Адам қарады: 202 | Жарияланды: 2018-07-30 04:15:37

Бүршік

Амансыңдарма, балалар? Қалдарың қалай? Бүгін мен сендерге бір қызық әңгіме айтып берем. Бұл әңгіменің бас қатысушы кейіпкер – өсімдік, шырмалып өсетін өсімдік. Оның аты – жабайы жүзім. Жапырақтары жүзімнің жапырақтарға қатты ұқсайды. Сол себептен оны да жүзім деп айта бастады. Бірақ – жабайы жүзім. Өте әдемі де және тез өсіп кететін өсімдік екен. Мысалы, үйдің бір қабырғаның қасында оны отырғызсақ, екі айдан кейін бәр үй осы өсімдіктің жапырақтармен жабылып қалады.

Менің әңгімем – бір қатты, он жылдан көп өсіп келе жатқан жабайы жүзім туралы. Өз заманында оны қабырғаның қасында емес, орманда емес – қаланың ішінде, үлкен саябақтын ортасында тұратын қарағаштардың қасына бір адам отырғызған. Сөйтіп бұл жабайы жүзім бірінші қарағаштан бастап, сол ағаштардың бағанасына ілініп, ұстүге өсе бастады. Қарашы – сүретте өте жақсы көрсетілген...

Біраз уақыт өткеннен кейін, бәр бес қарағаш осы жабайы жүзімнің астында қалды. Сырттан қарағанда- жабайы жүзім қарағаштарды қаптап кетті, ағаштардың үстіңгі бұтақтарға жетті. Ал енді қайда өседі? Бұтақшалар өсіп жатыр, өсіп жатыр - ал ілінетін бағана жоқ. Сол себептен бұтақтар, өз ауырын шыдамай, сына бастады, көбісі жерге құлап тұсті...

Бірақ бұл жабайы жүзімнің біраз бұтақтар жерде де өсіп жатқан, үстіге көтерілмей. Осы жермен өсіп келе жатқан жабайы жүзімнің бір бұтағында бірнеше бүршік шықты.

 Бір күні ең кішкентай Бүршік көзін ашып, жан-жақты қарап: «Қандай ғажайып екен біз тұратын жер!»,деп шиқылдады. Көзін көтеріп: «Уай, уай, уай, қараңызшы, қандай биікте менің ағаларым өсіп жатыр?! Мен де сөйтем ғой!»,қуанып, Бүршік сыбдырлады. Бірақ (дегенмен) ешкім оның шиқылдағанын естіген жоқ, тек қана оның атасы.

– Э, балам, ояндың ба? Танысайық – сен менің немерем боласың. Біздің үлкен ұямыздың ізбасарсың. Бірақ біздің артымыздан анау биікке қарама. Көзінді аш, дурыстап қара – көбісі құлап жатыр. Сенің ағаларың ол жақта – жеткілікте.

– Қай жаққа онда мен өсем, ата?

– Асықпа, балам. Сенің өмірің басқа болса, мен қуанатын едім.

– Неге, ата? Қандай ол, басқа?

– Неге десең – өзім туралы айтып берейін... Сен сияқты кішкентай болғанымда, осы биік ағашты көргенде – қызғанып кеттім, оның аспандағы бұтақшалар қатты ұнады. Сол себептен ағаштың бағанасына ілініп, өсе бердім. Ойламаппын – өз жолымды іздеу керек деп. Ал енді қара – қаншама көп болып кеттік. Бірақ кімге одан пайда? Біз берген көлеңкені ешкім сезбейды да: бұл жерде біз сіз де ағаштар өте көп. Ал кейбір адамдар бізге қарап, айтады: Мынау жабайы жүзімнің ұяты жоқ екен: қарагаштарды басып кетті. Ал кішкентай балалармен жүретін әйелдер бізді қорқады: жапырақтардың арасында жылан болуу мүмкін, деп жақындамайды да. Қалай саған осындай өмір? – деп, атасы терең дем алды.

Бүршік індемей қалды.

– Біздің тамырлар – өте күшті, мына ағашсыз да өз жолымызды табатын едік, – атасы жалғастырды. – Құдай бізді жаратқанда – адамдарға көмекші болсын деп жаратқан: таза ауа беріп, көлеңке жасап. Ал маған аспанға барғым келді. Ол – менің қате. Сол себептен, балам, саған айтарым: Құдай берген тапсырманы орында. Мен жасамағанымды – сен жаса, мен естімеген жылы сөздер – саған айтылсын.

Кішкентай Бүршік, атасын түсінбей, абыржып қалды. Ал атасы жалғастырды:

– Менің жақсы досым барЖел. Мен оны Құйын деп атаймын. Талай рет мені шақырған: «Сені өзімен алын кетейін. Басқа жерлерді көресің. Қанша адамдар ыстық жақта тұрып – көлеңкесыз, самалсыз қиналады. Сен оларға керексың», деп – көп рет айтқан. Бірақ мен сол кезде қорықтым. Кәзір барайын десем – күшім жоқ. Ал сенің, кішкентайым, ниетың де бар, ерлігің де сезіледі. Онда... уақытты созбай, досымды шақырайын, – деп атасы:

– Құйын, қайдасың – деп, жабайы жүзімнің жапырақтары желбірей бастады.

