Адам қарады: 23 | Жарияланды: 2017-07-10 02:37:42

Болған оқиға

«Қыс қамын жаз ойла» дегендей Ұшназардың жазығында Жайылма кеңшарының тракторшы жигітері қыс қамын ойлап кеңшар төрт тұлік малына шөп жинауда.Ымырт үйіріліп қас қарайған шақта тракторшы жігіттер орып жатқан шөптерін тоқтатып кешкі астарын ішуге қамданды. Бір уақытта қосынға ұзын бойлы арық денелі, қыр мұрынды, сығыранқы көзді шамасы жасы он сегізге тола қоймаған қойшы бала Ербол кірді. Дастарқан басында отқандардың баршасына амандасықаннан кейін Рәтбек жездесінің жанына отырды.

-Жездеке түріңіз өрт сөндірген адамға ұқсайды ғой. Не болған?,-деп қалжындап , жымың қақты.

-Ерболжан несін айтайын жұмыс істеуге құлқым жоқ. Әйтеуір бойымды қорқыныш билеп алды.

-Қандай қорқыныш? Әлде қамыс арасында жын пері бар дегенге сенесіз бе?

-Ол қанқу әңгіме емес пе? Көп сөйлей бермей бір өтінішімді орында.

-Бүйімтайыңызды айта отырыңыз?

-Таңертең  малыңды мен шөп орып  жатқан тұсқа жай.

-Нұреке біргәдір шал төбемді теседі ғой.

-Ол жағын уайымдама шалға өзім түсіндірем. Айтқан әңгіме осы шетте қалсын тісіңнен шығапасын.

Жездесімен қайын арасындағы сөз осы жерден бітті. Таң бозарып, қылаң беріп атып келе жатқан шақта,Рысбай тракторын оталдырып жатты. Тәтті ұйқының жетегінде жатқан  Ербол шыққан дауыстан шошып оянды.Атып тұрып асығыс киінді де тысқа шықты. –Мына жездем  таң атпай маужырап жатқан кең даланы кезіп қайда барады,-деп таңдай қақты. Албарда есігін ашып отар малды шығарып, мама ағашта байлаулы тұрған күрең қасқасын ертеп мінді де, жездесінімен уәделескен тұсқа  бағыт алды.  Күн төбеге көтеріліп, сәске ауа отар малды айдап уәделескен тұсқа келіп жетті. Дөңнің басына шығып аттан түсіп, жайқалып тұрған күреңсенің үстіне жайғасты.Кең далаға көз тастады. Қаратаудың қыраттары түйенің өркешіндей, қойшылардың қыстаулары Шоқат, Ешкі ауыл, Шайқан көз ұшында көрінеді. Ұшназардың жазығында  шөпшілердің урулон шөптері әр жерде шашылып жатыр. Жарты шақырым жерде жездесі шөп уроландауда.

Күн шанқай түсте Ерблды бір дауыс шошытып оятты. Өңіма түсіма білмеді. Сәлден кейін  жанағы дауыс шықты. Жан-жағына көз тікті оғаш нәрсе көрінбейді.Рекеңе қарай көз тастады трактор қозғалмай орында тұр. Жездем түскі асын ішіп отқан болар, -деп ойлады.Қайтадан шқынған дауыс алыстан шықты. Ербол шыныменде  сасайын деді. Қамыстың арасында шайтан бар деген қанқу сөз рас болғаны ма? деп іштей ойланды. Бұл жолы әлгі дауыс жездесі жақтан анық естілді.

Күрең қасқаны қарғып мініп, аяғын тебініп қалды.Шқынған  жануар желдей есіп, оталып тұрған  трактордың жанына жетіп барды.Ербол ыңырсыған дауыс тұрған тұсқа барып, аяқ қолы дірілдеп бір орында сасып тұрып қалды.  Сол кезде Рекеңнің қолын урлонға кіріп кетіпті. Жездесі Ерболға тракторды өшір деп ышқына сөйледі. Не істерін білмеген бала сүріне қабына кобинаға жетті де қолдары дірілдеп әзер дегенде тракторды өшірді.

Қан жуған жездесі Ерболға- аттқа мінде қосыңға қабар жеткіз,-деді. Дірілдеген жас бала күрең қасқасына мінді де қосыңға шаба жөнелді.

Қосын сыртында тракторының алдынғы төңгелегінің жыртығын жамап жатқан Мейрамбек құйындай жердің шаңын құйғытып келе жатқан аттылы адамды көрді. Бір жамандықтың боларын сезіп бір орында тұырып қалды.

Аттылы адам Мәкеңнің  жанына жетіп, атынан түстіде, ентігін баса алмай тұтығып, -   урлон турады, - деді.

-Құдай-ау кімді? , -деп  Мейрамбектің төбесінен жай түскендей сілейіп қалды.

 -  Қамыс жақта жездемді урулон турап кетті.

Қаперінде ештеңе жоқ Мәкең хабарды естіп өз құлағына өзі сенбеді. Ерболдың атына мінді де Рекең жаққа шаба жөнелді. Қосынан тағы екі жігіт лесті.

Трактордың қасына келген Мейрамбек  талықсып жатқан Рекеңді көріп тірімісің баурым, - деп көз жасына ырық беріп, құшақтай жөнелді. Артынан шыққан  екі жігітте келіп жетті.

  Мейрамбек Мұхитқа қарап :  - тракторды оталдыр. Ауданға ратсиямен хабар жеткіз,- деді.  Асып –сасқан жігіттер тракторын оталдырып қырық шақырым жердегі аудан орталығына тарта жөнелді.

Жан түршігерлік жағдай  ауылға лезде тарап кетті. Рекеңнің көрер жарығы бар-ау десті жұрт.

Рекеңді аудан орталығындағы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер ауыр науқасқа ота жасап аман алып қалды.

Ұшназарда болған оқиғадан кейін әбден шошынып қалған Ербол  ауылға оралды.Жатса-тұрса жездесінің даусы құлағынан кетпеді. Ауыл тұрғындары баланың ерлігіне  сүйсінді.

Арада жыл өткеннен кейін Рекең толығымен айығып отбасына оралды. Қайта жер басқанына бірінші Аллаға шүкіршілік етті.Екінші  қайынысына рақыметін жаудырды.

Қазақ тілінде жазылған