Адам қарады: 387 | Жарияланды:

АЛДАМШЫ БАҚЫТ

 Бір шағын ғана қалада Ақмарал есімді қыз өмір сүруде.Қала аты-Өскемен.Шетелге таныла қоймасада,өз мемлекетіне танымал қала.Өнеркәсібімен,табиғатымен ерекшеленеді десе де болады.Ақмарал бұл қалаға 15 жасында көшіп келді.Әрине,арман қуып,оқудың соңынан еріп.Ата-анасымен,інісімен түгел көшіп келген-ді.Өзінің арманы ұшаң теңіз.Аспанда ұшып жүретін қиялшыл періште.Ауылдың исін искеп,топырағына аунап,кысы мен жазын көрген,тауына сан шығып,суына мың шомылып,шаң-тозаңда ойнаған қарапайым қазақ қызы

.Қысқа бұйра шашты,орташа бойлы,шие ерінді,қалың қою қара қасты,әдемі. Дегенмен мінсіз болмасада, өзіне тән тартымдылығы бар,сүйкімді бикеш.Қазір 19 жаста.Өнер колледжінің 4-курс студенті.Кинорежиссер мамандығы бойынша ақылы бөлімде білім алуда.Өзінің шеберлігін шыңдап,талантын танытып,өз туған жерінің атын шығарып,атақты да, дарынды режиссер болу мақсатында бар.Дегенмен,Ақмаралдың туған жерінен шыққан атақты режиссёрлер аз емес.Сірә,сол режиссёрлердің қасиеті Ақмаралға да дарыған болар.Атап өтсек, «Жастар Одағы» мен «Тарлан» сыйлығының иегері Серік Аркымов,Сақатов Марат,Ермұқан Есіпбайұлы және т.б. Ақмаралдың алдағы оқуды бітіргеннен кейінгі мақсаты бір көркем фильм түсіру.Қазірден бастап сценарийін өзі жазуда.Өмірден көргені емес,қиялы бойынша құрастыруда.

  Қазір жаз мезгілі.Ақмарал шәкіртақысын алып,сұлулық салонына бет алған.Сірә,бір стильден жалыққан болар.Әлдебір өзгеріс енгізгісі келген.Бұрынғы бұйра шашы судырап тұрған түзуленген,қою қара қасы қиылған,кірпіктері ұзарған.Сүйкімді еді,енді тіпті Голливудтың жұлдыздары сияқты әп-әдемі,жаны бар қуыршақ боп шыға келді.Ендігі бағыты дүкен болды.Сымбаты мінсіз болғандықтан,кез-келген киім жараса кетті.Осы жолғы киімі-джинсы,биік өкшелі төпли,сәнді жейдеше.Бұрынғы тізеден сәл жоғары көйлектері мен жайпақ төплилерін тастаған-ды.Келесі қимыл ұялы телефонда.Әлбетте,суретке мың рет түсіп,екі-үшеуін ғана әлеуметтік желіге салу.Қыздардың қазіргі күнделікті,әрі сүйікті хоббиі емес пе?!Бір-екі минут ішінде 100-ден астам лүпіл(лайк) жинап үлгерген. Шопинг жасап,сәнді әшекейлерге көзі түскен Ақмаралдың ұялы телефоны шыр ете қалды. Қоңырау анасы- Зәуреден.

-Ақмарал қайдасың?Қайтсаңшы үйге!Әлде келер жол мен көшені ұмытып қалдың ба?

-Туу анашым!Міне-міне жолда кетіп барам.

-Сағат бесте үйде тамақ дайын тұратын болсын.Біз қонаққа кетіп барамыз.

-Онда несіне асығам?Тамақ әзірлеп не керек?Сіздер тойып келмисіздер ме?

-Қонаққа барған адам тойып келуші ма еді?Ұялып-қысылып түк жей алмайсың...Көп қыртпай,тамақ пысырып қой!

-Жарайды!..-деді Ақмарал сөзін созыңқырап.Содан дүкеннен қимай-қимай шығып,жолдан такси тоқтатты.Әдетте автобуспен жүретін еді.Мұнысы несі!?.

-«Опытное поле».Сколько?-деді орысшалап.Бұл қалада орыстадан қазақтар басым болсада,халық орысша көп сөйлейді.

-За 800!-деді шопыр(шофёр).

-Поехали!

  Біраз жол жүргеннен кейін,жүргізуші әңгіме бастады.Ақмарал ұнап қалған көрінеді.Көліктің айнасынан қайта-қайта қарап қояды.

-Девушка как ваш зовут?-деді аксентпен.

-Ақмарал!-деп қысқа қайырды.

-Өй,өзіміздің қазақ қызы екенсің ғой!..-деп жүргізуші қуанып кетті.Ары қарай әңгімесін емін-еркін,өз ана тілінде жалғастыра берді.

-Менің есімім-Еркін.Бәрі мені «Екош» дит.

-Ммм...-деді Ақмарал.(ол менсінбей отырған-ды.)

-Опытныйға неге бара жатсыз?Әлде сол жақта тұрасыз ба?

-Жоқ,құрбыма бара жатырмын.-дей салды өтірік.

-Ааа...Әйтпесе бұл ит өлген жер ғой.Тым ааалыс...Осы маңда көшелердің бәрі шатасқан. «Катонский» және Катон-Қарағай» деген екі көше бар.Адамдар звандағанда шатасасың ғой тура,таба алмай есің шығат...

-Ммм...

-Солай қарындас...Қарындас сіз өте сұлу екенсіз!-деп жағымпаздана бастады әлгі шопыр.

-Рахмет!

-Агентке кіресіз бе?Логиніңізді білсе бола ма екен?

-Сіз қай заманда қалып қойғансыз?Қазір агент емес,вконтакте,инстаграм,уатсап...

-Ондайлар бізге не керек?Танымал емеспіз ғой!..Агент пойдет бізге...

-Ааа,онда логин жоқ менде!

-Ал нөміріңіз ше?Білсем бола ма?

-Жоқ!..Алыңыз 1000 теңге,қалғанын өзіңізге қалдырыңыз!

-Жоқ,олай болмайды ғой қарындас.Сіздей сұлу қызға,біраз бағасын өзім төмендетейін.Алыңыз,мінекей 500 теңге.

-Оданда тегін дей салмайсыз ба?.. Әзіл ғой,әәәзіл!-деп Ақмарал қалған ақшасын алып,көліктен түседі.

-Кездескенше қарындас!-деп шопырда болмайды өзі бір.

-Тегін апара салса несі кетеді екен?! - деп ақшасын әмианына сала бергенде арасынан бір жапырақ қағаз шықты.Ашып қараса,әлгі шопырдың телефон номері екен. «87753254698 Еркін» деп жазып қойыпты.Ақмарал күліп жіберді. «Маған бұл не керек?Ауылдан келген-ау!Тормоз!» деп іштей сөйлеп келе жатқанда,алдында бір топ жігіттер тұр екен.Ақмарал сасқалақтап,тез-тез өтіп кетейін деп,қадамын жиіретті.Жігіттердің арасынан бір батылдауы,дауысын қатты шығарып,сөз сөйледі.

-Уау,неткен әдемі бойжеткен!Қарындас таныспаймыз ба?..-деп Ақмаралдың артынан жүре берді.Өзі қара торы,арықтау келген жігіт екен.Ақмарал сыбырлап «Шамаңа қараш,інім-ау!» деді.

-Ау,не дейсіз?..Тансайықшы енді сұлуым!Есімің кім болады?..Мүмкін бұл біздің тағдырымыз шығар а?..Танысайыкшы енді!-деп болмай Ақмаралдың алдына түсіп алып,артымен жүріп келеді.Бір кезде тасқа сүрінді де,құлап қалды. Ақмаралда орнында тоқтап қалады.Сосын қолындағы бір жапырақ қағаз есіне түсіп,ана жігіттің үстіне лақытыра салып,көзін қысып кетіп қалады.Ана жерде жатқан жігіт мәз.Қуанғанынан ысқырып,жігіттерді шақырып жібереді.Бәрі жетіп келген-ді.Ішіндегі тағы біреуі:

-Не,өкшесімен құлатып тастады ма?-деді қарқылдап.

-Ейй,жігіттер!Бағым ашылды менің,бағым!-деп орнынан тұрып,үстін қақты.Қолындағы қағазды жігіттерге көрсетпес бұрын сүйіп-сүйіп алды.Ол қағазды көрген жігіттер,езулері екі құлақтарына жеткенше қарқылдап күліп жіберді.

-Ана қыз,қыз емес жігіт боп шықты ма не? Жігіттер ондайларды не деуші еді өзі???-деді біреуі.

-Алмас+Еркін!-деп тағы біреуі мазақ қылды.Ештеңе түсінбеген әлгі жігіт қағазды алып қараса,бағанағы Ақмаралды әкеліп тастаған таксисттің номері екен.Ақмарал байғұс жігітті қатырып алдапты...Әлгі жігіт болса аң-таң боп, «Еркін,Еркін» деп қала берді...

  Келесі күн...1 қыркүйек-білім күні! Барлық оқушылар мен студенттер білім ордаларына жиналған.Қолдарында бір-бір гүл,ту ұстаған.Ата-аналар мен ұстаздар да жиналған-ды.Кейбірі мектептерін сағынып,асығып келсе, кейбірі келгілері келмей ұйқыларын аша алмай тұр.Біреулер тап-таза,жап-жаңа оқу формаларын киіп келсе,ал енді біреулер еркін форма киіп алған (яғни,джинсы,жейдеше сияқты).Көңілді концерт басталып кеткен.Ән де шырқалып,би де биленіп,күй де шертіліп,өлең де оқылып,құттықтау сөздері де айтылып жатыр.Бір жерде шарлар ұшырылып,бір жерде ду-ду әңгіме болып жатыр.Барлық жерде әйтеуір тыныштық жоқ, абыр-сабыр.

 Ақмарал болса,қасында екі құрбысы бар,дәмханаға кеткен.Сабина,Жұлдыз есімді құрбылары.Ал,көптен бері айтылмаған жаңалықтар,әңгімелер басталып кетті.Күнде телефонмен,әлеуметтік желіде сөйлесседе,әңгімелері таусылмақ емес.Біресе үйдегі жаңалықтар болса,біресе өз сырларымен бөлісуде.Бірде келген-кеткен адамдарды сөз қылады.Әйтеуір,не керек,әңгімелері біткен емес.Үшеуінің басы қосылса осы, күліп-ойнап,көтеріңкі көңіл күйде жүреді.Жан құрбылар деген сол емес пе?!.Қазіргі әңгімелері-Ақмарал.Ақмаралдың жаңа стильі.Әңгімені Жұлдыз бастады.

-Ана 4-курстағы Динара бар ғой,бағана естіп қалдым байқаусызда.Сенің шашыңды айтып жатыр екен. «Бұрын қозы боп жүруші еді,енді аттың жалындай боп калыпты ғой.Түк жарасып тұрған жоқ!» деп қоят.

-Қооойш,солай айтты ма не?Тура,шашын жұлып қолына беру керек екен өзінің!-деді Сабина.

-Ой,қойыңдаршы қыздар!Ел не демейді?Бұл өмірде қазір ешкімгеде жақпайсың.Бұйра шашты боп жүргенімде де ешкімге жаққан емеспін.Қазақтарға жақпаймыз ғой!..-деп өз пікірін айтып,азда болсын назын білдірді...Иә,расымен солай.Бұл жалған өмірде адам баласына ешнәрседе жаққан емес.Ақмаралдың сөзінің жаны бар.

  Үш құрбы шуылдаған,адам көп бір дәмханаға келген екен.Мәзірді алып тапсырыс береді.Басқа тақырыпқа ауысып,қызу әңгімелесіп кеткен.Жан-жақтағы адамдарға қараған емес...Айналаға бір көз жүгіртсек,Ақмаралға бір бозбала көз салып отыр екен.Олар да жігіттер болып демалып отырған-ды.Төрт қара торы жігіт.Солардың ішіндегі Нұржан есімді жігіт Ақмаралдан көзін алмай отыр.Шашы қара,бойы Ақмаралдан сәл ғана ұзын.Менің ойымша бұл жігіт Ақмаралдың талғамына сай емес...

