жұмысқа шықтым.  Екі жылда  есімді жинап - бір қалыпты тіршілікке   ене бастадым.

   1948 жылы  Гүлжаған есімді  бір қызбен күңіл қосып , семья құрып  жарты жылдай бірге тұрып жатқанбыз!

       Бір күні, Аудан орталығына барғанда,  НКВД – комиссарымен көшеде кездесіп қалдық!   Ол мені көрген кезде, «алтын» көргендей таңырқай қарады.   Маған - соғысқа дейін таққан «күнәсын»   ұмытқан шығар деп ойлағанмын!      Сәлемдесіп   қолымды беріп едім – алмақ тұрмақ жөндеп   қарамады!   «Бұлар маған неге сонша өшігіп алды!  Маған  ор  қазатындай - менің не жазығым бар еді!  «әкесі өлгенді  де естіртеді!» демекші – күнәм болса  неге айтпайды!  

     Кейінгі кезде осы мәселе жәйлі  көп ойлайтын болдым! Жалғыз мені ғана емес.  Басқа  адамдар да бір түнде жоқ болып кетіп жатыр!  Кәдімгі  «сүттің қаймағын сүзіп алғандай» ең зыйалы адамдарды таңдап тұтқындайды! Тағатын кінәлары  «халық жауы» деген «жала атақ»!                   

       Осылай «екі ойлы» болып жүргенде, түнде біреулер келіп  есік қақты!  Ойымда  еш жамандық  жоқ - есікті ашып едім,  әскери киім киген екі адам үйге кіріп келді де:

 - Сенің атың Баяндин Әбдіғали ма? – деді.  Мен «иә!менмін» дедім.   – Бізбен бірге жүр!—деді. Басқа ештеңе айтпады! Жас келіншегім Гүлжаханменмен қоштасып үлгердім. Оның жүрегі  бірдеңе сезді ме – жылап жіберді!  Мерзімі үш айлық – жүкті  еді! «Енді қайтым.  Бірақ өкіметтің маған тағатын күнәсы жоқ, біраз уақыт ұстап жіберетін шығар» деген ой келді!  «Үмітсіз – шайтан» - демекші, жамандыққа қимадым. Есік алдында қара машиа күтіп тұр екен.  Алматы қаласындағы  бір үйдің жер асты бөлмесіне алып келіп, жауып қойды.  Камерада екі  күн тамақ бермей ұстады. Тамақ берсе де, ішуге тәбетім болмайтын еді. Бұндай кезде басыңа не бір жаман ойлар келеді екен. «Қандай күна тағар екен! Ертеңгі күні не болар екен!» деген жаман ойлар миымды жегірдей жеді. Қараңғы бөлмеде жатқалы үшінші күн дегенде бір ұлты орыс НКВД майоры келіп – шамды жаққанда көзім жөндеп көрмей қалды. Жарты сағаттай уақыт өткен соң жарыққа үйрендім.  Сәлемі жоқ -  бір-аз уақыт бетіме қарап отырып, бір қағаздарды толтыра бастады.

  Бір кезде мағынасыз сұрақтарды қойя бастады. «тұтқынға қай майданда түстің. Қандай оймен берілдің. Қанша уақытқа берілдің.» деген мағынасыз сұрақтарды қайта – қайта сұрай берді.  Бір-аз уақыттан кейін жаңағы сұрақтарды басынан бастап  қайталап сұрай  берді! Мен майор Гавриловпен бірге Брест қамалында болғанымды, бірге  жараланып тұтқында болғанымды айтып бердім.  Осылай мағынасыз сұрақтармен бірнеше күн өтті!  Бір күні - кешегі сұрақтарын қайталай бастап еді:

 - Менің  кешегі  сұрақтарыңа қосатын жауабым жоқ! – деп едім

 – Майор орнынан  тұра салып, жағымның астына, жұдырықпен бір ұрған кезде, есім ауып, шалқамнан құлап түстім! Осылай мағынасыз тергеуден жалықты-ау деймін - шамамен бір жетіден кейін –  «халық жауы» деген күнә тағып  сібірдегі лагерге   жер аударып жіберді. «Халық жауы» деген - ауыр жаза. Мұндай шешімге  «үш адам» қол қояды!   Олар – не ату жазасын, не жиырма бес жылға түрмеге жабады.  Екеуінің біреуін тағар!   «Жиырма бес жыл абақтыда шірігенше, өлгенім артық» - деген ой келді.  

