Адам қарады: 301 | Жарияланды: 2018-04-12 07:24:57

Бапкерлер

Бұл күнде, «Асыл» сөздерді үйіп-төккен.

Ағай мен жеңгей бір-бірін Шамасы:

Бұрын да қатты сүйіп кеткен.

Сондықтан мүмкін

Көз деген пәле тиіп кеткен.

Немесе шала бастырылған сүрлемдей,

Махаббаттары күйіп кеткен.

Қазір бір-бірін

Құбыжықтан бетер жек көреді,

Таусылмай жүр жекпе-жегі.

Екеуін жұрт «кәретіс» дейді,

Ағай аяқпен тепсе

Жеңгей бара тістейді.

Бәлеге қаламыз деп,

Ешкім ара түспейді.

Үйі спорт алаңы да,

Екеуі алтын медальға

Таласқан өлермендей.

Ал, бір қора балалары,

Кәдімгі көрермендей.

Тегінде екеуінен де,

Мықты бапкер шағатыны байқалады.

Балалары оларға тартпайды деп,

Қай көріпкел айта алады?!.

Қазақ тілінде жазылған