-Ей,Нұржан?Не ойлап кеттің?-деп қасындағы досы қолын бұлғады.

-Не?..Жігіттер,ана,ана қызға қараңдаршы!Ортасындағы қоңыр шашты қызды айтам...Күлкісі қандай әдемі...Мен оны бақытты қылу үшін,оны күлдіруім керек.Ал ол күлген сайын мен одан әрі ғашық бола түсем ғой...Қылықтарын айтсаңшы!Тәп-тәтті...-деп Нұржаның қиялға беріліп кеткен.Көздерінде торғайлар сайрап,жайнап кеткен-ді...

-Нұржан?Аспандағы айға қолың жетпейтінін білетін шығарсың?!Ол қыздар біздейлерге қарамайды...Армандапсың сенде!-деді екінші бір досы.

-Айға ұшып баруға болады емес пе?Ол жәй айтылған сөз...Қаласаң қолың да,өзің де жетесін!..

-Ойбу,Нұржан ханзада,патшаның қызы ханшайымға ғашық боп қалыпты ғой!..Бар онда,танысып қайтсаңшы!-деді үшіншісі.

-Танысайын ба?Шын,қасына барайын ба?Қасына барып,мөп-мөлдір көздерін көрсем...Қалай болар екен жігіттер а?-деп Нұржан көпіртіп сөйлеп тұрғанда,Ақмарал құрбыларымен кайтып кетеді.Нұржанға сөзінен гөрі,ісін тезірек көрсетуі керек еді.Ал енді Ақмаралдан қол үзіп,танысада алмай қалды. Ақмарал болса Нұржанды көргенде жоқ.Үш құрбы қала  көшелерімен,сол баяғы әңгімелесіп келеді.

-Қыздар,айтыңдаршы!Осы неге маған жігіттер қарамайды?Неге мен ешкіммен жүрмеймін?Неге маған ешкім қарамайды,түсінсем бұйырмасын!..-деді Ақмарал айналасына қарап қойып.

-Саған қарамай жүрген жігіттердің көздері соқыр шығар.Саған қарамай жүрген жігіттер нағыз ақымақтар ғой!-деді Жұлдыз.

-Саған қарамауы мүмкін емес қой,жаным-ау!Мүмкін сен өзің олардың бетін қайтарып тастайтын шығарсың?!.-деп Сабина өз ойын айтты.

-Маған білесіңдер ғой,әдемі,сымбатты нағыз қазақтың батыл жігіттері ұнайды.Бірақ ондай жігіттердің басы бос емес немесе өтірік қатайып жүрет ше...Мен негізі өзім ұнатпаған жігіттермен жүріп кетем...Елжан да,Райым да,Екош та...Бәріде менің талғамыма сай емес еді...Бірақ сонда да көңілдерін қимай,маған деген сезімдерін сыйлап жүре салдым.Қайдан,ұзаса бір-екі ай,бір-екі апта ғана жүрдік қой...Эх,шіркін,неге маған арманымдағы жігіт жолықпайды?Неге қыздар а?..Ана жігіт сияқты!..Жоқ оның мұрны ұзын екен...Әнеру ше?Ойбу,оның бойы кішкентай екен...Ал анау ше?Бірақ орыс сияқты иа?..Эх,шіркін!..-деп Ақмарал әр ұлды көрсетіп,қиялдап келе жатқан-ды.

-Ақмарал,негізі атам қазақ қиын дұрыс айтқан ғой! «Таңдаған тазға жолығады» деп.Байқа,құрбым!-деді Жұлдыз.

-Тағыда мынадай мақал бар. «Әр тауды көксеген бұғы аштан қалыпты» деген. -деді Сабина.

-Эй,қыздар,не апалар сияқты мақалдатып кеттіңдер?!Қойыңдаршы тегі!-деп алдыға түсіп,тез-тез жүріп кетеді.Қыздар «Әәәзіл ғой,әзіл» деп соңынан ілеседі.Сөйтіп кеш те батады.Ақмарал кешкі асын ішіп,ыдыстарды жуып,бөлмесіне келіп жайғасады.Қойын дәптерін ашып,сценарийін жазуды жалғастырады.Ұялы телефонына қарап қояды.Әлеуметтік желі өшкен емес қой...

 Осы жерден кідіріп,бағанағы дәмханадағы Нұржанға келсек.Олда ноудбугына үңіліп,төсегінде омылып,вконтактіге кіріп отырған-ды.Жаңалықтарды ақтарып,достарының суретін көріп отыр.Бір мезетте Ақмаралдың бағанағы екі құрбысымен түскен суреті шыға келді.Нұржан Ақмаралды бірден есіне түсіріп,танып қойды.Дереу Ақмаралдың парақшасына кіріп,суреттерін қарап,лүпіл басып,керек деген суреттерді өзіне сақтап,достық жібереді.Ішінен: «Бұл кейздесоқтық емес,тағдыр жаным менің!» деді қуанып.Жүрегі атқылап,тулап,мәз боп тұрған-ды.Ал Ақмарал болса,түрін бұзып: «Тағы бір бейтаныс жан.Қабылдай салайын түк емес қой!» деді.Нұржан болса,алып-ұшып шаттанып кеткен,көкке самғап кетердей.Әттең,шіркін,қанаты жоқ...Эх,албырт жастық шақ қой!Қызығы мен шышығы мол!..Ал мен сіздерге екеуінің әлеуметтік желіде қалай танысатынын жазайын.

  « -Сәлем сұлу қыз!

-Сәлем!

-Қалайсың?

-Жақсы,өзің?

-Керемет...Не істеп отырсың?

-Шығармашылықпен айналысып)))Сен?

-Сенің суретіңе қарап тамсанып отырған...Қай жақтан боласың?

-Тарбағатай...Сен?

-Семей, Бағыршық...Білесің бе?

-Жоқ естімеппін...

-Ааа...

-Сен мені танушы ма едің?

-Жоқ...Бірақ бір рет көргенмін.

-Қайдан?Не істеп жүрм?Қашан?

-Бүгін...Дәмханадан екі құрбыңмен жүргенсің.

-Ммм...Қалай таптың мені?Ортақ таныстарымызда жоқ екен?

-Керек болса жердің түбіненде табамын ғой мен...

-)))

-Қайда оқисың?

-Өнер колледжі,4-курс.Сен ше?

-Алматыда,техникалық университет,1-курс.Қандай мамандық?

-Кинорежиссёр,өзің?

-Техних-механик.

-Ммм...

-Телефон номеріңді алса бола ма?

-Жоқ!

-Неге?

-Сол...

-Солай ма?Мейлі тауып алам...

-Қалай екен?

-Сен ол жағын уайымдама!Қаласам мен үшін түк емес қой!))

-Ммм...Көреміз...Жарайды сау бол!Мен ұйықтадым.

-Қайырлы түн сұлуым!» деп екеуінің әлеуметтік желідегі диалогі аяқталды.Екеуі де ұйқыға кетті...Әйтеуір дегенде Нұржан болмай жүріп,танысып алды.Өзі айтқандай,ол шынымен «Тағдыр ма екен?» Қызық!..

 Көп ұзамай арайланып Алланың таңы да атты.Ақмарал ұйқысын қимай төсегінде ары-бері аунап,тұрғысы келмей жатыр.Сағат 8-де сабақ.Бұл оқу жылының алғашқы күні.Бір кезде телефонына хабарлама келді.Ашып оқыса Нұржаннан екен. «Сәлем ханшайым!Күнің сәтті өтсін!» деп жазылған.Ақмарал сәл жымиды.Бірақ кімнен екенін білуге асыққан жоқ.Себебі өзі сабағына асығып барады ғой.Таңғы асына қарағанда жоқ.Алдымен макияж,содан соң таңғы ас күте тұрар деп,жүгіріп шығып кетті.Ата-анасы мен інісі бастарын шайқап: «Басталды!» деді хормен.Себебі,Ақмарал алдыңғы оқу жылдарында да дәл осылай асығып,таңғы асын ішпей,керек заттарын әр жерден іздестіріп,үйді басына көтеріп жүретін. «Ауру қалса да,әдет қалмайды.» Інісі әпкесінің бұл қылығынан шаршап: «Осы үйдің кенжесі мен емес,Ақмарал сияқты.Тым қатты еркелетіп,бастарыңа шығарып алғансыңдар!» дейді жылда.Інісі-Мағжан 8-сынып оқушысы.Сап-сары бауырсақтай,сәл ғана домалақтау келген бала.Хоббиі футбол ойнау. «Реал-Мадрид» командасының жанкүйері.Футбол десе ішкен  асын жерге қояды.Қазір футбол үйірмесіне жазылып қойған.Соған үйден ақырын,асықпай,салмақты боп шықты да,есікті жапқан соң алып-ұшып зыта жөнелді.Анасы-Зәуре мектепте аспазшы боп жұмыс істесе,әкесі-Аманбек құрылыста бригадир қызметінде істейді.Екеуі де әдеттегідей жұмыстарына жол тартты.

 Ғашық жігіт Нұржан болса,олда жұмысына келген екен.Жұмысы бір мейрамханада даяшы екен.Қарапайым ғана боз бала екен.Тапсырыстарды қабылдап,апарып жүрген-ді.Даяшылық-студенттерге арналған жұмыс сияқты.Қарапайым болғанымен,оның да өз қиыншылықтары кездеседі.Ыдыстарды сындырып,тапсырысты қағыс естіп қалып немесе клиент алдына төгіп алу сияқты...Ойлап қалмаңыз,мен даяшылық қызметін атқарды деп.Жәй қызығам!..Нұржан жұмыстарын атқарып-сап, сәл кідіріп,телефонын алып,Ақмаралға қоңырау шалады.Ол кезде Ақмарал қоңырауда еді.Қоңырауда жәй тұрған жоқ,сол колледждің өжет те өнерлі жастарымен ән салып тұр.Бірі-гитара,бірі-домбыра,бірі-саксафонда ойнауда.Әрине,қалыпты жағдай.Өйткені бұл өнер колледжі ғой!..Салған әндері Нұржан Керменбаевтың «Алыста жүрсеңде» деген әні.Керемет ән,сөз жоқ!..Ақмаралда әйтеуір, «әу» деп қояды екен. «Кешіріңдер!Жалғастыра беріңдер!» деп қоңырауға жауап береді.

-Алло?

-Сәлем сұлу қыз!

-Бұл кім?

-Танысайық!Мен-Нұржан Жакупов.

-Ааа...Алдында вконтактіде танысқан Нұржансың ба?

-Дәл өзімін!..Қалың қалай?

-Жақсы...

-Менікі де жақсы!..Таңертең ұйқыңнан қалай ояндың?

-Хабарламаны сен жібердің бе?

-Иа-иа!

-Менің номерімді қайдан алдың?Кім айтты саған?

-Ешкім айтқан жоқ.Өзім тауып алдым!..

-Қалай?

-Қалай десем екен?!.Менің адамның суретіне қарап,бәрін білетін бір ерекше қасиетім бар!

-Пах,шіркін десеш!Сене қалдым деген!..

-Ханшайым,сені жер астында болсаңда тауып аламын дедім ғой!

-Сен не ханзада ма едің?

-«Ханшайымым мені хан сана!»

-Недеген сөзің көп жігіт едің!Менің сенімен ерігіп тұратын уақытым жоқ...Сау бол!-деп Ақмарал тұтқаны қоя салды да,сабағына кіріп кетеді.Лекция өтіп жатыр.Барлық студенттердің қаламдары бірдей қозғалуда.Құдды балет бишілері тәрізді билейді.Кейбірі мұғалімнің сөзіне ілесе алмай,жанындағы көршілерінен сұрап қойып отырған-ды.Арасында мұғалім ауызша түсіндіріп қойғанда,студенттер «ух!» деп қолдарын демалдырып алады.Студент болған әр жанға бұл, таныс жағдайлар.Соңғы парталарда әдетте сабақ оқығысы келмейтін,сабақ айтудан қайшқақтайтын ұлдар отырады.Кейін қыздардан жағалап конспект сұрап жүреді, не қыздарға жағымпазданып жаздыртып алады.Алдыңғы партада үздік оқитын студенттер,олар тек қыздар емес,арасында бірең-сараң ұлдар да кездеседі.Ал бұлардың көздерінде көзілдірік боп келеді.Көбінесе...

