Адам қарады: 7504 | Жарияланды: 2017-06-22 04:13:55

Ұлым, ғашық болып қалдың ба?

 

Ұлым, ғашық болып қалдың ба?...

Мәжнүндікке тақау ол.

Сүйгенінің алдында

Әлі де нағыз сақау ол.

 

Қысқасы, балам азып жүр,

Шықпаған үні бұлбұлдай.

Жасырып өлең жазып жүр,

Байқадым мен, «сұрқылтай».

 

Үмітсіз емес, байқадым,

Демек, ішкі даусы мол.

Қалқатайына айтарын

Өзі тауып алсын ол.

 

Ғашықтың тілі таланды,

Тауып алар естісін.

Ғашық болған баламды

Алғаш рет әлем естісін!

Қазақ тілінде жазылған