Мен қазақпын
Мен қазақпын оттай күннен
жаралған,
Жаралғанда кен даламнан
нәр алған,
Ақ биенің ақ сүтіне
жуынып,
Мен қазақпын көк тәңірге
табынған.
Мен қазақпын зар заманда
ер болған,
Душпандарға қарсы шығып
қорғаған.
Ерлігімнін ұраны ғой
көк бөрі,
Тең болатын бар ма біреу,
кел бері!
Мен қазақпын көшпенді деп
таныйтын,
Гунда менмін, сақта менмін,
тюркпін мен!
Бұл әлемде бар ма мені
білмейтің,
Еділ менен Шыңғысханға
жететін.
Мен қазақпын ғасырлардың жырын
қанмен сезетін,
Тегін сақтап, жеті атасын
білетін.
Үш жұздіде, тоқсан екі руын, бәрін
қолдайтын,
Мәңгілікке көшті бастап жаңадан
жаңғыратын.
Мен қазақпын аналармен, үлкендерді
сыйлайтын,
Ұрпақтарға жаның беріп өмірінде
қиятын,
Намысшылмын, бостандық пен ақиқатты
қолдайтын,
Мен қазақпын түзе бүгіп, өмір сүру
Білмейтің!