  Аудитория тынысы осындай...Қоңырауда соғылды.Ақмарал қыздармен бірге асханаға келеді.Түскі асқа тапсырысын беріп,үстелге жайғасады.Оған қарама-қарсы колледждің бірнеше сымбатты келген жігіттері отыр.Ақмаралға көз қырларын салып,бірдеңелерін айтып,күліп қояды.Өздері айтып,өздері күлуде әйтеу...Ақмаралдың тапсырысы да келді.Қасындағы құрбыларымен бірге түскі асын іше бастады.Сосын:

-Ана жігіттер маған ұнамай отыр,бар ғой!- деді.

-Өй,қойш соларды!Атестация жақындап қалды,қыздарға жалынып жүр баяғы!-деді Сабина.

-Өтірік бізге көзін қысып қояды.Осыларға бір көмектесе қалатындай.-деп сөзге қосылды Жұлдыз.

-Иа..Осы Өскеменнің жігіттерін түсінбей-ақ қойдым!..Нағыз жігіттерге түк ұқсамайды.Бұрынғыдай батыр ханзадалар қайда кеткен?!Ханшайымдарын құтқарудың орнына,оларды құтқару керек боп тұрған заман ғой!..-деді Ақмарал.

-Дегенмен,көпке топырақ шашып қажеті жоқ!..Менің жігітім олардың қатарынан емес.ХМ!-демесі бар ма Сабинаның.

-Сенің жігітің студент болған жоқ па екен?!

-Жааарайды...Мен-ақ сөйлемей қояйыншы осы...

-Менде мына Өскеменнен жалықтым!Отбасымызбен Алматыға көшеміз ба деген ойымыз бар.Мен оқуды бітірген соң.Алматыда біздің мамандыққа жұмыс оңай табылады.Өскеменде режиссёрлікке орын жоқ!..-деді Жұлдыз.

-Жақсы екен...Дұрыс!Менің де жігітіммен Астанаға кетем деген арманым бар.

-Сен қателесесің Жұлдыз!Өскеменде де кино түсіруге болады.Оған ниет болса жеткілікті...-дегенде қоңырау да соғылады.Қыздар орындарынан тұрады.Жігіттер Ақмаралдың жанына келеді.Бағанағы сөз қылып отырған жігіттер.Екі құрбысын бөлек алып кетеді.

-Сәлем Ақмарал!Қалың қалай?Мейрамыңмен!-деді бір жігіт Ақмаралдың қасына келіп.

-Қайдағы мейрам?

-Біздің әр күніміз мейрам емес пе?!

-Ой,қойшы сенде!

-Сабақтарың қалай боп жатыр?

-Шүкір жақсы...

-Менікін сұрамайсың ба?

-Сенің оқуың ше?

-Ой,сол жаман боп жүр соңғы кезде.Сабақтан көп қалып қойып,енді соның бәрін өтеу керек боп тұр...

-Өте! Енді,неғып жүрсің?

-Соны өтеу қиынға соғып тұрғаны...Бір өзімнің шамам келер емес.Сендей сұлулардан жедел жәрдем керек боп тұр.

-Қандай?

-Конспект жазып берші!

-Есесіне не бересің?

-Есесіне?Не қалайсың?

-Тосын сый!

-Қандай?

-Қандай екенін айтсам тосын сый бола ма екен?!

-Жарайды келістім!Мә,дәптерді ала ғой!..Қашан алайын?

-Екі күннен соң.Тегінде тосын сый болмаса,дәптер де,баға да жоқ!

-Ок!

-Оданда соны өзің жаза салатын жансың ғой!-деп Ақмарал аудиторияға кіріп кетеді.

  Екі күннен соң... Ақмарал әдеттегідей сабағында.Әлгі жігіттің өтінішін орындап қойған.Лекция жүріп жатыр.Бірақ Ақмарал телефонына үңіліп отыр.Сол баяғы вконтакте желісі.Екі көзі,екі қолы телефонда.Бір мезетте аудитория терезесінен әуе шары ұшып шықты.Студенттердің назары сол шарға ауған.Ақмарал оған аса мән берген жоқ.Студенттердің бірі қолын созып шарды алады.Шарға конверт байланған екен.Алқызыл түсті жүрек шарға,алқызыл түсті конверт байланыпты.Сыртында: «Ақмаралға» деп әдемілеп жазылыпты.Студенттер у-шу болып кетті.Ақмаралдың екі беті алмадай қызарып шыға келді.Ол аспаннан түскендей,аң-таң болып қалды.Мұғалім де не ұрсарын, не ұрыспасын білмей қалған тәрізді.Ақмарал үздік студенттердің бірі болғандықтан,тіл қатып бірдеңе айта алмады.Тек аузына келген сөзі: «Қане,балалар тынышталамыз!..Ақмарал ғашықтық хатыңды қоңырауда оқисың!Лекцияны жалғастырамыз!»

 Қоңырау да соғылды.Ақмаралды топтың қыздары қаумалап алған-ды.Хатты кімнің,не деп жазғаны бәрін қызықтыра түскені белгілі.Ақырын,байыппен хат та ашылады... «Не деп жазыпты?Кім жазыпты?» деп қыздар жан-жақтан сұрақтарды жаудыртып жатыр.

-«АКТ залында күтемін!Тезірек кел Ақмаралжан!» деп Ақмарал хатты дауыстап оқыды.

-Кімнен екені белгісіз...Барайын ба,жоқ па?Айтыңдаршы қыздар?!

-Барма!.. Оданда бірге барайык а?-деді Сабина.

-Кеттік онда!-деп Ақмарал қыздармен АКТ залына келді.АКТ залы тас қараңғы...Қыздар енді кетіп бара жатқанда,пионина үнімен жарық жағылды.Сахнада бір бозбала әсем әуен шертуде.Құлақтан кіріп бойды алар...Одан кейін ән айтыла бастады. 

«Қалампыр көздерің күлімдегенде,

Жанымның дерті де білінбеген бе?!

Кірпіктеріңе сенің келіп майсып,

Аспанның жұлдыздары ілінбеген бе?!» Бәрі ұйып тыңдап тұрып қалған...Жүректен шыққан ән,жүрекке жетер...Қыздар дегенің телефондарына видеоға түсіріп тұрған-ды...Ән айтылып біткен соң,бозбала басын иеді.Бет-әлпеті,түрі енді белгілі болды.Ол кеше Ақмаралға конспект жазуға өтініш білдірген жігіт екен.Тосын сый деп еді, айтқан сөзінде тұрды.Баға үшін жанталасқаны ма,әлде Ақмаралға сезімін білдірудің жолы ма екен?!Кім білсін?!.Дегенмен еңбектенген... Ол жігіттің есімі-Ерасыл.Колледж түгел дерлік таниды десе де болады.

«Үйй,Ерасыл ма?Тағы кезекті қалжыңдары!.. Бесит уже!.. Ақмаралды ұната ма не?.. Да ну,Ерасыл ғой мынау!?.» деген пікірлер айтылып жатты...Сірә,Ерасыл қалжыңбас,қызқұмар(бабник) болғаны ма?..Кіруге қоңырау соғылды.Қыздардың бәрі кетіп қалды.Ерасыл мен Ақмарал оңашада қалды...30 секундтық үнсіздік орын алды.

-Саған бағаңды жөндеу керек еді ғой?-деп бастады Ақмарал.

-Иа..

-Онда неге жүрсің сабағыңа кірмей?

-Саған тосын сый дайындап...Сен оқисың ғой менің сабағымды?!.

-Тапқан екенсің!

-Тосын сыйым ұнады ма?

-Ұнады!..Керемет! Рахмет!.. Бірақ...

-Не бірақ?

-Сонша әуреленудің не керегі бар еді?..Бір дәптерді көшіріп бергенім үшін...

-Жоға,несі әуре оның?!.Сен менің өтінішімнен бас тартқан жоқсың...Оның үстіне... Сендей сұлу қызға бұл түк емес ұой!.. Ән ұнады ма?

-Иа!Өзің шығардың ба?

-Жоқ! Досым тауып берді. Өзінің сүйікті әні екен.

-Онда алғысты досыңа айтуым керек болды ғой?

-Енді идея менікі ғой?!

-Жарайды қалжың ғой! Бәрі ерекше болды! Тосын сыйың ұнады.Рахмет!-деп Ақмарал Ерасылдың бетінен сүйеді...Сосын екеуі АКТ залында біраз әңгімелесіп отырды.Екеуі суретке түсті.Бір-бірінің қолын алып,жақсы тіл табысып кетті.Екеуі достасып үлгерген-ді...Ақмарал Ерасылға дәптерін берді. Екеуі бірге үйге қайтты.Ерасыл Амаралды үйіне дейін шығарып салды.Жолда інісі Мағжан да сабағынан келе жатыр екен.Қолында ала футбол добы.

-Әпке?-деді ол Ақмаралға бір қарап,Ерасылға бір қарап,көзін қысып қойып.

-Мағжан?-деп Ақмарал тұрып қалды.Сірә,інісінен ұялған сияқты...Ерасылмен танысып,біраз әңгімелесті.Екеуінің де сүйікті футбол командасы бір екен «Реал-Мадрид». Екеуінің ойы бір жерден шықты.Алып-ұшып үшеуі «Восток» стадионына келіп жетті.Ерасыл мен Мағжан футбол ойнауға кіріскен.Ақмарал болса жалғыз өзі екеуіне жанкүйер болып,екеуін суретке түсіріп отыр...Арасында қосылып ойнап қояды.Кеш қарайып,күн бата бастады.Үшеуі Өскеменнің түңгі көшелерінде жаяу,әндетіп,үйлеріне қайтып барады...Ақмарал тағы да бір селфи жасады.Негізі ол қызықты оқиғаларды суретке түсіргенді жақсы көреді.Хоббиі деседе болады...Солай  Ерасылмен де қоштасады.Мағжан мен Ақмарал үйлеріне кіріп кетеді...

  Ерасыл Ақмаралды сырттай ұнатады екен. Бағанағы тосын сыйы тегін  емес-ті. Олда вконтакте желісінде отыр. Ақмарал,Мағжанмен түскен фотоларын өз парақшасына кіргізеді.Ақмаралға ғашық көздерімен үңіліп,рэп тыңдап жатып,ұйықтап кетеді...Ал Ақмаралдың өзі болса,әлгі вконтактіде танысқан Нұржан деген жігітпен әңгімелесіп отыр.

-Бүгін не істедің?Күніңді жақсы өткізген сияқтысың ғой?Футбол ойнапсыңдар?-деді Нұржан.

-Иа...Бауырым және досыммен ойнағам.Уақытты көңілді өткіздік.Бірінші рет футбол ойнадым.Күшті болды...

-Ммм...Жақсы екен.Досыңда жақсы екен...

-Иа,Ерасыл деген досым.Жақсы бала...Қалжыңбас...Әрқашан бәрін күлдіріп,бәріне көмектесіп жүреді.Екеуіміз достасып кеттік...Менің алғашқы ұл досым.Ұлдармен дос болған жақсы екен!

-Жігіт пен қыздың арасында достық болмайды.Біреуі жасырын ұнатады.Білесің бе?

-Ой,ол өтірік сөз ғой!Мен ондайға сенбеймін!Ерасыл менің досым. Арамызда тек достық қана бар.

-Жарайды,солай-ақ болсын...

-Мхм...Сенде футболды жақсы көресің бе?Қай командаға жанкүйерсің?

-Мен футбол,волейбол дегендерді онша ұнатпаймын.Мен тек боксты ұнатам.Өзімде сонымен айналысам ғой!

