Шапалақ,шапалақ
Шапалақ,шапалақ,
Ағашта отыр жапалақ.
Гу-гу-гу дейді,
Екі көзі домалақ.
***
Шапалақ,шапалақ,
Өсем гүл боп ертең-ақ.
Ата-анамды қуантып,
Боламын мен қолғанат.
***
Шапалақ,шапалақ,
Сүйкімді ғой қозы-лақ.
Оны балам көре сап,
Келе жатыр томпаңдап.
***
Шапалақ,шапалақ,
Абылай хан қатал-ақ.
Өте әділ ол бірақ,
Лақап аты Сабалақ.
***
Шапалақ,шапалақ,
Би билеймін бұраңдап.
Өлең оқып, ән салам,
Аямағын шапалақ.
***
Шапалақ,шапалақ,
Добым кетті домалап,
Ұстатпайды қашады,
Жүрмін оны қуалап.
***
Шапалақ,шапалақ,
Мен санаймын санамақ.
Жұдырықты ашып ап,
Бар екен неше бармақ?!
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосындысы он саусақ.
***
Шапалақ,шапалақ,
Жүрміз өзен жағалап.
Әкем отыр жағада,
Үлкен балық аулап.
***
Шапалақ,шапалақ,
Менің атым Шапағат.
Еркесімі әжемнің,
Жақсы көрем шоколад.
***
Шапалақ,шапалақ,
Достым же күнде тамақ.
Шымыр болып өсесің,
Өскеннен соң көресің.