Адам қарады: 171 | Жарияланды: 2018-05-03 07:34:37
Қазақ қызы
Кешір мені, кешір қалқам, кеш күнім
Көкейімді ыза кернеп, тесті мұң.
Мен әзірге адасқам жоқ ақылдан
Санаң барда саналы сөз естігін.
Қазақ қызы – қарындасым, жалғызым
Жамандыққа қия алмаймын ешбірін.
Боянбай-ақ әдемі ғой, көрікті
Көркем етіп жаратылған кескінің.
Аналардың арда жолын құрметте,
Сарқыты боп қалмасаң да ескінің.
Өзіңе емес, өзгелерге арнадың
Жаратқанның жазығы жоқ бес күнін.
Әдемі боп көрінуге тырыспа
Әзірге олар, емес сенің ешкімің.
Ұялшақ боп жүргенімен таңертең
Ұялмайтын ұятсыздар кешқұрым.
Қазақ қызы!
Сені ойлап алаңдаймын,
Мен сенің – әкеңдеймін, балаңдаймын.
Жақсы болсаң
Қуанам жеңісіңе,
Жаман болсаң
Өзімді жамандаймын.