Адам қарады: 14808 | Жарияланды: 2020-08-20 13:03:35

Өлім жазасына бұйырылған ақ кептер

 (Ғылыми фантастикалық әңгіме)

                                                  I

Орталық сот мекемесі бүгін ақ кептерге өлім жазасын береді екен,бұл дело екі жарым жылдың алдында белгісіз қастандыққа ұшырап өлген, орталық ғылым академиясының академигі, тіршілік дүниесін зерттеуші, белгілі ғалым Күнтуған Ахыметұлының өліміне қатыстыекен деген хабар бүкіл қаланы дүрліктіріп жіберді. Ашық сот жиынына орталық ғылым академиясынан мен де шақырылыппын.

Күнтуған мархұм менің орта мектептегі сыныптасым еді,ол орта мектепті тауысқан соң «Ғарыш әлем орталық» университетінің тіршілік дүниесін зерттеу кәсібінде оқыды. Оның жазған «Адам ғұмырын ұзартудың сыры» атты шығармасы күллі дүниені тамсандырған үздік ғылыми жетістік саналатын. Екеуміздің өзара ат ізін салыспағанымызға ұзаұ жылдар болаған. Ортадағы салқындықты тудыруға себепші «Шолпан» қаласының бетке басар сұлу аруы Нұрбағи туралы іс еді. Деседе ,мен бұған бола Күнтуғанды өкпеге қыйсам да, әркез өлімге қыймас едім.

Дүниеде махаббатсыз өмір сүруден жан иесінің бәрі түңілер, қылайағы құс-екеш құстарда да махаббат болады ғой ?  Адам өміріндегі махаббат жолы бір кезде жылылық шуағын бағыштап күле қараса, енді бір кезде қыс түсіріп қырын қарайтыны бар, адамдар-ай , күрделі жол, тәлкен тағдырға кезігіп,махаббатың ғашықтық уына бой алдырып, сонан әлсіреп,өз жолыңнан өзің адасып, өзіңді сүймейтін пендені елжірей сүйесің-ай кеп,сүйесің. Мен де сондай сорлап жүрген жанның бірі едім, Нұрбағи жолында талай сүрдекке түсіп өртенген жанмын. Оны көргенде бейне ай сұлу қыз бен күн сұлу қызын көргендей ғашық болып, есімнен танып қала жаздаушы едім. Мен ақыры осы сүрдектің жетегінде жүріп, Нұрбағиға өз көңіл-күйімді білдірдім. Ол да теріс кетпеді, өз жүрегін маған арнайтындай сыңай байқатты. Амал не,ол екеуміздің жұлдызымыз жараспады. Күнтуған өз махаббатының құдыретті күші арқылы менен Нұрбағиды ақыры тартып әкетті....

Күнтуған менен екі бәйгеде озған-ды. Бірі махаббат бәйгесі болса,екіншісі ғылым бәйгесі еді. Осы жайларды ойласам болды, оған кірпідей жиырылып,үрке қарайтынмын. Оның қалтарысында тағы бір қыймастық сезім де түрткілеп, қосанжарласа беруші еді. Бірақ Нұрбағиды деші, өмірдің бақытты шырын балын енді ғана тата бастаған сорлының маңдайындағы жарық жұлдызы сөнді , сәбиін құшақтап жесір қалды. Жесір қалғанда да әшейін ғана емес-ау, басы қаралы, жаны жаралы болып еңіреп-өксіп қалды. «Бейшара Нұрбағи тағдырдың бұл жазмышына төзе аларма? жоқ, ол төзе алады, оның қайсар жігері ендігі бақытын құшағындағы жас бөбегінен күтеді.... Қойшы, одан бері талай жыл өтті, бәріде ескіге айналған өмір, мен Нұрбағиды кешірмеуге хахылы емеспін.....». Мен қыял теңізіне малтығып келе жатып орталық сот мекемесінің алдына қалай жеткенімді өзім де сезбей қалыппын.

                                        **               **             **

          Ашық сот жиынында жиылған жұрт иін тіреседі. Судьялардың қарсы алдында бір үстел қойылыпты. Үстел үсіндегі темір тордың ішінде «Ақ кептер қамаулы»тұр . Тордың қасына көлденең қойылған тақтайда «Адам өлтіруші айыпкер ақ кептер» деген ірі жазу бадрая көзге шалынады.Жиылған жұрт, ду-ду әңгіме. Бәрінің іздегені бір ғана сұрақ, «Бұл ақ кептер қалай адам өлтіре алады?» дегеннің жауабы.