    Бір-ақ «үмітсіз – шайтан» деп халық бекер айтпайды. «Не де болса артын күтейін» деп ойладым.

        Қолыма кісен салып, үстіме фуфайка кигізіп, қара машина мен вокзалға алып келіп, бір вогонға отырғызды. Ескі вогонның ішінде тек жату үшін шөп төселіпті. Басқа ештеңе жоқ екен!   Жол бойында  бір станциядан, қасыма өзім секілді бір екі «саяси тұтқынды»  қосты. Келесі бір станцияда дәрет алуға мүмкіндік берді.  «Тамақ» деген аты ғана -  ботқа мен су берді.  Конвойдан сұрап, қайда баратынымызды білмекші болып едім,  –  «Не положенно!» деді.  

        Жол бойы - «қайда апара жатыр», «не күнә тақты», «қанша жылға» - деген сұрақтар маза бермеді!   Бір-ақ,  қолдан келер еш шара жоқ екенін түсінген соң – тағдырымды бір Аллаға сеніп тапсырдым да – Тәуба дедім; басым аман болсыншы! Қалғанын маңдайға жазғанын көрермін» дедім де - еш нәрсе ойламауға тырыстым!

    Біз  мінген поезд жарты сағат сайын тоқтап, қарсы келе жатқан составты өткізумен болды. Өстіп жүріп бір ай шамасында, керекті станцияға келіп түстік. Жүруге шамам жоқ. Әрең дегенде, жеткен жерге келіп құладым. Жан – жағыма қарауға шамам болмай – ұйықтап кеттім...

        Қанша уақыт өткенін білмедім. Ойянсам аузымнан слекей ағып, бір қолымды астыма басып ұйықтағаннан  – қолым ұйып қалыпты! Байқасам,  кісенді шешіп алып, қолымды бос қойыпты.

Бір айға жуық қолыма қысып таққан кісен, білегімді қажап тастағаны сонша, жара бола бастаған еді!     Басымды көтеруге шамам келіп, жан – жағыма көз сала бастадым.  Байқасам - алғашқы жатқан жерден ауыстырып – дәретхананың қасына әкеліп  жатқызыпты.  Жағымсыз иісі қолқаңды жарады. «Енді жетпегені осы еді» деп ойладым. Бір-ақ қолдан келер шара жоқ еді! 

    Есімді жыйған соң,   жан – жағыма көңіл бөліп, қарай бастадым. Байқасам - жаңа көршілерім мен секілді саяси тұтқындар болып шықты. Бір-аз уақыт өткен соң танысып, әңгмелесіп кеттік.  «Кемедегінің жаны бір» демекші – айтатын сырымыз да «жырымыз» да бір болған соң -  бір бірімізді тез түсіндік.   Әсіресе есімде қалғаны - Константин Петрович!  Өзі білімді (тарих ғылымының профессоры) болған. Кезінде  көптеген ғылыми еңбектері жарияланған екен. Сол еңбектері үшін «халық жауы» деген айып тағылып  жиырма бес жылға түрмеге жауыпты.  Қысқа сөйлеп, шындықты ғана айтатын еді. Кейін ойлап отырсам, айтқандары ақылға қонатын.  Кезінде Ақ патшаның жіберген қателіктерін, Лениннің кім екенін, мен содан білдім!

         Оның айтуынша;  Владимир  Ильич  Ульянов (Ленин) - кезінде Ақ патшаға қастандық жасаған Александр Ульяновтың інісі екен!  Ақ Патша – Лениннің Ағасын – өзіне  жасаған қастандығы үшін өлім жазасына кесіп, дарға асып  өлтірген екен!   Ағасын жазалағанын кешіре алмаған Ленин – Революциядан кейін  Өкімет басына өзі келген соң,  Ақ патшаны семьясымен  Свердловск  қаласында бір бөлмеге қамап ұстаған. Еш күдігі жоқ, жайдан-жай жатқан Ақ патшаны, әдейі жіберген    жендеттердің қолына берген!  Ал жендеттер  -  патшаны, семьясымен  бірге   айуандықпен атып өлтіріп, орманда бір шұңқырға тастай салған ғой! 

