Адам қарады: 142 | Жарияланды: 2018-03-29 06:24:16

Қысқа қалай дайындалдық

Биыл қыс ерте түседі деген болжам бар. Қысқа әркім әртүрлі дайындалады. Біреулер мал-жанына жем-шөпті молынан дайындаса, енді бірі тон, италяндық етік, түрік свитерлерін ерте бастан-ақ алып қояды.

Біз осы қысқа ерекше дайындалмақ болдық. Байқап қарасақ аталған киімдердің бәріде өзімізде бар екен. Сосында жан-ұямызбен ақылдаса отырып қысқа дайындықты көкөніс, жемістерден банкіні молынан жабамыз деп, шештік. Неге десеңіз өткен қыста жапырақпен чеснок қосылған қияр банкілері жетті де, укроп, баклажан туралған помидор салаты жетпей қалған болатын. Жүзім мен шиеден жабылған компотты ғой күздің ақырында-ақ ішіп тауысқанбыз. Биыл бәрінде есеппен жасамақпыз. Үш литрлік банкіге қара өрік жапсақ, шабдалының жүз шақтысын екі литрлік банкіге жабамыз деп ойладық.

Осы арада басымызға адамның санасына келмеген бір жаңалық сап ете қалсын.

Оны айтқан әйелім.

Бізде «жақсы сөз – жан азығы» - деген мақал бар деді ол. Олай болса, көкөністерден салат жабамызда:

«көреміз», «шыдаңдар», «әл-ауқатымыз артады» деген сөздерден неге банкі жаппаймыз? – деді ғой.

Жапсақ жабайық дедім ойланбастан. Іске бәріміз кірістік. Әйелім жүзім сабақтарын жуып әуреге түссе, өзім айналайын көркем әдебиеттен жанға жайлы сөздерді іздей жөнелдім. Жанұямыздың өзге мүшелері су тасып, банкілерді тазалап жатқан болатын. Ойымыз: жүзім, шие шырыны таусылса біртіндеп «бәрі жақсы болады», «әл-ауқатымыз артады» деген банкілерді ашып қыстан шығу. Өткен қыста осыны қалай білмедік десеңізші! Сол кезде осылай жасасақ бар ма, бәрі де жететін еді. Сондықтан шабдалы, жүзім, қара өрік банкілерін жүздеп жапсақта, әлгі құрғақ сөзден жабылған банкілерді екі-үш есе көптеп жаптық. Біз былайда жасап көрдік.

Капуста, сәбіз, бұрыш қосылған салаттарды тұздаумен қатар, эмаль ыдыстарға «көреміз» «төзіңдер», «уәде береміз» деген сөздерді де тұздап жауып, погребке жия бердік, жия бердік.

Кім біледі? Қыс ұзап кетсе! Осыны сіздерге жасап көріңіздер ағайын.

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған