Адам қарады: 36 | Жарияланды: 2019-08-27 02:38:21

Асының мен ұлымын тасып ағар

Сен маған өкпелеме, өкпелеме,

Жазғыра берме, жаным, текке мені.

Сөзімде арамдық жоқ, қасгөйлік жоқ,

Тастаған кезім де жоқ өртке сені.

Сен маған өкпелеме, өкпелеме.

 

Сен мені жазғыра берме бекер,

Іштегім ішімдегі шермен кетер.

Айтпасам, айтпайыншы назымды еш,

Арқада желпіп өтер желмен кетер.

Сен мені жазғыра берме бекер.

 

Мен сендік, барым сендік, жаным сендік,

Бірақ та, намысым, арым мендік.

Жанымның шырылын айтсам, түсін,

Таңдаған бұл пәниде жарым сендік.

 

Сен маған өкпелеме, өкпелеме,

Тең көрме шөмелеге, шөпке мені.

...Асының мен ұлымын тасып ағар,

Арнамды бұзсам кейде сөкпе мені.

Сен маған өкпелеме, өкпелеме.

 

Қазақ тілінде жазылған