Адам қарады: 144 | Жарияланды: 2017-07-11 07:09:35
Қазағымның дәстүрі жоғалмасын!
Ата-баба дәстүрі бар ежелден,
Құда түсу, келін алу,той деген
Арасында осы тойдың дорба жүрер,
Уа, халайық тамашалап көріңіздер!
Дорбаны көрсетуге алып келдім,
Сақина, сырға, білезік, моншақ ілдім,
Дорбаға аққу менен ою қосып,
Екі жағын әдемілеп өрнектедім,
Ішінде шашу, бауырсақ, матасы бар,
Қыз –келіншек жиналып бөліп алар.
Қазағымның сәні ғой дорба деген,
Дәстүріміздің жалғасы болып қалар.
Сыйлайық дәстүрімізді ұлағатты,
Дәріптейік ата-баба берген салтын,
Әрқашанда арамызда дорба жүрсін,
Жоғалмасын мәңгіге ата-салтым!