Адам қарады: 8 | Жарияланды: 2018-05-17 02:18:22

Балалық шақтан естелік

  Біз анам   Орындық  екеуміз  Ақпан разъезі  Баяш көкемнің үйінде  тұратынбыз. Күліш

апам (бәйбіше) кішкентай болатын ,аппақ кимешек киетін,  мінезі жұмсақ . Мен

 кішкентай бүлдіршін едім .

  Күліш  апамның  жанында ойнап  отырғанмын, жаз айы.  Алыстан  ұзын бойлы ,қара торы, басында  ақ  шляпа,  ақ көйлек киген , аяғында хромовый  қара етік ,қолында  кішкентай  қара  чемодан  ұстаған  ер кісі  келе  жатыр . Ол Жүнісбеков Медетбек  менің әкем еді.  Байырқұм  совхозында  тұратын .

  Апам  қайным  келді деп бәйек  болып ,  мені  әкең  келді  деп ,  сол кісіге  итермелеп

жататын .  Мен  апамның  етегінен  ұстап , ол кісіге  бармай  апама  жармаса түсетінмін.

 

                  АҚПАН  РАЗЪЕЗІ ( поезд  жолының  бойында , жылап  қалды  ағаларым ).

 

  Мен  ол кезде  бес-алты  жаста болатынмын .Түнде ұйықтап  жатқан  болатынбыз, анам Орындық   таңға  жуық ойатты.Күнгір-күнгір  дауыстар , шамамда үйдің ішіндегілер

ұйықтамаған  сияқты . Көңіл  күйлері  нашар ,көздерінің  жастарын  сүртіп  қояды.

Бір  кезде  поезға  шықтық , есімде  ол  кезде  Адырбай  ағам  жаңадан  армиядан  келген,

Баяш, Қыдырбай, Қыдірәлі ағалар  жанымызда .

  Поезға  анам  Орындық  екеуміз  ғана  міндік.  Мен  ұйқылы  ойаулы, бір  кезде поезд  жүре  бастады.Есімде  ағаларымның  көздерінен  мөлт-мөлт  еткен  жастар  төгіліп тұр.

Олар  поездан  түсті , поезд  жылжый  берді,  ағаларым  темір  жолға  түсіп  ,жүгіріп

келеді.  Құлағымда  қалғаны  жылаған  дауыстары. 

  Анам  Орындық  мені  әкем  Медетбекке  әкетіп  барады екен . Бұл  қыз  әкесіз өспесін

деп  белін  буып,  қойнына  салған  ұл –қыздарын  Күліш  апама , ағам Баяш ,жеңгем  Күлпаршынға  тастап  кете  берді . Мен  Ақпандағы  үйімізге  енді  тек қана қонақ  ретінде

келетінімізден  хабарсыз  едім .

Қазақ тілінде жазылған