Адам қарады: 11 | Жарияланды: 2019-03-29 07:52:26

Өлеңім

Өлең үшін өмірге келгенім бе?

Өлеңім өзегімді кернедің бе?

Өлеңіммен өртеніп өлгенім бе?

Өлең, өмір, өзім де, өрнегім де,

Өзгертпейді еш неге өзге мүлде.

 

Өршеленіп өмірім күрделеніп,

Өмір осы қашан да тілге жерік.

Тілге жерік тірлігім күрделеніп,

Күрмеленіп күндерім жүрген едім.

Беймәлімдеу белгісіз түрге де еніп.

Өлеңімнің қаншасы түрмеде өліп,

Кетіп еді қаншасы гүлдеп өніп?

 

 

           

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған