Адам қарады: 496 | Жарияланды: 2018-07-25 18:16:02

Үш бәйтерек

Үш бәйтерек қазақта аты шыққан

Бейімбет, Сәкен,Ілияс даңқы шыққан

Әдебиеттің төріндегі айтулы ақын

Әр қазақ өздеріңмен болған мақтан

Тарихта бірге туып,бірге өткен

Алашорда,ұлтшыл деп атап кеткен

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында 

Жазықсыз жаза кешіп,жапа шеккен

Қарымды қаламгер дарындылар

Қалдырдың ұрпағыңа жалын жырлар

Қыршын жаста қырықтың төртін көрер көрмес

Опат болды қазақта нар тұлғалар

Сәкендей 20 жаста өлең жазып

Жинағы шыққан екен кітап болып

Басқасын айтпағанда ақын Сәкен

Халқына жыр арнады қалам тартып

Өмір сырын төңкеріс шындықтарын

"Тар жол тайғақ кешуінде"айтып кеткен

"Асау тұлпар","Домбыра","Көкшетауы"

Халқының жүрегінен орын тепкен

Маңдайына түскен шашын орай ширап

Жазудан бас алмайтын Бейімбетім

Жиырмасында "Шұғаның белгісімен"

Зиялы қауымды сен таңқалдырдың

Табиғатты жырлаған Ілияс ақын

Тарих пен тағдыр ісін жырлаған шын

Айшықты көркем сөзбен әсірелеп

Сұлулыққа құштарлығын ұнатамын

Өткен күнді ойласам терең бойлап

Әдебиет төрінен үлкен жол сап

1938 ақпанында замандастар

Бірге туып мерт болды қаламдастар

Өткен күнді ойласам ертегй ғой

Ерлері ертегінің өрт еді ғой

Туғанына 120 жыл болып қапты

Жырларын жас ұрпағы шертеді ғой

Тұңғиық жанды жеген қап қара шер

Шын ақын екі туып бір ақ өлер

Алдында әр заманның әр ұрпақтың

Тіккен туы желбіреп тұра берер

Қайран ерлер!

 

Қазақ тілінде жазылған