      Петровичтің ойынша – Ленинге Октябрь  революциясын жасауға Германия мемлекеті   ақшалай көмек көрсеткен.

     Әйтпесе - ғұмыры жұмыс істемеген Ленин – ақшаны қайдан алған!  Революция жасап, халықты дүр сілкіндіру үшін қыруар ақша  қажет етеді!   

   1917 жылы февраль айында, Ақ патша  (Николай 1) - өз еркімен тақтан бас тартып, Үкіметті «уақытша өкіметке» берді емес пе!    Ал  «Уақытша Үкімет» Гос. Думаны ұйымдастырып үлгермеді!  Сол арада Ленин Финляндия арқылы шекарадан өтіп, Октябрь ревалюциясын  жасап, қысқы сарайды басып қалды!

      Ленин –  халықтың алдына шығып сөз сөйлеудің шебері! Филосов, Агитатор, Организатор болған!   Ол - әркімнің қолынан келе бермейтін өнер!

     Ревалюцияның кесірінен орыс халқы – бірі ақтар, бірі қызылдар  болып  екіге бөлінді, бір-бірімен соғысқан!   Тіпті ағайынды екі адам  екі жаққа бөлініп – бір-біріне оқ атқан ғой!     ( Бұл әкемнің айтуынша - Константин Петровичтің пікірі еді!  Автор)

    

        Бір күні, біз жатқан барактың төр жағынан таныс  музыкалық аспаптың даусы шықты! Жақын барып байқап көрсем - Италияның мандолино атты музыка  аспабы екен!  Алматыда – пед.ущилишеде оқып жүргенде ойнап көрген едім. Музыка пәні мұғалімі – сақалы шүпшиген орыс шал – маған  аздап үйретіп еді!   Иесінен рұқсат сұрап, қолыма алып,  ойнап көріп едім – ұмытпапын!   «Амурская волна»  атты туындыны  білгенімше тарта бастап едім – қасыма бір неше адам жиналып қалды. Домбыра тарта білген адамға -мандолина тартудың еш қиындығы жоқ еді!  Бір күні бір мужик келіп – менімен жүр! – деп қысқа қайырды да, өзі алдыма түсіп кете берді. Мен жанымда отырғандарға қарап едім; - Артынан  ілес! -  деді.  «Бұл кім» деп сұраған да жоқпын. Айтпаса да түсінікті еді.  Бұл «паханың» «атқошысы» еді. Қысқа уақыттың ішінде түрменің «жазылмаған заңын» түсіну қыйын емес еді.  «Пахан» мені көрген кезде таң қалғанын жасырмады. Қысқа ғана - «Ты кто по наций» деді. Мен өзімді қысқа ғана таныстырдым! Мән-жайымды білген соң мандалино да ойнап беруімді сұрады.  Қолыман келгенше ойнап бердім. Бір-екі күннен кейін дәретханадан алшақ жерден орын алып берді. Сөйтіп музыкаға жақын болғаным, тағы да бір көмегі болды.         

     Күзге қарай ауа – райы күрт өзгерді. Мурманск кольский түбегіндегі кәсіби порт қала екен. Біздің міндетіміз ағаш кесіп, вагонға тиеу  екен!  Таңның атысы мен – кеш батқанша жүмыста болып, жатарға  баракқа келіп, шаршап құлайтынбыз!

    Бір күні,  жұмыстан келгенде байқадым – Петровичтің  орнында басқа адам жатыр. Қасындағылар оны  қайда аударғанын  білмейтінін айтты. Петровичті басқа баракқа ауыстырып жіберіпті – мыс дегенді «ұзын құлақтан» естідік.  Бірақ тірі болса  бір хабары болар еді ғой!  Содан қайтып ол туралы еш хабар болмады.  Адам «із-түзсіз» жоғалды дегенге «құлағымыз»  үйренеді екен!  

             «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» демекші – солтүстіктің   суығын қыс түскенде көрдік!  Жергілікті тұрғындардың айтуынша - сол жылдары қыс айрықша суық болыпты.  

Қақаған суықта жұмыс жасағанды көз алдыңызға елестетіп көріңіз!    

