Адам қарады: 206 | Жарияланды: 2020-04-08 02:38:37

Мен жастарға сенемін

Сенемін мен қабілетті жастарға,

Таза, пәк, жанды, мінсіз ұрпаққа

Үлкен, үміт, зор сезімді, қайратты,

Биікке өрлеген қыран құстай аспанға.

 

Жастарым болыңыздар ер мінезді,

Үміт артар, қуантар біздің елді

Қуат жинап бойына, ұмтылған аспанға,

Ар намысты, өр рухты, әділетті.

 

Ел басына қауіп-қатер төнгенде,

Жүректерде сезім оты сөнгенде

Жүрейікші бұл ұшқынды лаулатып,

Қуаныңдар жақсылыққа әр кезде.

 

Көмектесіп,созыңыдар қол ұшын,

Еңсесі биік мақсаттар кірпішін

Елдің үміті мен арманын артар,

Сендерге арналады бар күшім!

 

Қазақ тілінде жазылған