-Ааа...Солай де...

-Солай жаным...Мына көздер менің басымды айналдырып бара жатыр...Енді қайттым?

-Қай?

-Әне,экранның арғы жағындағы мөп-мөдір көздер...Мені дуалап жатыр ғой дим...

-Ұялтпашы Нұржан!..

-Ұялып қалдың ба?

-Иа..-деп екеуі ұйықтағанша сөйлесіп жатады.Ақмаралдың Нұржанға деген қызығушылығы оянған сияқты.Басында қатайып сөйлеспеп еді, енді міне,ұзақ әңгімелесуге дейін барды.Ал Нұржанның Ақмаралды бір көргеннен ұнатқаны айдан ақ.Дегенмен, ол құрғақ сөзбен ғана жүр, ал Ерасыл болса ісімен дәлелдеп жүрген-ді...

  Келесі күні колледжде «Ақмарал мен Ерасыл жүреді» деген сыбыз тарап кетті.Сол күнгі видео бәрінің телефонында жүр.Отыра қалса әңгімелері «Ақмарал мен Ерасыл» болды. Бірақ Ақмарал бұл құр өсекке мән бергенде жоқ.Сабағына еш алаңсыз барып-келіп жүрді.Ерасыл Ақмаралға бірдеңе деп сөз айтуға да баталмады.Екеуі бұрынғыдан да жақсы араласа бастады деседе болады...Ерасыл фортопиана факультетінде оқитын. Бос уақытында АКТ залында Ақмаралға фортопианада қалай ойнау керек екенін үйретіп жүрді.Екеуінің үйлері жақын орналасқан. Сабаққа барарда Ерасылдың велосипедімен колледждеріне бірге барып жүрді.Ерасыл Ақмаралды бала кезінен бері таниды екен. Бірақ ол Ақмаралдың есінде жоқ. Бала күндерінде, шамамен алты жастарында мынандай жағдай орын алған: «Ақмарал жолдың жиегінде әдемі қуыршағымен ойнап отыр. Ерасыл достарымен сол жолдан өтіп бара жатқан-ды. Бір мезетте қатты жел тұрып, ойнап отырған бүлдіршіннің қуыршағының көйлегі жолға ұшып кетеді. Сол жолда қатты жылдамдықпен бір көлік келе жатқан еді. Оны Ақмарал байқамай, жолға қарай жүгіріп шығады. Ал оны Ерасыл болса байқап қояды да, Ақмаралды жолдың жиегіне шығарып құтқарып қалады. Кіп-кішкентай бола тұра қорықпады.Жасаған ісі кейде үлкендердің қолынан келмейтін іс. Мән-жайды түсінбеген Ақмарал, құтқарушы періштесінің басынан бір переді. Қасындағы достары қарқылдап күле салады.

-Сен кімсің? Мені неге итеріп жібердің? Басың істей ма сенің?

-Мен сені итергем жоқ, құтқарып қалдым. Рахмет айт маған!

-Хм, не үшін рахмет айтады екем? Керісінше сен меннен кешірім сұра!

-Немене?

-Тегене!-деп тілін шығарып, кетіп қалады. Ерасылдың достары мазақтап: «Өшіп қалдың ба? Тормоооз! Тормоз! Тормоз!» деп жатты. Ерасыл ызаланып кетеді.

-Ей қыз! Тоқта әйтпесе, қуыршағыңды жолға лақтырып жіберем!-деп еді Ақмарал кілт тоқтап қалады.

-Лақтыра алмайсың!

-Үшке едейін санаймын. Мында келмесең, лақтыра салам. Маған бәрі-бір... Бір... Екі... Екі жарым...-дегенде Ақмарал дереу ентігіп жүгіріп келеді.

-Лақтырма!

-Неге?

-Сол! Лақтырма! Әкел, ол менікі!

-Қызық екен! Лақтыра салсам не болады екен? Түк болмайды ғой! Мамаңа жаңасын сатқызып аласың!

-Бер дедім ғой саған!

-Рахмет айт!

-Айтпаймын!

-Кешірім сұра меннен!

-Сұрамаймын!

-Онда қуыршағыңмен қоштаса бер!

-Жоқ! Бер деген соң бермейсің бе, ақымақ!

-Ақымақ? Кешірім сұра деймін!

-Сұрамаймын! Сұрамаймын! Сұрамаймын!.. Ол менің сүйікті қуыршағым. Оны маған әкем сыйлаған. Қазір әкем іс-сапарда. Мен оны сағынғанда қасыма алып жатамын. Ол қуыршақ болмаса, мен ұйықтай алмаймын. Оны маған қайтарып берші!

-Қуыршағын қасына алып жатады екен. Прикооол!-деді Ерасылдың бір досы.

-Жарайды, кешірім сұрасам бересің бе?.. Мені ке...

-Тоқта! Сұрамай қой кешірім!

-Неге? Жоқ, сұраймын! Кеш...

-Сұрама дедім ғой! Енді меннен ешқашан кешірім сұрама! Ұқтың ба?Мә, ал қуыршағыңды!-деп қуыршағын қолына ұстатып, достарын ертіп кетіп қалады. Ақмарал көз жасын сүртіп, қуыршағын қатты-қатты құшақтап, үйіне қайтып  кетеді.»

  Содан бері Ерасылдың сезімі арта түсті. Неге дейсіздер ме? Себебі, Ерасылдың әкесі алты жасында қайтыс болған еді. Оның да әкесі әрқашан іс-сапарларда жүретін. Бір күні әкесі іс-сапардан ойыншық «робот» сатып әкеліп береді. Ол ең қымбат, әрі сүйікті ойыншығына айналады. Әкесі әр іс-сапарға кеткен сайын сол ойыншығын қойнына салып ұйықтайтын. Күндердің бір күні әкесі үйіне оралмады. Сол қоштасудан кейін Ерасыл да ойыншығын жанынан тастамайтын, онсыз ұйықтай алмайтын болған. Ерасыл Ақмаралды сол себепті ұнатып қалған, бір-біріне ұқсастығы үшін жақсы көріп кеткен. Сол бала күнгі сүйікті ойыншықтар, екеуінде де әлі күнге дейін сақталған-ды.

  Дегенмен Ақмарал оны байқамады.Ерасылды бұрынғыдай досым деп қабылдап жүре берді.Осылайша күндер мен түндер жалғаса берді.Ақмарал Нұржанмен сол баяғы телефонмен сөйлесіп жүрген-ді.Сабақтан қайтқанда,үйде тамақ әзірлегенде,ұйқыдан оянса да,ұйықтағалы жатса да,қыздармен шопинг жасап жүрсе де,Мағжанмен сабақ қарап отырып та сөйлесетін болды.Күні-түні екеуі тек вконтактіде емес,телефонмен де сөйлесіп жүрді.Міне,қазіргі махаббаттың түрі осындай...Сезімде суып,құр қиял мен бос уәделер көбейіп барады.Кездесу жоқ,тек сөйлесу бар...Мұны махаббат дейміз бе?Жоқ әлде басқалай қалай атаса болады?..Бірінікі «Жауапсыз махааббат» болса, бірі «Алдамшы сезімнің жетегінде» жүр...

 Солай күндер зырғып,екі ай өте шықты.Қарашаның он үшіне де келіп жеттік.Бұл айтулы күн!Ақмаралдың әкесінің туған күні.Аманбек көке 53-ке толады.Ақмарал дүкен аралап,әкесіне сыйлық қарап жүр.Өзі жалғыз...Бір кезде алдынан Ерасыл шыға келді.Кейздесоқтық па?Әлде арнайы жоспарланған ба?Қызық жағдай!..

-О,Ақмарал!Қалайсың?

-О,Ерасыл сәлем!Сен мында не істеп жүрсің?

-Жәй,дүкен аралап сол...Өзің ше? Ұлдар киімі жақта адасып жүрсің бе?

-Әкеме сыйлық қарап жүрмін...Бүгін туған күні!

-О,құттықтаймын!..Көмек керек па?

-Шынымды айтсам,керек!..Не аларымды білмей жүрм...Не алса болады?Киім алайын десем,әкемнің өлшемін білмейді екем...-деп күлімсіреді.

-Онда киімнен басқа бір зат алайық...

-Жарайды!

-Кеттік онда!-деп Ерасыл Ақмаралдың қолынан ұстап,сүйреп алып кетеді.Екеуі дүкен аралауға кіріседі.Ерасылдың ойына сағат алу келген сияқты,сағат сататын дүнгіршектерді көріп жүрген-ді.Ерасылдың қолына өлшеп,әдемі бір сағат таңдап,сатып алады.

-Рахмет Ерасыл!Сен болмасаң,әлі не аларымды білмей жүрер едім.

-Оқасы жоқ!

-Енді үйге барып дастархан әзірлеу керек.Тортқа тапсырыс беріп қойғам.

-Әкең үйде ме?

-Жоқ жұмыста.Кешке келеді.Сол кешке дейін үлгеру керек.Мамама асықпай кел,бәрін өзім дайындаймын деп қойғам.

-Мағжан ше?

-Ол үйде...Ол не істей алар дейсің?Жеп-тауысып көмектеспесе...

-Сонда сен маған көмектесші деп тұрсың ғой а?-деп көзін қысты.

-Жо-жоқ!Олай емес!..Өзім үлгеретін шығармын...

-Әкең қатал ма?

-Жоқ..Әлі күнге дейін маған ұрсып көрген емес...Жайдарлы,қалжыңбас адам.Сен сияқты!

-Онда әкеңмен тіл табысу қиын емес екен ғой?!.Онда менде әкеңді құттықтап шығайын.Қалай қарайсың?Қарсы емессің бе?

-Шын айтасың ба? Қолың бос болса жүр!Еш қарсылығым жоқ.

-Кеттік онда!-деп екеуі Ақмаралдың үйіне жол тартты.Автобусқа отырып үйлеріне де жетеді.Ақмарал қолынан келетін тағамдарды әзірлеуге кіріскен.Салат,кекс,тауық еті,бәліштер деген сияқты.Ерасыл қасында әңгіме айтып,Ақмаралды күлдіріп көмектесіп отыр.Арасында Ақмарал Ерасылға тағамдардан ауыз тигізіп қояды...Сәлден соң,інісі Мағжан да сабағынан келіп қалады.Ас бөлмеге кірген бетте,Ерасылды көріп,қуанып,құшақтап жібереді.Екеуі де достасып кеткен-ді.Ақмаралға көмектесуге келген Ерасыл,аяғы Мағжанмен бірге шахмат ойнап кетті.Екеуінің де талғамдары сәйкес.Екеуі де шахматты,футболды сүйіп ойнайды.Ақмарал пешке тағамын салып,ол піскенше екі ойыншының ойнын тамашалап тұрған-ды.Үшеуі әдеттегідей суретке түсті...Бір сәтте ас бөлмеден күйіктің исі шыға бастады.Үшеуі үнсіз бір-біріне қарап қалды.Ақмарал: «Тамағым күйді!» деп айғай салды.

  Иа...Сонша әуреленіп дайындаған тағамы күйіп кетті.Ақмаралдың тіпті,екі көзі ботадай мөлдіріп сала берді.

-Сендердің кесірлерің!..Болды!Жеуге келмейді...Түгел күйіп кетті...-деді ақырын дауыспен.Ерасыл мен Мағжан бір-біріне қарап қояды.Екеуінде де үн жоқ...

-Мейрамханаға барайық!-деді Мағжан.

-Аха,ақшаң көп па еді?Мейрамхана дейді ғой...

-Мағжан дұрыс айтады.Мен бір арзан мейрамхананы білемін.Әрі онда менің бір танысым жұмыс істейді.-деді Ерасыл.

-Даяшы боп па?..Оған менде ақша жоқ.Бүгін бәріне азық-түлік сатып алып қойғам...

