Қайран ерлер
Алаштың ардақты асқар ерлері,
Бақилық орындары дала жерлері,
Баптаған құлын кезден құлагерді,
Бесіктен текті өскен мұрагерді.
Құрған Әлихан, Ахмет, Міржақып
Алаштың дара туған тұлғалары.
Риясыз ер көңілмен ұлағатты,
Бәрінен артық көремін арыстарды!
Иманы жолдас, мінезі көркем,
Ерлердің ері шетінен бәрі абадан.
Қайран ерлер, тағдырдың азабын,
Көрдіндер-ау, зұлмат заманын?!
Арыстардың бәрі ғалым, ақын, ұстаз...
Ұлт үшін сүргін көрген сарбаз,
Қазақта туа бермес ерлерім-ай,
Аналары қалжа жеген кемеңгерлер-ай!
Қастық қылған арыстарға оңбас бірақ,
Әркімге тәңір берген мол несібесін,
Ұрлаған қызыл шенді-шекпенділер,
Тозақтың ең түбінде өртенеді...!
Арқада туыс-өскен қайсар ерлер,
Турашыл, парасатты білгір ерлер.
Хақ тәуелсіздік өздерінен басталады,
Әр қазақ өздерінді арда тұтқан!
Адамзат даңқтарына қайран қалған,
Ұлт үшін арыстарым жаны құрбан,
Дүниеде нұр сәулесі шапағатын,
Бағыштап құран-кәрім мен тұрамын!
Алаштың ақ иықты ақын арыстары,
Сан ғылымды игерген, ұлтын сүйіп.
Ақ қағаз, сия, қалам қолға алып...
Ұлы іс зиялықты қадір тұтқан.
Әйел затын құрметтеп асылындай,
Алаш ерлері қорғаған ұлт пен ұлысын!
Алмастын жарқыраған ақ жүзіндей,
«Қазақ»-деп соққан лүпілі жүректері!
Сыйынған әуел бастан бір Аллаһқа,
Үмбеті пайғамбардың ар-намысты!
Қасиетті құранның ақ жолында,
Қариялардың көгерген батасымен, асыл ерлер,
Аяулы ақтанылақтар ақ жүректі,
Асыл жандар бой тұмары бар Алаштың.
Алаштын ең қасиетті қазынасын,
Алаштың арыстары сақтап қалған!
Аспандағы жарқыраған шоқ жұлдыздай,
Саңлақтарым! Терең ақылы мұнтаздай.
Көздеріме ыстық-ыстық жас ағады,
Қиялмай арыстарды елжірер ақ жүрегім!
Арнаған махаббатын туған жерге,
Жас ұрпақ еске алып, үлгі алады.
Із қалдырған артына мол мұрасы.
Ер жігіт үйде туып, түзде өледі,
Өзі өлседе өлмейді зор қазынасы,
Жазылған парақтарға алтын ақиқаты.
Терең ойлы, сөз атасы Майқы биден,
Асыл сөздің түп негізі жүйелі құралады.
Тектілер жек көрген өтірік, өсек, ұрлықты...
Шындық, әділдік, ақиқатты, ғылым жолындағы,
Ұлт ар-намысын қорғаған сері ерлерім!
Алаш партиясы-қазақтын «Ақордасы»,
Жиналған өнкей ғалым-ғұламасы,
Асқақтатқан абыройын еркін ұлтымыздың,
Жүрекке жылы тиіп жұмыр айналасы.
Қызыл империя мәнгүрт етіп ұлтымызды,
Тасбұғаудан босанды азат жұртымызда.
«Тәуелсіз ел»-ұлы арманы арыстардың,
«Тәуелсіздік тұғыры»-аты ұлы ұғым!
Тұла бойлары ар-ұят, асқар ерлерім,
Алып даламды алып қалған еді біліммен!
Қасиетті, қадірлі ел ерлері рухы биік
«Жігіттің сұлтаны», «Елінің ұлтаны» сіздерсіздер!
Сұм сұрқия саясаты- Голощекин мен Сталиннің,
«Геноцид»-деп жар салған үндеу жолдап.
Қазақты құртып-жойып жіберем деп жер-бетінен,
«Аққа құдай жақ»,- болып аман қалды!
Аманатын арқалап асыл текті бабалардың,
Алаш арыстары арыстандай айбатты, қайратты,
Ұлты ойлап жанып-күйген, қайран ерлер !