 Бірінші күні-ақ айяқтарын үсітіп алғандар болды. Мен кешке дейін әрең шыдадым! Қыймылдап, қызу жұмыс істесең шыдауға болады екен! Кешке баракқа барғанда «пахан» адамын жіберіп шақырып алды. Жағдайымды  сұрап білген соң  «айяқ-қолдарыңды жылы ұста, үсітіп алма» - деді де, қолыма тері қолқап, аяғыма офицерлер киетін  пима  берді.  «Рахметімді» айтып, жататын орныма қайтып келдім.       

      «Паханның» маған -  тұған әкемдей «қамқорлық» көрсеткені -  ыңғайсыздық тудырды.   Басыма неше түрлі ойлар келді. Өзімді «паханға»   қарыз адамдай сезіндім.  «Бәлкім мені «музыкат»  ретінде ғана сыйлайтын шығар» -  деген ой келді де, осы ойға тоқтадым.  Бір-аз күннен кейін аяздың беті қайтып, теңіз жақтан соққан қарлы  жел тұрып, арты қарлы боранға айналды. Лагер басшысы ауа райына қарап, жұмысты тоқтатып қойды.  «Пахан» мені – жалдап алған музыкантша жанына отырғызып қойып – «ана әнді білесің бе?. Мына музыканы ше?» - деген сұрақтармен мүмкіндігімді тексеріп көрді де - шаршады-ау деймін - бір кезде мазалағанын қойды. Шешем айтатын бір мақал бар еді:  «Айдағаның бес ешкі – ысқырығың жер жарады» демекіші  - училищеде шалдан үйренген үш-төрт музыканы ғана білемін, басқа білмеймін!» - деп шындықты айттым!     Бір-ақ  анда-санда шақырып, жақсы көретін музыкаларын ойнап беруімді сұрайтын.  Күніміз осылай бір қалыпты өтіп жатты.  

  Көктем келіп күн жылына бастап  еді  біздің баракта сүзек  ауруы пайда болды! Көп адамдар көпке дейін,төсек тартып орындарынан тұра алмай, жатып қалды.  Ауруларды  бәрімізден  бөлек баракқа   оқшаулап жатқызып тастады. Бір айдан аса  олар жатқан баракқа жақын бара алмадық. Бір жағы бізге, ол жаққа жақындаудың  қажеті де жоқ еді. Бұл жақтың басты проблеммасы – масалар екен.  Аурудың көбі масалар арқылы жұғады екен. Орманның ішінде масалары «сонадай» болады екен.   Жұмыс істетпей,  Ашық жерлеріңді шағып мазаңды алады  екен.  Кейде лагер басшысы екі күнде бір рет демалыс жариялады !  Егер жаңбыр жауып, күн ашылса, масалар азайып қалады. Сол  кезді пайдаланып орындалмай қалған жоспарды орындауға тырыстық...

      Саясый тұтқындағы өмірім осылай жылжып өтіп жатты! Кейінгі кезде  Петровичтің айтқан әңгімелері есіме жиі түсетін болды. Біртіндеп, өзімнің жеке пікірім қалыптаса бастады. Ең бастысы «Диктатура  мен  демократияның айырмасын түсіндім! Саясаттың жазылмаған заңы бар екені - Диктатураның кез келген түрі не төңкеріспен не реформамен бітеді» деген қағидасы есімде  қалыпты!

    «Заман осылай бір қалыпты тұра бермейтін шығар. Елу жылда - ел жаңа» - демекші бір өзгесіс болары анық!  Менімен бірге отырған саясый тұтқындардың да үміті осындай  шығар!  Шешем - «үмітсіз – шайтан» - дейтін.   «Қыс артынан жаз келер» деген үміттен басқа амал жоқ екенін түсіндім!

                          

                                    

                                    

 

                                         Азаттық!

         1954 жылы март айында Сталин өлді деген хабар, радио арқылы бізге де жетті! Бұл хабарды естігенде, көзіне жас алып жылаған адамдар да  болды.  Қуанғаннан жылады ма, әлде қайғырып жылады ма – кім білсін!   Петровичтің ақылынан кейін,  Сталинге деген - коммунистерге деген түсінігім мүлде өзгерген!  Сондықтан мен үшін – бір ғана қағида болатын!

