Адам қарады: 71 | Жарияланды: 2020-06-29 08:40:36

Немере мен әжесі

- Атамда ұзын сақал бар,

Әже сенде неге жоқ?

- Шаңырақ салар атаң нар,

Әжең әлсіз амал жоқ.

 

- Атам төрде, көрпеде,

Төмендейсің сен неге?

- Отағасы ол, бірақ та,

Үйдің кілті әжеңде.

 

- Ашуланса кейде атам,

Ұрсасың ғой жай ғана.

- Үйткені сенің атаңның,

Тізгіні әжең қолында.

 

- Анам сәлем етеді,

Мәнісі оның немене?

- Ұлкенді силау құрметтеу,

Жарасады келінге.

 

- Айналайын әжетай,

Сен недеген жақсысың.

- Атаңдағы жақсы ғой,

Ең жақсымыз өзіңсің.

 

Қазақ тілінде жазылған