-Сен ол жағын уайымдама!Маған сенсең болғаны.Басқасына басыңды қатырмай қой.Келістік пе?-деген кезде,есік қоңырауы соғылады.Үшеуінің көздері үкінің көздеріндей шарасынан шығардай.Ақмарал Ерасылға: «Тығыл,тығыл,тығыл дим!» деп байбалам салды. «Қайда?Қайда?» деді тосырқап.Сол мезетте Мағжан зу етіп есікті ашып жібереді.Ерасыл мен Ақмарал қолдарына туған күн шашуларын,кішігірім отшашуларын алып,жарықты сөндіріп «Туған күніңізбен!Туған күніңізбен! деп шыға келді.Ешбір ойланбастан болды әйтеуір...Анасы мен әкесі де үйінен қыздарының қасынан бөтен жігітті көргенде таңырқап қалды.

-Әке туған күніңізбен!-деп Ақмарал мен Мағжан әкелерінің бетінен сүйіп,құттықтады.Ерасылда:

-Туған күніңізбен аға!-деді.

-Рахмет-рахмет!Бұл недеген ерекше тосын сый а?-деді әкесі сабырмен.

-Бұл-Ерасыл...Менің досым...Арнайы сізді құттықтауға келді...

-Арнайы құттықтау үшін де?..Ол недеген жақын дос десеңші?!

-Аа,Ерасыл балам!Жүре ғой,ішке кірейік!Тамақтан ауыз ти.Жүріңдер,жүр!-деді анасы ақжарқын үнімен.

-Жоқ,мама!Біз сіздерге арнайы мейрамханаға тапсырыс беріп қойдық.Бірден сонда барайық...Ерасыл қайтайын деп тұрған негізі...Солай емес пе Ерасыл?

-А? Иа...Қайтып бара жатқам...Тамаққа әуре болмай қойыңыз.

-Жүріңіздер мейрамханаға!-деп төртеуі мейрамханаға кетеді.Ерасыл мейрамханаға тапсырыс беріп,барлық шығынды өз мойнына алады.Әрине,Ақмаралды жақсы көргендіктен,оның әкесін сыйлағандықтан...

  Төрт көзі түгел болып,мейрамханада дастархан басында туған күн кешін жалғастыруда.Айрандай ұйыған отбасының айқын көрінісі.Тағамдарға тапсырыс беріп те қойған.Дастархан басына сол тапсырыстарды даяшы әкеліп қойып жатыр.Жан-жағына қарап отырған Ақмарал,даяшыға мойнын бұрды.Қараса ғаламторда танысқан Нұржан екен.Нұржан да оны бірден танып қойды.

-Нұржан?-деді Ақмарал. Әкесі,анас,інісі бәрі даяшыға жалт қарады. Мағжан:

-Ақмарал сен бұл жігітті танисың ба?-деді.

-А?.. Нұржан Керменбаевтың әні ғой мынау,ойнап жатқан. «Алыста жүрсемде,бар ойым бір сенде»-деп тақырыпты басқа арнаға ауыстырып жіберіп,ән айтып кетеді.

-Үйй,сенде бір!-деп Мағжан тамағын асай берді.

-Әй,Зәуре біздің күйеу бала қалай өзі,былай? Жақсы жігіт сияқты ма?-деп еді, Нұржан сасқалақтап,ыдыстарын салдыратып алды.Өзі жайлы айтып тұр деп,қобалжып кетеді.Тез-тез тапсырыстарды орнына қойып,кетіп қалды.

-Күйеу бала дейсің бе? Жай досы шығар қайдан білесің?Сенде тыныш отырмайды екенсің...Қызды ұялтып...-деді Зәуре.

-Әке,ол мынадай жігіт қой!-деп Мағжан бас бармағын көрсетті.

-Өй,оны сен қайдан білесің?

-Мен онымен екі ай бұрын танысқанмын.

-Екі ай бұрын де...

-Иа...Екеуіміз...Ой,үшеуіміз футбол ойнадық.Оның да командасы «Реал Мадрид» екен,әке!-деп әңгімені де айтып отыр,тамағында жеп отырған-ды.

-Еее,онда бір күні ол баламен бірігіп футбол ойнамадық па,а?

-Бала боп кеттің бе?Футбол сенің не тенің?!.

-Біз ещё селфи жасадық.

-Ол несі-ей?

-Міне,қараңыз әке!-деп үшеуі түскен фотоны көрсетеді.Ақмарал отырған жерінде ұялып кеткен,не сөйлерін,не сөйлемесін білмей отыр.

-Әәә!Өздерің суретке жақсы түседі екенсіңдер!Жарасып-ақ тұрсыңдар!

-Бұл ғана емес!..Бүгін тағы түстік!Ақмарал соткаңды берші!-деп тағы да фотоларды көрсеткелі жатқанда,Ақмарал:

-Мағжан!..Сен көп сөйлеп кеттім деп ойламайсың ба?Көп сөйлей берсең,тамағың суып қалады.-деп Мағжанның аузына тамақ салып жібереді.

-Әке-шешесі не жұмыс істейді екен?Сенің колледжіңде оқи ма?Жұмыс істей ме?-деп анасы сұрақтарды жаудырта берді.Әлбетте,барлық аналардың сұрағы ғой,қазір.

-Мамааа!?

-Болды,жарайды,қойдым!

 Осылай туған күн кешін көңілді өткізіп,үйлеріне қайтады.Бәрі шырт ұйқыға кеткен.Тек Ақмарал вконтактіде Нұржанмен сөйлесіп отыр.

« -Мен деген кірерге тесік таппай қалдым ғой! (Нұржан)

-Иа,байқадым...Ыдысыңды сындырып ала жаздадың ғой.

-Но...Сен фотодан қарағанда шын өмірде оданда әдемі екенсің...

-)))

-Саған тағы бір мәрте ғашық болдым...

-(күлген смайлик)

-Ертең кездесейікші! Сені көргім келеді...Қолыңнан ұстағым келеді...

-Көрем...

-Ойлан жаным!Сенің жауабыңды асыға күтем!

-Жарайды.Қайырлы түн!

-Сүйдім!..»

  Осылайша екеуі ертең кездесетін болып шешті...Ғаламтордағы танысу,көрісумен жалғасатын болды.Әйтеуір дегенде...

 Таңда атты... Ақмарал сабағында отыр.Лекция бітіп,ауызша сабақ айту басталған.Студенттердің «Қайталап алайықшы апай!» деп айта бастайтын кездері.Кезек Ақмаралға келген.Сабағына қай уақытта дайындалып жүргені белгісіз.Сірә,сабақ үстінде бір оқып алып,есіне түсірген болар.Жақсы әрі түсінікті қылып айтып берді.Мұғалімнің қосымша сұрақтарына да жауап берді.Лайықты бағасын алды.Қоңырауда соғылды.Асханаға әдеттегідей екі құрбысымен жол тартқан.Әңгімелесу басталды...

-Қыздарики? Менің сендерге бір өтінішім бар.

-Айтып қояйын вк-ға кіруге соткамды бермеймін.Зарядкасы жоқ!-деді Жұлдыз.

-Ал мен WiFi таратпаймын айтып қояйын!

-Ой,қыздар сендерден оны кім сұрағалы тұр?!Менің айтарым ол емес!Қысқасы былай: мен екі айдай бір жігітпен вконтактіде және телефонмен сөйлесіп жүрмін.

-Бізге айтпай?-деді екеуі хормен.

-Иа...Енді сол жігітпен кездесу керек.Мен оны кеше мейрамханада көріп қалдым.Даяшы екен...

-Официант что ли?-деді тағы хормен.

-Туу,қыздар!Даяшы болғанда тұрған не бар!?Студентпіз ғой бәріміз...

-Иа,түсінуге болады.-деді Жұлдыз.

-Сонымен қандай өтініш айтасың?-деді Сабина.

-Кездесуге жалғыз өзім барғым келмейді. Алғашқы кездесу...Ұялам мен...

-Мен жігітіммен қыдырамын.Уақытым жоқ!Ренжіме жаным!-деді Сабина.

-Жұлдыз?Өтінемін!Сабағына көмектесемін.Бүгінгі тақырыпты түсіндіріп беремін.

-Ну,ладно!..Тек сен үшін! Сабақ үшін емес!

-Жарайды!Рахмет жаным!

 Сөйтіп екеуі кездесуге жиналады.Боянып-сыланып жөнделеді.Содан бір дәмханаға келеді.Барса Нұржан келіп алыпты.Әрине,жігіттің қызды күттіріп қоюуы келіспес.Орнынан алып-ұшып түрегеліп,қыздарды қарсы алады.Ізеттілік танытып,қыздардың орындықтарын қойып береді.Құдды бір «джентелмен» сияқты.

-Қош келдіңіздер ханымдар!Қалайсыздар?-деп өзі сөз бастады.

-Жақсымыз,өзің қалайсың?-деді Ақмарал жіңішке нәзік үнімен.

-Сендердей сұлу қыздарды көргенде,тіпті керемет боп кеттім!

-Танысып қой!Менің құрбым,группаласым-Жұлдыз.Жұлдыз бұл-Нұржан.

-Танысқаныма қуаныштымын,Жұлдыз!

-Менде!..

-Ал,тамаққа тапсырыс береміз бе?Не жейсіздер?Ыстық,суық тамақ?-деп Нұржан мәзірді қолына алды.

-Жеңіл-желпі тағамдардың бірін таңдайық!Ыстық тамаққа тәбетім татпай тұр,шынымды айтсам...-деді Ақмарал. Жұлдыз да «иа» деп,басын изеді.

-Әәә,меннен ұялып отсыңдар ма қыздар?.Қалжың ғой!..Жақсы онда,мен өзім таңдап,тапсырыс берсем қалай қарайсыздар?

-Жарайды!-деді Ақмарал.

-Сүтті балмұздақ, «Гусарский» салаты,сүтті коктейл.Ал қалай екен менің таңдауым?

-Тура мен сүйіп жейтін тағамдар.Қалай дәл түстіңіз?-деді Жұлдыз.

-О,талғамымыз сәйкес екен ғой?!.Ал саған ше Ақмарал?

-Ешқайсысы менің сүйікті тағамым емес.Мен шоколодты балмұздақ пен шоколодты коктейлді ұнатамын.Сонымен қатар,ащы салаттарды ұнатпаймын.-деп Ақмарал судыратып айтып шықты.

-Ути-пути!..Ренжімеші енді,жаным!-деп Нұржан Ақмаралдың бетінен шымшыды.Содан үшеуі тапсырыстарын беріп,әңгімелесе отырып,тамақтанады.Арасында күліп қойып,отырыстары жайдарлы болды.Үшеуі де қызу әңгіменің қызығына батып кетіп,кештің қалай батқанын байқамады да. Үшеуі көше бойлап келе жатқан еді.

-Ал,жақсы менің үйім мына жақта.Жақын арада... Мен кете берейін! Нұржан сен ренжімесең Жұлдызды шығарып саласың ба?Оның үйі алыста,оның үстіне кеш боп кетті...-деді Ақмарал.

-Жарайды,ренжімеймін!

-Рахмет көп-көп!Онда мен бара берейін!Көріскенше жаным!-деп Жұлдыздың бетінен сүйеді.Нұржан да бетін төсеп: «Менікі ше?» деп еді,Ақмарал оның да бетінен сүйіп,асықпай кете барды.Ал Нұржан Жұлдызға: «Жүріңіз мадам!» деп,оны үйіне дейін шығарып салмақшы.Екеуі жол жөнекей дастархан басындағы әңгімені жалғастырды.Ортақ тақырып тапқан сияқты...Жұлдыздың да үйіне жетіп,екеуі қоштасады.

 Ақмарал болса,төсегінде терең ойға,тәтті қиялға беріліп жатқан-ды.Бағанағы Нұржанның бетінен шымшығаны,оның бетінен сүйгенін есіне алып,өз-өзінен мәз болып жатып,ұйқыға шомып кетеді...

