Байқауға жұмыстар қабылдау аяқталды

Адам қарады: 2192 | Жарияланды: 2020-09-16 05:12:07

Биыл 15 наурыз бен 15 қыркүйек аралығында авторлардан түскен барлық туынды akalam.kz сайтына орналастырылды.

Дауыс беру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде үздік шығармаларды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды. Олар лайықты әдеби шығармаға 2020 жылғы қазан айының 1-не дейін дауыс береді.

Мұнан кейін, сайтта ең көп дауыс жинаған және оқырмандар шешімімен үздік деп танылған жұмыстар әрі қарай жеңімпазды анықтау үшін қазыларға табыс етіледі.

«Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің қазылар құрамына ұйымдастырушылардың өкілдері, белгілі тұлғалар және меценаттар, жоба серіктері кіреді.

Қазылар әр аталым бойынша жеңімпазды жасырын дауыс беру арқылы жүлдеден үміткерлердің соңғы тізімінен таңдайды. akalam.kz сайтындағы дауыс беру қорытындысы Конкурс қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсіміне дейін жарияланбайды.

Жүлде жеңімпаздарын марапаттау шарасы алдағы қазан айының соңында Алматы қаласында өтеді.