Адам қарады: 18 | Жарияланды: 2019-04-04 03:11:00
Сіз айтқасын жыламайтын болдым
Сіз айтқасын жыламайтын болдым,
Өмір қанша жылатқанымен.
Ешкімге сыр ашпайтын болдым,
Өзгенің сырын сақтағаныммен.
Әділдік іздеп сабылмайтын болдым,
Әділетсіздік орнайды білем.
Еңсемді биік ұстайтын болдым,
Сынаса тағдыр сынақтарымен.
Жетімдер туралы жазбайтын болдым,
Өсіп келе жатқан кіл өрең.
Бәрібір олар азайып кетпейді,
Мен жазды екен деп бір өлең.
Бәріне жақсылық тілейтін болдым,
Өзіме жамандық жасамасын деп,
Ертеңнен күдер үзбейтін болдым,
Армандарым алдамасын тек.