Адам қарады: 11 | Жарияланды: 2019-03-29 07:51:17

Жас  қыран

Көкте ұшып барады бала бүркіт,

Әр қуысты бір қарап, дала тінтіп.

Құзар биік аспанға көтеріліп,

Одан кейін жаяды қанатын тік.

 

Қырағы көз, келеді қара тұмсық.

Қауырсыны қатйған болаттылық,

Жұдырықты тырнағы сояу-сояу,

Жастандырар жемтігін дара жұлқып.

 

 

Жас қыран қалықтайды құзар шыңда,

Артта қалған ауруды бұл алсын ба?

Әлсіздерді қайтеді әлек болып,

Бітуіне таяп қалған дәм тұз да.

 

Жемейді ол бейшара бір жолдағын,

Жұлым-жұлым қан талаған жан-жағын.

Дайын асқа қасық салып қармақпен,

Қасқыр емес қылғытатын қалғанын.

 

Жалғыз жанға жасақ келіп жабылар,

Құзғын емес, өздерінше тағылар.

Өзі ұстап, өзі ғана жүретін,

Бүркіттердің басқаша бір заңы бар.

 

Қаршығалар торғай қуып кетеді,

Титімдей бір торғай жанды нетеді.

Ен даланың еріксіз патшасының,

Тұмсығына торғай ұстау не теңі.

 

Жас қыран қалықтайды құзар шыңда,

Жер үстінде келеді, күн астында.

Дүрбі көзбен дүрбелең жерге қарап,

Жемтік іздеп барады бір басуға.

 

 

Көрінді бір жартастан лақты ешкі,

Шүйлігіп кеп аяқпен бірақ тепті.

Лақ кетті аулаққа шоршып қашып,

Ешкі байғұс құзардан құлап кетті.

 

Ешкінің арқасына келіп қонып,

Тұмсығымен терісін жұлып алып,

Қалағанын жеді де тояттады,

Содан соң ұшып кетті қанат қағып.

Қазақ тілінде жазылған