Адам қарады: 21 | Жарияланды: 2017-06-01 02:28:59

Ауылым туған өлкем

Жайықтың  ерке самал  ақ  төрінде,

Туылған Сырым, Қадір мекеніңде.

Тарихта аңыз болған тарихи жер,

Туылғам  Қособа атты мекенінде.

 

Қособам туған жерім құтты мекен,

Шөбі шүгін  алтын қапты елді - мекен.

Қыз Жібек пен Төлеген белгі салған,

Махаббаттың  белгісіндей  аңыз өлкем.

 

Мақтанышым, асқағымсын  туған жер,

Мен баланмын  көгалында тербелген

Арман қала Астана да жүрсемде

Өзінді ойлап ет – жүрегім езілген .

 

Туған өлкем кендемекен таланттарға,

Туылған  талай палуан – ақындарда.

Аламан бәйгілерде дес бермей жүр,

Шабыттанып, шабандоз тұлпарында.

Елім деп соғар жүрегім,

Жерім деп соғар жүрегім.

Елімде болса жақсылық,

Марқайып менде жүремін.

Қазақ тілінде жазылған