Адам қарады: 15 | Жарияланды: 2019-09-09 02:35:30

Мына өмір

Бұл өмір киноның  сериялы секілді

Жалғасқан, бітері қай жерден белгісіз

Төрінде актерлар қияли өкілді

Көшіріп сомдайтын өмірден негізсіз

 

Дарынды дарынсыз актерлар шоғыры

Таласқан рөл үшін жүректің түбінде

Адасқан белгісіз бейнелер тұғыры

Жоғалтқан негізін дублдің ішінде

 

Сүйетін, күйетін бәріде өткінші

Жасанды сан қабат гриммен сәнделген

Сағынып аңсайтын түбінде өткенді

Тап-таза бір сезім манажбен өңделген

 

Мына өмір киноның кадоры секіді

Тірідей қалатын таспаның ішінде

Көрермен еске алса  тағдырлы өкілді

От болып жанатын сананың түбінде

 

Кімдерге бұл жерде басты рөл берілген

Бәріде белгісіз сенари ішінде

Өзгерту жоқ бірақ нақты бұл шешілген

Жаратқан үкімі бір фани төрінде

Қазақ тілінде жазылған