Адам қарады: 45 | Жарияланды: 2017-08-25 04:46:12

Сен- теңіз де, мен- кемең...

Сағындым, Ұстаз, балауса балғын кезімді,

Өзіңе деген ықылас толы сезімді.

Сағындым, Ұстаз, «қоңыраулы» қоңыр үніңді,

Сақталған берік мәңгілік өшпес ізіңді.

         Сағынсам сені, өзіңде өсіп көтедім,

         Өткердім сенде өмірдің жасыл көктемін.

         Сіңіріп бойға білімнің тұнба тұнығын,

         Сен берген тәлім биіктерге жеткенім.

Сағынсам сені,  бағытым болдың, Бағбаным,

Сондықтан болар жолыңды сенің жалғадым.

Нақ өзіңдей шәкірт жайы толғантып,

Шәкірттермен тыңаюда таңдарым.

         Атансам-дағы бүгінле  ұстаз балаға,

         Сен -теңіз де, мен- кемең жүзген айдында.

         Еңбектің татып ащы да, тұщы дәмдерін,

         Қадіріңді ұғынудамын, нар тұлға.

Алдымда бала,  баяғы өзім секілді,

Өрілген бұрым, енді бірі «кекілді»

Ізгіліктен жасқтап беріп кемесін,

Сағынта алар ма екем, сағынғанымдай өзіңді.

                       

Қазақ тілінде жазылған