Не үміт, не қайыр!
Боямасыз өмір.
Әр күні барып газет сататын дүңгершектен газет-жорнал аламын.Бір күні
сол дүңгіршектеріме бара жатсам бір әйел кісі қол көтерді.Баратын жері
жолымда болса ала кетейін деп,тоқтай қалдым.Шынында да менің бара
жатқан бағытымда екен,мәшиненің есігін ашып отырғыздым.Өзі әңгімешіл
кісі екен отырғаннан мені әңгімеге тартты.Мен өзімнің зейнет жасында
екенімді айтып,қазір қолым бос,көбіне газет-жорнал оқимын,-дедім.
Ол кісі көп жылдар ұстаздық етіп,содан еңбек демалысына шыққанын,
күйеуі де көп жылдар ішкі істер мекемесінде қызмет істеп,сол жерден еңбек
демалысына шығыпты.Көбіне шет елде демаламыз дегенді айтты.Балалары да шет елде оқып,қазір сол жерде қызмет істейді екен.Балалары,орыс,ағыл-
-шын,француз тілдерінде өте сауатты екен.Мен:-Қазақ тіліне ше?-дедім.
Ол кісі:-Сол жақтан келген соң үйренді,аздап,- деді.
Мен ол кісіге:-Қалай сонда,өз ана тілін білмей,өз елін қалай таныстырады?.
Өз ана тілінің қуатын,әсемдігін қалай жеткізеді?-дедім.Ол кісі азғана үндемей тұрып:-Орысшалап жеткізетін шығар,-деді.Сонда мен:-
-Ағылшындарда да біздің елге қызығып,қазақ тілін білгісі келетін болса,
оны да орыс тілі арқылы түсіндіре ме?-дедім.Ол кісі шынында да,сасайын
деді. –Ол жағын ойламаппыз,-деді.Мәссаған!!! Зейнет жасына жеткенше
өз ана тілінің құдіретін білмеген адамның бала-шағасынан не үміт,не қайыр!.
Әңгімеміз көпке созылар ма еді,ол кісінің баратын жеріне келіп қалыппыз.
Жолаушым сол жерден түсіп қалды да мен ары қарай өз жөніме кеттім.
Айтқандай ол кісілер Өскемен жақтан екен.Бірақ,кім қай жерден болса да,
өз ана тілін білу парыз деп ойлаймын.Әрине,сауатты болғаны дұрыс,сонда да
деймін –ау,сауаттылық орыс тілі мен ағылшын тілін білгенге байланысты ма екен?Қазақ тіліне жетік адамдар сауатсыз деп кім айтты екен?Арамызда сол сияқты түсінігі бар адамдар да бар екен.Сіз не айтасыз,оқырман?.