...Арада біраз күндер өтеді.Күңгірт күз жылжып,ызғарлы қыстың күндерін де өткеріп,көктемнің шуақты сәттеріне жеткен-ді.Сол күндер ішінде Нұржан мен Ақмарал бірнеше рет киноға барады,Өскемендегі «Қазақстан» тауына шығады, қаладағы белгілі «этнобаққа» барады, біргіп бильярд ойнауды үйренеді.Бірақ жандарында Жұлдыз бірге жүрді.Үшеуі уақыттарын қызықты да көңілді өткізді.Талай суреттерге түсіп үлгерген.Ақмарал Нұржансыз өмірін елестете алмайтындай хәлге жетті.Оны ұнатып,оған деген сезімі пайда болды.Сабақтан қайтқан соң күтіп алып,үшеуі жас балаша қармен атысып ойнайтын...Дегенмен,үшеуі алғашқы кездескендегідей емес,бір-бірінен ұялмай сөйлесетін боп кетті...Бірақ Ақмарал мен Нұржан оңаша емес,Жұлдыз да қастарынан еш кеткен емес.Қайда барса да,Жұлдыз бірге жүретін...

  Түннің қара мақпал шапаны бүркеген кезі еді.Нұржан жалғыз өзі Жұлдыздың үйінің қасынан өтіп бара жатты.Кейздесоқ емес,әдейі. Жәй көріп кету үшін.Жұлдыз сыртта демалып,жұлдыздарға қарап отырған еді.

-Жердегі Жұлдыз,көктегі жұлдыздарға қарап отыр ма екен?Нені армандап отыр екен?-деп қасына келді.

-Нұржан?Сен мұнда неғып жүрсің?

-Жәй,өтіп бара жатқам.Сосын сені көріп қалдым...

-Ммм...

-«Үйге кір!» деп айтпайсың ба? Әлде үйде біреу бар ма?

-Жоқ...Жүр,кір...Шәй демдеп жіберейін!

 Екеуі біраз әңгімелесіп,ыстық шәй ішті.Енді романтикалық кино көріп отырған-ды.

-Қандай жақсы иа?Қос ғашықтар бірге,бір-бірімен қауышып жатыр...-деді Нұржан.

-Сендер сияқты...

-Жоқ...-деді.Сосын сәл үнсіздік...

-Жұлдыз,Ақмарал маған досым сияқты...Мен өз-өзімді алдап жүргендеймін...Тіпті,Ақмаралды да...

-Неге?

-Өйткені,мен сені сүйемін!Жұлдыз түсінесің бе?Сені сүйемін!..Сен ше?Сенде мені ұнатасың ғой иа?

-Нұржан сен не айтып кеттің?..Олай емес...

-Жасырмашы,сезіміңді жасырмашы!..Маған оны сенің көздерің айтып тұр...-деп Нұржан Жұлдыздың шашын сипап,қолынан ұстады.

-Мен...Нұржан,біздікі дұрыс емес!Бұл дұрыс емес!..Қателік...

-Қателік пе?Онда мені соғып жібер!Қане,соқшы мені!.Екеуіміздің сезіміміз шынайы...Сенде мені ұнатасың...Солай ма?

-Иа...Бірақ...

  Иа...Міне нағыз трогедия!Сатқындық дерсің бе,басқа не дерсің мұны?Нұржан мен Жұлдыз бір-бірін ұнатады екен.Сезімдерін сыртқа шығармай,іште тұншықтырып келген.Осы сәтті күтіп жүрген...Сезімді бағындыра алмады. Ақмаралдың махаббаты тапталды.Қиянат жасалды...Бірі жан құрбысы,бірі сүйіктісі еді. Енді олар Ақмарал үшін сатқынға айналары хақ...

  Ал дәл сол кезде Ақмарал өз бөлмесінде кітап оқып отырған еді.Жайбарақат... Жүзі жайдарлы,алаңсыз,бақытты жан, әрине... Әттең... Бір мезетте ас бөлмеден көк түтін шыға бастады.Әкесі мен анасы ұйқыда жатқан,інісі компьютермен ойын ойнап отыр.Түтін исі Ақмаралдың бөлмесіне де жеткен-ді.Кітабын тастай салып,орнынан атып-тұрып,ас бөлмеге барады.Лапылдаған от бет қаратпайды.Дереу әкесі мен анасын оятып,інісінің қолынан ұстап сыртқа алып шығады.Өрт сөндіру қызметіне хабар береді...

  Сол кезде,дәл осы үйдің көшесінде Ерасыл кетіп бара жатты.Қолында сыйлық қорабы бар.Сірә,Ақмаралға әкеле жатқан болар.Жалындаған өртті көре сала,алып-ұшып жүгіріп келеді.Көрші-қолаңның бәрі ұйқысынан тұрған.Қолдарынан келгенше су шашып,өртті сөндіруге талпынып жатыр.Өрт сөндіру қызметі әлі келген жоқ...Бәрі жан-жақтан су шашуда...Бірақ өрт дес берер емес.Зәуре мен Мағжан жылап тұрса,Ақмарал қатты шошынып,өңі сұрланып кеткен.Аманбек ентігіп жүріп су шашып жатыр.Кенет Ақмарал: «Сценарийлерім» деді.Өзінің талай жылдар бойы тер төгіп,еңбектеніп жазған сценарийлері үйде қалып қойды.Ойланбастан үйге қарай жүгірді.

-Ақмарал қайда барасың?-деп Ерасыл жолын бөгеді.

-Cценарий...Сценарийім қалып қойды...Жолдан былай тұр,мен сценарийімді алып шығуым керек...Өтінем Ерасыл былай тұршы!

-Қай бөлмеде?

-Менің...Жоқ сен барма!Бармайсың!-деп Ақмарал Ерасылдың қолын ұстады.Ерасыл қолындағы сыйлығын,Ақмаралдың қолына ұстатты да: «Мен аман-есен келем.Аллаға сен!» деп өртеніп жатқан үйге кіріп кетеді.Даладағы халық ду ете қалды.Ақмарал өзін кінәлі сезінді.Көзінен паршалап жас тама берді.Тек ішінен: «Құдайым өзің жар бола өр!Ерасылды құтқар!» деп айтып тұрды.Ерасыл асқан батылдық жасады.Ақмарал үшін өз өмірін қатерге қиды.Махаббатының сонша адал,шексіз екенін,ісімен дәлелдеуге кетті.Өзі жайлы ойлағанда жоқ,тек Ақмарал, Ақмарал...Біраз уақытта өтті. Ерасыл үйден әлі шыққан жоқ.Махаббатымен қоса,өзіде жанып кетті ме? Белгісіз...

  Әне-міне дегенше өрт сөндірушілер де келіп жетті.Ғарыштан келгендей,кешігіп келді.Жұрт күбір-күбір наразылықтарын жаудырта бастады.Оларға мән берген өрт сөндірушілер жоқ.Өз жұмыстарына кірісіп,өртті сөндіре бастады.Үйдің шаңырағы ортасына түсті.Ыстық ұялары түгел дерлік өртеніп кетті.Ақмаралдың отбасына қара бұлт үйірілді.Дегенмен, Өмір осымен тоқтап қалған жоқ. «Аман болса басым,өсер әлі шашым» дегендей,өздері аман болса,бәрінде ретке келтіруге болады.Тек бұл жанұя мойымаса болғаны...

  Әйтеуір «ух» деп, Ерасылда үйден шықты.Қолында папкасы бар. «Мынау ма?..» деп, Ақмаралдың алдына кеп құлады.Түтіннің исінен есінен танып қалған-ды.

-Ерасыл?Ерасыл?-деп Ақмарал Ерасылды жұлқылай бастады.

-Ақмарал сабыр ет қызым!Жедел жәрдем шақырайық!-деді Зәуре.

-Ерасыл өтінемін көзіңді ашшы!Өтінем бізді тастамашы!Ерасыл!

-Ерасыл өле ме Ақмарал?-деді Мағжан дауысы дірілдеп.

-Жоқ!Қайдағыны айтпа!Өлмейді!..Жедел жәрдем қайда жүр?Тезірек шақырыңдаршы!..Не істеймін? Ерасыл өтінемін көзіңді ашшы!Ерасыл!..Қалжыңдап тұрсың ғой иа?.. Менімен бұлай қалжыңдамашы!..Ерасыл...- деген сәтте ұстап отырған Ерасылдың қолы кілт жерге түсті...Ақмаралдың жүрегі тоқтап қалғандай боп кетті.Бар дауысымен «Ерасыл» деп айғай салды.Жүрегінің тұсына құлағын төсеп,жүрек қағысын тыңдап көрмек болды.Ерасыл ақырын ғана көзін ашып: «Жүрегім кім деп соғып жатыр екен?» деді.Ақмарал қуанып кетіп,көзінің жасын сүртті... «Жынды!» деп орнынан тұрып кетеді.Ерасыл біраз жөтеліп-жөтеліп,Мағжанның сүйемелдеуімен орнынан тұрады.

-Мама,жедел жәрдем шақырдыңдар ма?Қашан келеді?Ертең ба?

-О,шырағым,айналайын!Тәуірсің бе?Есіңді жиыпсың ғой?Ой,айналайын,рахмет көп-көп! Бізді біраз қорқыттың ғой?! Рахмет шырағым!-деді Зәуре Ерасылдың маңдайынан сүйіп.

-Оқасы жоқ апай! Жедел жәрдемді шақырмай қойыңыздар!Мен тәуірмін!

-Ой,балам олай болмайды ғой!..

-Керек емес апай!Рахмет!Мен сап-саумын!

-Ақмарал сен досыңды үйіне дейін шығарып сал. Жолда құлап қалып жүрмесін.

-Ал сіздер ше?

-Біз Мантай көкелеріңдікіне барамыз.Сенде сол жаққа кел.Таксимен келерсің жарай ма?

-Сау болыңыз апай!-деп екеуі Ерасылдыкыне жол тартты.Салқын самал ескен түнгі көше бойымен асықпай қадам басып келе жатыр.Ақмарал Ерасылды мықтап қолтықтап алған...

-Рахмет Ерасыл!..Сені ішке кіргізгенім үшін қатты өкіндім...Сені шықпай қала ма деп қатты қорықтым...Рас айтам. Жүрегің тоқтап қалды деп ойладым.Кешірші өтінемін!..Егер сен...

-Тсс! Жарайды...Уайымдамашы! Менде бәрі жақсы! Және де өкіне көрме!Мен бұл ісіме еш өкінбеймін!..Қайта саған көмектескеніме қуанамын!Жарай ма?Жыламашы енді!-деп Ақмаралдың көз жасын сүртіп,құшағына басады.

-Ааа!.Айтпақшы мынау саған!Бағана дұрыстап беруге мұрша болмады ғой...

-Ол не?

-Ашып қара!Азынаулақ сыйлық саған.

-Маған ба?..Рахмет!-деп сыйлықты аша бастайды.Сосын қымбат табағалы фотоапаратты көргенде ішін тартып,айтарға сөз таба алмай қалды.Қуанғаннан Ерасылды құшақтап жіберді.Фотоапарат алу ойында жүрген еді.Өйткені,фотоға түсіргенді жаны сүйеді.Оның ойынша «Әр режиссёрдің өзінде өте қымбат,сапалы фотоапарат болу керек.»Міне,оның қалауын Ерасыл орындаған-ды.Өзі сүйген жанының ойын оқи біледі екен...

-Рахмет Ерасыл көп-көп!Қалай қатты қуанып тұрғанымды білсең ғой!Сен қалай біліп қойдың,менің фотоапарат алғым келіп жүргенін?

-Мен адамның ойын оқи білем!..

-Бәсе-бәсе!..Шынымен қатты қуаныштымын!Рахмет саған көп-көп!Рахмет!

-Алғысыңды қайта-қайта айта бересің бе? Оданда жүр фотоға түспейміз бе?

-Қане! «Чиииз!»-деп екеуі әдемі бір фотоға түседі.

-Ерасыл,сен бүгін маған үлкен көмек көрсеттің...Мектеп кезінен бері жазып жүрген сценарийімді сақтап қалдың.Менің арманымды құтқардың десе де болады... Ерасыл сен менің құтқарушы періштемсің!Рахмет саған Ерасыл!-деп бетінен сүйді де,жүгіріп кетеді.Ерасыл болса бір жымиып қалады. Ерасылдыкы нағыз ердің ісі болды.Еш ойланбастан,қорықпастан қадам жасай білді.Ақмаралдың еңбегі,арманы өртенбес үшін еш кідірмеді...