Біраз уақыт өткенде жаппай айналада сезінді – қатты жел келе жатыр. Қарағаштар сықырлай бастады, сынған бұтақтар түсе бастады, шаң көтерілді.

– Шақырдың ғой мені, досым? – деп, Құйын сұрады.

– Салем, досым. Рақмет саған, бір шақырғанымнан тез келгеніңе. Сенің көмегің керек. Қарашы менің немереме: өзім сияқты – көп нәрсені түсінбейді, аспанға қарай өссем ба деп, ойы бар. Бірақ жастар жаңа жолды ашу керек қой. Мен бармаған жерге – апаршы. Маған көрсетем дегеніңді мына балаға көрсетші. Адамдарға одан пайда болсын. Тағы бір өтініш, досым: немереме көз салып жүрші.

– Бәріні түсіндім. Орындаймын. Бұл кішкентайға қарап журем. Уайымдама, – деп Құйын бұтақты ақырын ұзіп алды да, жерге түсірмей, көтеріп, өзімен алып кетті.

Бір сәтте бәрі де басылды. Саябақта жүрген адамдар еш нәрсені түсінбеді – сондай күшті жел қайдан келді, қайда кетті? Теқ қана жабайы жүзімнің жапырақтары, сылдырлап, болған оқиғаны талқыға салды.

Ал бұтақтағы Бүршік, сенбейін десе болып жатқан жағдайға, астыға қараса – теқ қана бұлт, кей бір кезде – өзен немесе теңіз кіп-кішкентай нүкте боп көрінеді. Қорқынышты бола бастағаннан – Бүршік көзін жұмып, Құйынның иіғына тіреліп, үйықтап қалды.

Қанша уақыт өтті – белгісіз. Бірақ оянғанда, Бүршіктің сезгені – күннің ыстығы. Ал көзін ашқанда – жап-жарық ашық жол алдында. Оның екі жағында – әдемі үйлер тұр. Күннің астында қанша жатқанын біздің бүршік, әрине, білмейді: су ішкісі келді, әлсізденып қалды. Дәл осы кезде Бүршік кішкентай қыздың қатты даусын естіп, селк етті.

– Мама, мама, қараңызшы, мен әдемі өсімдікті таптым,деп, Буршікті қолына алып, үйге жүгіріп кетті.

Кейін Бүршіктің көргені – сол қыз мамасымен абайлап су септі оған, сосын – су толған ыдысқа салды.

Қыздың аты Айша екен. Күнде бұтаққа жақындап – амандасады, мектепте болған оқиғаларды айтып береді. Ал бір күні жақындап, тағы да қатты дауыспен мамасын шақырды:

– Мама, тамырлар шықты!

Расында, күннен күнге Бүршік өз күшін сезе бастады. Тағы да уақыт өтті – Бүршіктің жапырақтар ашылғандаАйша мамасымен бірге оны үйдің күн түсетін жағына отырғызды.

– Енді мен де атам сияқты күшті болам деп, Бүршік ойлады.Жер тастақ екен, бірақ маған ол көмек болады. Құйын сияқты желдер болса – мына тастар менім тамырларымды қатты ұстайды...

Осы оймен біздің Бүршік өсе бастады. Жарты жылдың ішінде кешегі кішкентай бір ғана бұтақтағы Бүршік – танымастай болып өзгерген. Айшаның әкесі үйдің қасына бірнеше ұзын тақталарды жерге қазып, сол тақтамен біздің жабайы жүзім өсіп кетті. Ақырында – олардың үйі қалын көлеңкеге, самалға пайда болды. Сөйтіп Бүршік күнде адамдардың алғысынан әсер алып жүр. Себебі – Құйын жеткізген жері – өте ыстық болып шықты, ағаштар көп уақытқа шыдамайды екен, кеуіп қалады, қанша адамдар қараса да. Ал жабайы жүзім шыдамды да, төзімді өсімдік боп шықты.

Көршілер де, бір-бір бұтақтан алып, өз үйлерінің қастарына отырғызып, өсіріп – көлеңкеге рахаттанды.

Тағы да айтатын қосымша – жабайы жүзімнің көлеңкесінде басқа да шөптер шыға бастады. Бұрын ыстық күннің астында олар кеуіп қалатын еді. Ал енді оларда қорғаушы - жабайы жүзім – табылды.

Сөйтіп екі жыл өтті. Суық келген кезде жабайы жүзімді адамдар ұқыптап орап қойған. Осындай қамқорлықты көріп, біздің Бүршік атасының сөздерін түсіне бастады: Осы екен ғой атамның айтқаны: басқа тіржандарға, адамдарға көмектескенде ғана сенің өмірің өзіңе ұнайды, әр күнімен қанағаттанасың, қуанып оянасың, қуанып өсесің.

Солай бір ғана бұтақ қанша адамдардың өмірін өзгертті, жақсартты! Енді біздің Бүршік өзі түсінген өмірдің заңын жаңа ғана оянған бүршіктерге айтады:

– Бізді Құдай не үшін жаратты? Осы өмірді жақсарту үшін. Бар күшіңді осыған ғана жіберу керек.

Қазақ тілінде жазылған