Құтқарушылар басшысы....
Отын сарайында, «Қазына аралы» күтіп отырған «ТәждіВирустың» үшінші толқыны, жылу беру мезгілімен бірге келетіні туралы, соған даярлық қандай? –деген сұрақ күн тәртібінде қаралуда.
Жиын басқарушы спикер-кәрі Кесек Көмірдің сынығы, осы отын сарайының жалғыз басқарушысы. Оның өмірбаянын, қатысушылардың бәрі біледі. Анау Кеңес кезінен келе жатқан көмірлер басшысы, содан бері талай рет отқа түскен, оны көзімен көрген көмір күрейтін ескі Күрек жаңа келген көмірлерге майын тамызып айтып отыр. Оны есіткен Жас Көмірлер, жылу мезгілінің басталуын, отқа түсуді, тағатсыздана күтуде....
Ескі көмір Күрегінің оларға айта алмайтын және жауабын білмейтін екі құпиясы бар: Біріншісі: Пештен жанып кеткен көмірлердің күлдерін шығарып жатып, жанбай қалған, тастай Кесек Көмірдің сынығын көрген сайын таң қалатын: «Қалай жанып кетпейді?».
Екіншісі: «Көмірбасшымыз ...адамдарға жылу беремін деп отқада түсті, суғада батты»,- деп айтайын десе, осы уақытқа дейін бірде бір рет, Кесек Көмір сынығының суға батқанын керек десеңіз суланып ылғалданғанын көрмепті. Бірақ бұл, ешкімге айтылмайтын, екеуара «үнсіз келісілген шарт».
Кәрі Кесек Көмір сынығы, көмір сарайындағы жолдастарына қарап: Біздер-Көмірлер келе жатқан індеттен адамдар аман қалулары үшін, олар үшінші қамауды-карантинді жылы үйде отырып қарсы алуларына көмектесеміз. Сондықтан күзде, қыста адамдарға біз жылу бермесек олардың аман қалулары екіталай. Біз әлемге жылу әкелеміз! Мейлі біз жанып кетейік! Достар, бірақ, Біз бекерге жанып кетпейміз! Біз адамзаттың –Құтқарушыларымыз! Міне бақытты өмір деген осы - міне осыдан артық не болуы мүмкін?!
Қыс өте қаһарлы болып, жылу жетпей, Кесек Көмірдің барлық жолдастары жанып кетті. Тағыда жанбай жалғыз қалған Кесек Көмір, келесі жылу мезгілінің алдында, жаңа жолдастарының алдында сөз сөйлеуде:
- Біз әлемге жылу әкелеміз - міне осыдан артық қандай бақыт болуы мүмкін!? Мейлі біз жанып кетейік......бірақ...
....Елге газ келіп, көмірдің орнына газ пайдаланытын болды. ..Керек болмағасын Кесек Көмір сарайдын шығарылып тасталды. Уақыт өте, жауын жаңбыр астында аулада жатқан Кесек Көмір, көмір емес, жанбайтын қарапайым тас болып шықты.....