Сот бастығы үстелді тықылдатып жұртты тынштандырды:

– Құрметті мырзаалар, «Ақ кептер тудырған өлім делосын» анықтау барысын  орталық ішкі істер басқармасының барлаушысы Әділ Атанбаев баяндамақ! –  деді. Мінбеден орта бойлы арық қара жігіттің тұлғасы көрінді. Ол жиылған жұртқа тегіс шола қарап алып, желдіре сөйледі:

– Бұл дело 2612 жылы көкек айының 13 күні кешкі сағат 11 де туылған,белгісіз қастандыққа ұшырап өлуші Күнтуған Ахыметұлы. Орталық ішкі істер басқармасы бұл «Сырлы өлім делосын» анықтау ісін маған жүктеді,  қастандыққа ұшыраушының отбасына түнгі сағат 12 де нақ майданды тексеруге бардым, әйелі Нұрбағи делоға қатысты ешбір жіп ұшын айтып бере алмады, иіс сезу,түс парықтау,аяқ-қол табын өлшеу, суретке алу,лабараториялық анализ жасау шараларын осызаманғы озық техникаға ұштастыра жүргізуден де көп өнім болмады. Бір апта өткеннен кейін қастандыққа ұшыраушының отбасына тағы бардым. Сол үйдің күтушісі Күнтуған мырза өлуден бұрын үйге ешкімде келмегенін айтты. Мен:

– Осы төңірекке аң-құс , хайуанаттар келдіме ?– деп сұрадым күтушіден.

– Рас, Күнтуған мырза өлуден бір күн бұрын,– деді ол ,–  түске таяу осы ғимараттың терезесінде  жалғыз ақ кептердің қонып отырғанын көргенім бар.

 

                           **                   **                     **

Бар-жоқ жіп ұшы осы ғана еді. Екі жыл уақытым жақын маңдағы 36 қаланың күмәнді 897 кептеріне тексеру жүргізумен өтті. Менің бұл әрекетімді көргендер «Әділ жынданып қалыпты, барлаушылық не теңі? Міндетінен қалдыру керек!» деп даурықты. Бір күні «Ғарш заңы газетінен» мынадай шағын хабарды көзім шалып қалды: « 2614 жылы көкек айының 13 жаңасы «Галилей құйрықты жұлдызы» қаласындағы әйгілі электр ғылымының маманы Мак қастандықпен өлтірілді, қанды қолдың кім екені беймәлім, әйтеуір өлушінің жанында кептердің бір тал ақ түгінен басқа еш белгі қалмағаны анық». Миымнан мұнар айығып , қос жанарым жайнап сала берді. Өйткені мен осы екі делоның жыл парқы екі жыл болғанымен , әр екеуі де көкек айының 13 күні туылғандығын, әр екеуінде де ақ кептерге қатысты жіп ұшы бар екенін, дело бойында тұңғыйық сыр жатқанын байқап үлгерген едім.

«Галилей құйрықты жұлдыз» қаласының ішкі істер басқармасындағы барлаушылардың көмегінде Мактың үйіне барып тексеру жүргізіп жатқанымда алты ақ кептерге көзім түсті. Үйдің маңдайшасына қонып отырған олар бізді көріп үдрейісіп,үрпиісіп қалды,соның ішінде бір ақ кептер ерекше секем алды, біз оны ұстамақшы болып едік, әлем кеңістігіне қарай құйғыта жөнелді, ұшпа тарелка арқылы соңынан қуып әрең ұстадық. Ақ кептердің оң жақ көзіне ерекше нәзік фото аппарат орнаталыпты,оның лентаға алынған суреттерінен « Адамзат қайткенде мың жыл жасайды?» атты құпия кітаптың әр беті және ғалым Күнтуған Ахыметұлының да кескіні табылды. Күнтуған ғалымның үлкейтіп шығарылған тағы бір кескіні Мактың үйінен шықты. Ақ кептердің тұяғының астына адамды тіл тартқызбай өлтіретін аса қуатты «Күйдіргіш қозынды сәуле» жасырылыпты. Күнтуғңан мырзаны осы сәулемен өлтірген, ол жазған кітапты да осы тәсіл арқылы өртеп жіберген. Күнтуған мырза жаратқан жаңалықты қымқырып алып , өз атынан әлемге жариаламақшы болаған Мак – бұл қаскүнемдікті тікелей жоспарлап отырған сұмпайы,көріп отырсыздар ,алдарыңызда Мактың «Робот ақ кептері» ақыры торға түсті. «Галилей құйрықты жұлдызы» ішкі істер басқармасы ақ кептердің тағдырын «Шолпан» қаласында шешуге қосылды.– деді ол істің мән-жайын түсіндіріп. Жұрт арасындағы күбір-сыбыр әлі толастамаған-ды.

– Енді сот бастығы жаза жариалайды!– деді бір судья үстелді тақылдатып қойып.

– Адам өлтіруші ақ кептерге өлім жазасы берілсін! Жаза екі жыл кешіктіріліп атқарылсын!– деп барылдады сот бастығы.

– Қызық екенсіңдер!– деп айқайлады бір тыңдарман.

– Ақымақтық қой бұл!– деді тағы біреу.

– Пышақшы өлген соң пышақты соттау деген осы!– деп күлді еңгезердей сары.

– Мак қалай өлген?

          – Соны айтсайшы ,бейшара ақ кептердің Макты өлтіру мақсатын не деп түсінеміз?

– Бұл бітпеген дело екен!

– Бітсін-бітпесін, адамға қолданылатын заңды құсқа қолдану лайық емес!

Жұрттың гу-гу әңгімесіне құлақ түрген сот бастығы біресе барлаушыға, біресе судьяларға жапақ-жапақ қараған күйі аңырып отырды да қалды. Менің есі-дертім Нұрбағида еді. «Бейшара Нұрбағи не халде екен?» деші.

 

 

 

    

 

 

Қазақ тілінде жазылған