 Ал ана жақта Нұржан Ақмаралға сатқындық жасаса,мына жақта Ерасыл көмегін көрсетіп жатты.Досынан-көмек,сүйіктісінен-сатқындық орын алды...                           Бұл кездер сағат 22-00 шамасы еді...Ақмарал такси тоқтатады.Бір қызығы Ақмаралдың қауіпсіздігіне алаңдаған Ерасыл соңынан жүріп отырды.Олда басқа такси тоқтатып,Ақмаралдың соңынан ілеседі.Бірақ Ақмарал туысының үйіне емес,Жұлдыздың үйіне келеді...Енді әрине,ол әзірші «жан құрбым» деп ойлайды ғой.Есік қоңырауын басады.Жұлдыздың үстінде жеңіл-желпі киім,Нұржан болса ас әзірлеп әлек болып жүр.Жұлдыз бақыттан басы айналып жүр,ойында ештеңе жоқ,барды да есікті аша салды.

-Білгем сенің осындай киіммен жүргеніңді!..Түнгі қонақ қабылдайсың ба?

  Таңырқап қалған Жұлдыздың көзі шарасынан шығардай күйде.Ақмарал үйге бірден кіріп кетеді.

-Жалғыз ішің пыспай ма деп келгем ғой!Не істеп отыр едің?-дегенде,«Жаным ол кім?» деген Нұржанның дауысы шығады.Ақмарал көзін жыпылықтатып,өз көзіне өзі сенбей,қайтадан: «Не істеп отыр едің?» деп сұрады.Ақыры алдында тұрған Нұржанның елесі емес,дәл өзі екеніне көзі жетеді.

-Нұржан?-деді сосын,көзінен ыстық жасы тамып.

-Жаным?..Мен... Сендерге кедергі жасадым ғой деймін... Кешірім сұраймын!Не істеп жатыр едіңдер? Жалғастыра беріңдер!..Мен кетейін...Шығарып салмай қойыңдар,өзім-ақ кете берем...-деп бірден шығып кетеді.Мөлдір ыстық жасымен,жүрегі де жылап,езілгендей...Жанашыр,қамқор болар-ау деп барған құрбысы,ту сыртынан пышақ ұрды.Махаббатым,сүйіктім деп жүрген жігіті-биік құздан қолын бұлғап итере салғандай.Итере салғандай емес-ау,дәл солай ғой...Қазір бойында ашу-ыза,жеккөрушілік,жалғыздық,күйініш,көзінде терең мұң...

  Үйден жүгіріп шыққан Ақмаралды көрген Ерасыл,бұрылып қайтадан соңынан жүгіреді.Жұлдыз бен Нұржанның қол ұстасып тұрғанын байқап қалады.Жағдайдың мәнісін ұғып қойған тәрізді.Ақмарал ентігіп бір бұрышқа келіп,тізесін құшақтап отыра кетеді.Манағы көз жасы солып қалған.Тек бір нүктеге тесіліп,кірпік қақпай отырған-ды.Ерасыл жанына келеді.Осындайда айтарға сөзде табылмай қалады.Бір мезетте Ақмаралдың телефоны шырылдайды.Қоңырау шалып тұрған анасы.Тұтқаны Ерасыл көтереді.

-Алло апай?

-Ерасыл сенсің бе?Ақмарал қайда?Әлі қайтпады ма?Қашан қайтады енді?Түннің бір уағы болды ғой?-деп алаңдады Зәуре.

-Апай,Ақмарал мені ауруханаға әкелді.Мен біраз аурып тұрған едім.Ол дәрігермен сөйлесуге кетті.Қазір қайтады.Өзім апарып тастаймын.Алаң болмаңыз!-деп сылтау айтуға мәжбүр болды.

-Ааа...Ее,онда жақсылап емделіп,дұрыстап қаралып ал, шырағым!Біздің кесірімізден осындай жағдайға тап болдың.Ренжіме айналайын!..Көп-көп рахмет!..

-О,не дегеніңіз апай!Ештеңе етпейді!..Жақсы онда,сау болыңыз апа!-деп Ерасыл тұтқаны қояды да,Ақмаралдың қолынан ұстап,орнынан тұрғызады.Көзінің жасын сүртіп,құшағына басады.

-Жылама Ақмарал!Ол сенің көз жасыңа тұрмайды!Кім ол соншама сені жылатқан? Айтшы? Ондай пасық жігіттер,бес тиынға да татымайды.Қолынан келетіндері тек сол ғана...Ол саған мүлдем лайық емес.Сенің тырнағыңа да татымайды.

-Ерасыл? Ал Жұлдыз ше? Ол менің жан құрбым еді ғой?..Орыс халқында мынадай сөз бар: «Будь готов к предательству любого из своих людей,но особенно того,кому ты доверяешь больше всех»...Бір күні сенде мені сатып кетесің бе?

-Ақмарал!Ондайды мүлдем ойыңа да алма!Мен сені...Мен...

-Мен оңаша қалғым келеді...Сен қайта бер үйіңе!-деп артқа бұрылып кетіп бар жатқанда,Ерасыл қолынан ұстап,үйіне қарай алып кетеді...

  Иа...Бәрі шиеленісіп кетті-ау...Үйдегі өрт,артынша мына сатқындық.Ақмаралдың өмірінде жаңа өзгерістер басталды.Өкініштісі сәтсіз жағына қарай.Ал Нұржан мен Жұлдыз бір-біріне: «Бәрі-бір бір күні білетін еді.Ерте білгені бәрімізге жақсы болды.Ақмарал өз бақытын әлі-ақ жолықтырады» деп қана айтып,өздерін жұбатып,кінәларына өкінген сыңай танытты.Дегенмен, бұлда дұрыс шығар.Махаббатта үшінші адамға орын жоқ.Ерте ме,кеш пе бәрі-бір ақиқат ашылады.Құпия су түбінде жатпайды.Нұржан мен Жұлдыздыкы дұрыс болмады.Бірақ бір-бірін шын сүйсе,Ақмаралдың көнбеске амалы жоқ...

  Жүз жылға тән созылған түн де өтіп, таң да атты.Ақмарал туысының үйінде бір бөлмеде,терезеге үңіліп отырған-ды.Өмір жалғасып жатыр...Бұрынғыдай таң да атты,қала ұйқысынан тұрды.Сансыз көліктер ағылып,адамдар сабылып жатыр. «Кеше ғана төңкеріс болып еді.Бүгін қалай түк болмағандай өмір жалғасуда?Күн қалайша күлімдеп тұр?Қалайша?Қорқынышты түс көргенім бе? Жо-жоқ!Тіпті ондай түсті де көргім келмейді...» деді ішінен.

-Киім-кешек,үйдегі барлық заттар өртеніп кетті.Жөндеу жұмыстары біткенше осы үйде тұрақтаймыз...Сен еш алаңдамай сабағыңа бар бер.Мұңаймашы күнім сол!Бәріде жақсы болады!Бұл да Алланың сынағы...Қане,бара ғой сабағыңа!Бәрін өзіміз реттейміз!-деп анасы қызын жұбатып,сабырға шақырды.Ана жүрегі баласының қиналғанын көргісі келмейді ғой,шіркін...

  Ақмарал колледжіне де келеді.Бірақ ішке кіруге жүрегі дауаламады.Бірден шатырына бет алады. Биіктен қала көрінісіне ұзақ ойланып қарап тұрады. Ойында, кешегі сатқындық және өткеннің алдамшы тәтті естеліктері. Қалайша алдамшы бақыттың соңында жүргенін, қалайша оп-оңай мас болғанын түсінбей әлек. Екі қолын бүркіттің қанатындай кең жайып, терең дем алып, алдыға қарай қадам жасады. Осы сәтте Ерасылды колледжге Құдай айдап келе жатқандай болды. Ол ашық аспанды камерасына тартуға асықты. Бірақ қамерасына күннің көзі емес, Ақмаралдың шатырдағы бейнесі түсті. Ерасылдың жүрегі зу ете қалды. «Ақмарал олай етпе! Өтінем, Ақмарал!» деп ішінен жалынып, шатырға жүгіріп көтеріледі. Ақырын жүріп, қолынан тартып қалып, жерге түсіреді. Сосын құшақтап алады. Бірақ Ақмарал итеріп жібереді.

-Басың істей ма сенің?

-Не істеп тұрсың?

-Көрмедің ба?.. Сәл-ақ қана қалған еді...

-Шынымен секірмек болдың ба?

-Не?.. Сәл-ақ қана қалғанда, жаттығуымды аяқтар едім...-деді өтірік.

-Немене?

-Селфи жасап жатқан едім. Әдемі фото үшін не істемейсің?!. Солай емес па?

-Ақмарал?

-Болдым суретке түсіп!.. Енді кете берейін, рұқсат етсеңіз!-деп жайбарақат кетіп қалады. «Сәл-ақ қалған еді... Сәл кешігіп келгеніңде...» деді сосын ішкі дауысы. Ерасыл болса шындығы қайсы, өтірігі қайсы, ұқпай қала береді.

 Ақмарал енді көше бойымен баяу жүріп келеді. Артынан әлдебіреу күшпен итеріп келе жатқандай,аяғын әрең басады.Кенет алдында кішкене бүлдіршін жолға жүгіріп шықты.Анасы дер кезінде қызын құтқарып қалды.Әйтпегенде,баланы көлік қағып кетер еді...Ақмарал орнында тежеліп қалды да,олда бірден жолға қарай қадам жасады.Бағдаршамның жасыл түсі жанып тұр.Оған назар аударған Ақмарал жоқ.Ойында әлбетте «суицид»...

  Фантастика дермісің,әйтеуір абырой болғанда Ақмаралды Ерасыл құтқарып алады...Міне,мәрт жігіт дерсің!..

-Есің дұрыс па сенің?Өлейін деп па едің? Бір жігіт үшін өміріңді қияйын дедің бе? Есіңді жи Ақмарал!Ата-анаң мен бауырыңды неге ойламайсың?.. Сен өлсең мен не істеймін? Сен сол жағын ойладың ба?Ұмытшы оны Ақмарал!-деп ашумен ұрсып жіберді.

-Мен оны сүйдім ғой!..Ол менің ең алғаш сүйгенім боды...Қалайша мен бәрін ұмыта салам? Жақын деп жүрген екі адам сатқындық жасады...Енді не істеймін айтшы?Не амалым бар менің?..Ерасыл...Сен мені түсінбейсің...Түсінбейсің...

  ...Ұршығын иірумен екі жылда өтіп кеткен-ді.Ақмарал оқуын бітіріп,жұмысқа орналасады.Бұрынғы жараның ізі де қалмаған.Жаңа өмірдің есігін ашып,үлкен жетістіктерге жеткен.Бұрынғыдан да құлпырып.әдемі болып  кеткен.Қазір алғашқы фильмінің тұсаукесері болғалы жатыр. «Сүйген жүрек» атты көркем фильм. Кезінде Ерасыл құтқарып қалған сценарий,мектеп кезінен бастап жазған,ең алғашқы шығармашылығы.Ерасыл демекші,ол өзі жеке кәсіпкер атанған.Ақмаралдың киносын көруге келіпті.Қолында раушан гүлі бар.Ақмаралдың мұрнына су жетпей,жанталасып жүр.Жұмысы бастан асады.Ал Ерасыл болса тамсанып,жымиып қойып отырған-ды.Жүгіріп жүрген режиссёр кенет бір адаммен соқтысып қалады.Ол құрбысы-Сабина екен.Екеуі сол арада шыңғырып жіберді,тіпті.Көріспегендеріне талай болды,бір-бірін сағынған ғой.Беттерінен шөпілдетіп сүйіп, құшақтасып,екеуі жайғасып отырады.

-Мен білгем сенің мұндай жетістікке жететініңді.Сен мықты қызсың ғой. Қиындықтың бәрін көтере білетін,мойымайтын,қайтпас,қайсар қызсың ғой...-деп Сабина сақылдап әңгімені бастады.