 Тіпті бірі өліп – бірі қалсын – маған бәрі бір еді!   Тек ауылға аман-есен жетсем  болғаны! «Бауырым Әбдімомын туралы,  Мен кеткенде аяғы  ауыр күйінде  қалған келіншегім Гүлжаған туралы,   көп ойлайтын болдым!  

    Мен тұтқындалып, түрмеге отырғалы тоғыз жыл, он ай уақыт болыпты!  Хабар – ошарсыз кеткен адам үшін оңай мерзім емес! Ауылдағы таныстар не ойлады екен! Шет жағасын келіншегім айтпаса! Бірақ ол не біледі. « НКВД-нің жендеттрі түнде келіп, бір қара машинамен  алып кеткен» -дер!.. 

       Сталин өлген соң,  артынан көп ұзамай  Берия, командасымен айыпталып - өлім жазасына  кесілді.  «Ендігі тағдырымыз не болар екен»  деген ой бәрімізді толғандырды!    

  Біраз уақыт өткенде, қолымызға бір тілім қағазды ұстатып,  «Боссыңдар» дегенде - төбемізден жай  жеткендей болды!   Арамызда: отыра салып, жылағандар қаншама!  Жазықсыз, «халық жауы» деген таңбаны тағып, бекерден-бекер, өмірдің ең қызық кездерін қамауда өткізу оңай ма!   Енді келіп түк болғандай  - «боссыңдар» деген сөзі  сүйектен өткендей еді!  Қаншама Азамат жазықсыз қамалып, күнәсіз  атылды!     

     Тірі жанға ең бастысы  азаттық екен!  – «басың бос болмаса -байлаулы иттен айырмаң жоқ екен!    Жамандық осымен - өз бетімен кетсінші»  дедім!   Он жеті жыл тағдырдың тәлкегіне түсіп, Европа мен Азияның қалаларын аралап жүріп –  туған жерім - «Жеті су» өлкесіне жеттім-ау ақыры!  

      Соңғы рет сапарға аттанардағы тұрған үйге келсем, мен танымайтын басқа адамдар отыр!  Келіншегім Гүлжахан туралы естімеген де екен!  Ал керек болса! Тіпті ешқандай хабар да білмейді екен!  Осы ауылдың азаматы -  менің жан досым, құрдасым - Сағит есімді жігіт бар еді. Бірден соның үйіне тартым. Сағит мені көргенде - таң қалғанын жасыра алмады! Жақын досым болған соң – құшақтасып көрістік...  Тоғыз жыл бойы мен туралы еш хабар болмаған ғой!  «Сені өлім жазасына кесіп, атып тастаған шығар деп жорамалдап арнайы құран оқып, құдайы тамақ беріп тастағанмын!» деді қалжыңдап! Сағит екеуміз - мен түрмеге кетпей тұрып, жанұйямызбен араласқан құрдас - дос едік.  Өзі сондай қалжыңбас!  Кейде айтқан сөздерін -  не қалжың, не рас екенін түсіну қиын еді!

      Бір-аз қалжыңдасып болған соң, мен Гүлжахан туралы сұрадым.        Бұл  сұрақты күтпегендей күбіртектеп тұрды да әңгімеге көшті.              -- НКВД-ның адамдары сені алып кеткен соң, Гүлжахан төркініне барып тұрыпты. Аман – есен ұл босаныпты.  Есімін – Серік  қойыпты. Сені «жиырма бес жылға кетті» деп естіген соң, күдерін үзген ғой, қайтсін енді. Содан төркінде екі жыл тұрған соң, басқа күйеуге шығыпты. Кәзір басқа бала-шағасымен тұрып жатқан жайы бар. Ал сенің ұлыңды,  Гүлжаханның соғыстан ауыр жараланып келген ағасы асырап алыпты. Ол жарақаттың кесірінен баласы болмайтын болған екен. Сондықтан Серік балаң  сенімді қолда көрінеді. Тағдырдың жазғаны сол болса, қайтесің! Аман болсын! – деді де –әңгімесін әрі жалғады -  Ал енді,  аталарымыз  айтады ғой – «Тірі адам тіршілігін жасайды» деп.  Сол айтпақшы – тарихтың кітабын  жаңа беттен баста!    Өмірдің ашщы – тұзщы дәмін татып көрдің –  енді ертеңнен бастап бейбітшілік өмірді баста енді!    

    Мен көпке дейін үндемей отырдым. Сағит әйелі екеуі сыртқа шығып кетті. Мен жантайып жатыр едім, жолдан шаршап келгендікі болар – ұйықтап кеттім! Қанша ұйықтағанымды кеш батқанда бірақ байқадым. Сағит қой соиып, ет асып қойыпты.  Әңгіме айтып, өткен өмірді сөз етіп, түннің бір уақытына дейін отырдық. Сөз арасында  ертеңгі жоспарымды сұрады.

  - Мен ең бастысы - тіркелетін жердің бәріне барып тіркелемін. Ол бір күнде бітетін жұмыс емес. – дедім. – Содан соң, сен әлгі менің артыма түскен НКВД комиссарын тауып берсең!  Әрине қолыңнан келсе!  Мен  оның көзіне қарап тұрып - қоятын бір-екі сұрағым бар еді – дедім. Сағит бір-аз ойланып қалды.

  – Біріншіден оны жұмыстан шығарып жіберген. Екіншіден,  ол кәзір  үйінде болуы керек! Үшіншіден сені жалғыз жібере алмаймын – мен бірге барамын – деді! Мен қарсы болмадым.

 Ертесінде  Сағит екеуміз комиссардың (есімін мен ұмытып қалыппын. Автор) үйіне келдік. Есігін қағып, бірінші Сағит кірді. Комиссар Сағитті көріп - түсінбей қалды.  «Бұл маған неге келді» дегендей таңырқай қарады да, артында тұрған мені көріп, көзі бақырайып кетті. «Мені көрем»  деп  ойламаса керек!  Бұрылып, үйіе кіріп кетті. Артынан ілесе біз де кірдік. Көрші ас бөлмеде бала-шағасы таңғы шайін ішуге жаңа отырса керек. Комиссар «жүріңдер бері» деп арғы бөлмеге шақырып еді,

 -- Бізді не, шайға шақырмайсың ба?  – жүр балаларыңмен танысайық! – дедім мен. 

 – Қажеті жоқ! Мен қәзір комиссар емеспін! Мені жұмыстан  шығарып тастаған! – деді.

 – Комиссарсың ба, жоқ па! Маған бәрі-бір! Мен сені балаларыңның алдында бет пердеңді ашып, шынында кім екеніңді айтып беруге келдім! Сондықтан жүр бері! Семьяңның алдына кел! – дедім. Даусым нық, сенімді  шықты.  Комиссар амалсыз – басын салбыратып, жанымызға келіп   тұрды.  Балаларына келген себебімді айтып бердім де:

  - Балалар! Мына әкелерің секілді адамдар  үшін - адам тағдыры, кәдімгі қол сүртетін «тряпка» секілді  -  Қолды сүртіп, шелекке тастай салатын!..   Сендер білуге міндеттісіңдер!  Әкелерің секілді адамдардың кесірінен  қаншама  Азаматтар жапа шеккенін біліп, жүріңдер!..  Қаншама жас балалар әкесіз жетім қалды!..    Бұндай айуандықтан  аулақ  болмаңдар! – дедім. – Адамның өмірі ойыншық емес!..  Ақылдарың болса – осы  сөзімді естеріңде  сақтаңдар! – дедім де, орнымнан тұрдым.

Табалдырықтан аттай бере;  - Аман болыңдар! – деп, сыртқа шығып жүре бердім!..

Сағит көпке дейін үндемей, артымнан жүріп отырды. Үйге кірген соң, дастарханға отырып, -  Сәке! бір «жүз грамм қүйшы» - дедім.          Мойнымнан бір жүк түскендей болды. Енді бәрі жақсы болсын! Бар жамандық осымен кетсін! Аман болайық! Ел аман - жұрт тыныш болсын  – дедім!

 

     (Әкем 1973 жылға дейін мұғалім болып қызымет атқарды да зейнетке шықты. Арманы - Қазақ халқының Егемендігі еді! Ол күнге екі жыл жетпей - дүниеден  өтті! Автор!)

                                    (Соңы.)                                   

      

                                                                                        

             

               

                         

     

                          

  

                                                                                                

                              

 

Қазақ тілінде жазылған