-Рахмет Сабинка!Өзің не істеп жүрсің?Не жаңалық?

-Сериал түсіріп жатырмын...Бір жыл болды әлі біткен жоқ,сол сериал...Білмим тіпті,ұзақ боп кетті...

-Үнді сериалдары сияқты боп кетпесе болды,әйтеуір.

-Ой,айтпа!Құдай сақтасын!..Әйтеуір,елдер сияқты бала туып , үйде отырғалы жатқам жоқ.Бір жұмыспен айналысып жүрм.Нәтижесі болар...

-Елдер сиқты?Кімді айтасың?

-Жұлдызды айтамда...Бүгін Нұржанға үйленгелі жатыр.Бізді шақырыпты ғой.Билет беріп жіберіпті...Оның тойына барғанша,сенің тұсаукесеріңе келгенім жақсы емес пе?!.

-Той нешеде?Менің билетім сенде ме?

-Иа...Мә!..Неге сұрадың? Әлде сен...

-Иа... «Шақырған жерден қалма,шақырмаған жерге барма!» деген бар емес пе?!Барайын тойларына!-деп билетті алып тойға кетіп қалады.

-Ал тұсаукесер ше?..Әйй,қайдан ғана айтып едім?Әйтеуір,аузымда қуырылған бидай тұрмайды екен...Қап!-деп Сабина санын соғып,өкініп қалады.Ерасыл да таңданып қалады.Ассиценті: «Режиссёр, режиссёр?» деп қала берді.Ал Ақмарал көлігімен жолда келе жатыр.Есіне бұрынғы сәттерді түсіреді.Қалай екеуін бірге көргенін.Жүрегін өткені қайтадан тырнап өтті...Той ендігі басталып,жұрт би-билеп,екеуінің некелері қиылып қойған-ды.Нұржан мен Жұлдыздың езуіндегі күлкі жиылар емес.Өте бақытты көрінеді.Асаба сөз тізгінін Ақмаралға береді.Жас жұбайлардың бастарынан жай түскендей,шошып кетеді.Сірә,тойдың шырқын бұзады-ау деп ойлаған болар.Бірақ Ақмарал олар сияқты емес...

-Ал,Нұржан,Жұлдыз үйлену тойларың құтты болсын! Бақытты болыңдар! «Махаббатта үшінші жанға орын жоқ» деген бар емес пе? Болашақта араларыңа ешкім кедергі болмасын.Ешкім сендерге сатқындық жасамасын!Махаббаттарың мәңгі баянды болсын!Алла сендерге шілдехана,тұсаукесер тойларын да нәсіп етсін.Мені шақыруды ұмытпаңдар!Тойларың тойға ұлассын!-деп жүрек жарды тілегін айтып,шығып кетеді.Нұржан мен Жұлдыз сөз айтарларын,не айтпастарын білмей бір-бірінің бетіне қарап тұрып қалды.Асаба ары қарай сөзді іліп әкетіп,тойды жалғастыра береді.Ақыры екеуінің махаббаты үйленулеріне дейін жетті.Бәрекелді!Сезімдері шынайы болғандарына ризамыз!..

 Енді тұсаукесерге бет бұрсақ.Рәсім басталайын деп жатыр.Қонақтар шуылдап жатқан-ды.Ассицент не істерін білмей абдырап жүр.Ақмарал ұялы телефонында тастап кеткен...

-Кешіріңіздер!Бүгінше тұсаукесер...-деп хабарлай бергенде,Ақмарал үлгеріп кіріп келеді.Сөйтіп,айтулы кеш басталып кетеді.Жаңа киноның тұсауы кесіледі.Актёрлер мен кино түсіруге атсалысқан барлық жұмыскерлерден (оператор,продюсер ж/е т.б) сұхбат алынады.Ақмаралға талай сұрақтар қойылады. «Неге «Сүйген жүрек» деп аталды?», «Болашақта қандай кино түсірмекшісіз?Қандай жанрда?», ж/е т.б. көптеген қызықтырған сұрақтар болды... Барлығы тарқап,тынышталғанда Ақмарал өз кабинетіне келіп демалады.Бір кезде терезеден жүрек әуе шарына байланған хат келді.Ішін ашып қараса: «Құттықтаймын!» делінген.Сыйлықтың түрі,жазу,конверт,шар таныс көрінді.Ақмарал бірден есіне Ерасылды түсірді.Өйткен,Ерасыл ең алғаш осындай cыйлық сыйлаған еді.Ақмарал қуанып кетіп,сыртқа жүгіріп шығады.Бірақ айналада ешкім көрінбейді.Тек әткеншек тербеліп тұрған-ды.Қасына келіп еді,раушан гүлі жатыр екен.Гүлді қолына алды да,құмарлана иіскеді.Әткеншекте біраз тербелді де,үйіне қайтты...

  Келесі күн...Ақмарал жұмысына жиналып жатыр.Інісі Мағжан футбол киімін киіп алып,бөлменің есігін қағады.

-Кіруге бола ма?

-Иа!Не болды?

-Бүгін соңғы күн...Сен және ол...

-Не айтып кеттің?

-Ғашықтар күнін бүгінге ауыстыру керек сияқты...

-Сен өзі не деп кеттің?Ааа...Тағыда сценарийге ұсынысың ба?

-Өйй,жоғи!Маған сенің жанрн ұнамайды.Футбол жайлы түсірем десең,тегін-ақ ұсыныс айтам ғой...

-Жарайт-жарайт!.. Келесі жолы футбол жайлы сценарий жазамын. Кеттік жүр!Көп сөйлеп кеттің ғой!

-Бүгін сағат 15-00-де матч болады.Кел!Бізде жаңа ойыншы!-деп манадан бері бірдеңені астарлап тұрған-ды.

-15-00?Жарайды келем!

-Yes!

  Ақмарал түстен кейін құрбысы Сабинамен кездеседі.Екеуі мейрамханада тамақтанады.Біраз жиналып қалған сырларымен бөліседі.

-Соол,маған бір жігіт сөз салып жүр.Жүргенімізге бір жыл болды.Білмейм,келісем ба,жоқ па?!

-Өзіңе ұнай ма?Жақсы көресің бе?

-Әрине!Енді ұнатпасам жүрем ба?!

-Онда келісіміңді бер!Несіне ойланасың?

-Сүйтем ғой дим...Ал сен ше?

-Мен?..Менің жігітім-кино ғой...

-Өләә!Өмір бойы кино түсіріп жүрмексің бе?

-Енді не істейм?Ешкімге қарағым кеп жүрген жоқ...

-Ерасыл ше?

-Ерасыл?

-Иа-иа…Онымен сөйлесіп жүрсің бе?Қайда екен өзі?

-Білмейм...Хабарсыз кетті ғой..Үйленіп алған шығар...

-Ййй,сен жынды қызсың ғой,бар ғой!..Ол сені өлердей сүйді емес пе?!

-Қоойш,тіпті!..Екеуіміз дос болдық қой.Не айтып тұрсың?!

-Ол сен «досым-досым» деп жүретін.Қыз бен жігіттің арасында дос болушы ма еді?Ол сені ұнататын,сені сүйген ол...Өзің ғой барыңды бағаламаған... Жұлдыздарды санаймын деп, қасыңдағы айыңды жоғалтып алдың...

  Ақмарал біраз ойланып қалды.Ерасылмен өткізген күндерін есіне алады.Содан сағатқа қарап,футболға баратыны есіне түсіп кетеді. «Сабинка,сосын сөйлесеміз!» деп апыл-ғұпыл жүгіре жөнеледі.Стадионға келеді.Ешкім жоқ.Үлгермей қалған.Сағат ендігі 18-00 болған-ды.Бір кезде доптың тарсылын естиді.Сол жаққа қарай бұрылып қараса,Ерасыл екен.Ақмарал қуанып кетеді.  «Ерасыл» деп жақынырақ келеді.Арғы жағынан кішкене бүлдіршінді көреді.Түрі бірден бұзылып кетеді.«Үйленген бе?Баласы бар ма?» деді ішінен күрсіне.Сосын бір жас әйел қасына келеді.Көркі көз тартар әдемі екен. «Бұл әйелі ме?Әдемі екен!» деді сосын.

-Рахмет ағай!Айранын әкелмесек жылай береді.Жылатпай қарап бергеніңізге рахмет!Сіз жақсы әке боласыз!-деп әлгі әйел баланы көтеріп алып кетеді.Ерасыл Ақмаралдың жанына кледі.

-Сәлем!

-Сәлем!..Жанағы бала???

-Ааа...Тәтей,бес минутқа қарап берші деген.Менің артымнан қалмай қойды да...Сірә,күшті әке болам ғой дим!-деп қалжыңдады.Демек,үйленбеген.

-Ааа...

-Қалың қалай?

-Жақсы,өзің?

-Көріп тұрғаныңдай...

-Мен сені...-деп екеуі бірдей айтты.

-Сен айт!-деді  Ақмарал.

-Жоқ сен айт!-деді Ерасыл.

-Мен...-деді Ақмарал сөзді созыңқырап,жалғастыра алмай.

-Мен сені сағындым Ақмарал!-деп Ақмаралды құшақтап алды.

-Менде сені сағындым!-деді Ақмарал.Сосын Ерасыл Ақмаралды маңдайынан сүйеді. «Сені сүйем!» деді сосын сыбырлап. «Менде!» деді Ақмарал...Кенет екеуінің басына доп түседі.Оны лақтырған әрине,інісі Мағжан.

-Мен ештеңе көргем жоқ!-деді сосын.Ерасыл мен Ақмарал күліп жіберді.

-Әпке,сен нағыз қазақсың ғой!15-00-ге деп шақырса,18-00-де келіпті ғой!Матч 3-2 есебімен бітті.Сен көре алмадың!Біз жеңдік!-деп Ерасылға бес берді.

-Жаңа ойыншымыз-Ерасыл болатын.

-Ааа...Таңертеңгі сөзіңді енді түсіндім...Сен Ерасылмен баяғыдан бері сөйлесіп жүргенсің бе?-деп таңертеңгі Мағжанның сөзінің астарын енді түсінді.

-Әрине!Әр матчқа келетін.Сен сияқты емес...Кешегі шарды сенің терезеңе шығарғанда мен болатынмын.Әр ай сайын жұмыс үстеліңе сүйікті шоколодыңды әкеліп қоятын,гүл шоқтарын әкеліп жүретін мен болатынмын.Ал сен болсаң сезініп «Фанаттарым» деп жүретінсің...Бүгінгі кездесулеріңе де себепші болған-мен!

-Рас па?Ерасыл сонда сен әрдайым менің жанымда жүрдің бе?

-Жан жүрегімнің қалауы өзің ғана.Мен басқа қайда кете алам?! Өмірде мен сүйген жанды іздесең, сен барып қара жаным айнаға...

-Ерасыл?

-Сен мені өзіңе тарта білдің...

-Магнит қой!-деп Мағжан әзілдеді.

-Ерасыл!Сезіміңді кеш бағалағаныма ке...-дей бергенде:

-Тсс!Ары қарай ештеме деме!Мен сені кешірім сұратуға жеткізбеймін.Үндеме!-деп Ерасыл құшақтап алады.

-Тұрасыңдар ма енді сол?Жүріңдер футбол ойнаймыз!- деп үшеуі көңілді күйде футбол ойнап,фотоға түсіп,үйлеріне қайтады...

  Сөйтіп Ақмарал мен Ерасыл қосылады.Екеуінің мөлдір махаббаттары адал достықтан басталды.Бастарынан қиыншылықтарды да өткереді.Уақытша аралары ажырайды.Сонда да сезімдері суымай,керісінше лапылдап жана берді.Бір-бірін ешкімге көз салмай күте білді.Әңгімемді Виктор Цойдың сөзімен аяқтайын: «Өлім-өмір сүруге тұрарлықтай,махаббат-күтуге тұрарлықтай болсын...»

СОҢЫ...

Қазақ тілінде жазылған