Адам қарады: 142 | Жарияланды:

ҚАЗАҚ ҚҰДАСЫН ҚҰДАЙЫНДАЙ ҚАДІРЛЕГЕН

Құрметті қызметкерлер!

Қансонардың қарсаңында қадірменді қонағы­мыз­ды қоңырқай қонақүйде қабақ қақпай қабыл­дауымыз қажет. Қонақ – қымбатты қам­қор­шымыз, құрылтайшымыз Қалдан Қамбарұлы Қа­рабайдың құрдасы, қандасы. Қадірлі қонағымыз­дың қасына құдасы Қондыбай, құдағиы Қалды­қыз, құдашасы Қаламқас, қатыны Қалима, қызы Қы­дыркүл, қарындасы Қатира, қоңсысы Қал­дыбек қосылыпты. Құлақтарыңызға қорғасындай құя­мын, қапысыз, қамсыз қалмаңыздар. Құдайы қонақтарды қазақы қонақжайлықпен қарсылап, құда-құдағи, құдашаға қазы-қарта, қозықұйрық, қуырдақ, құйрық-жал, құйрық-бауыр, қымыз, қымыран қойыңыздар.

 

Қондыбай құда – қағазбасты, қалам-қарын­дашпен қаруланған қарымды, қабырғалы қалам­гер. Құда-құдағиға қылған қызметіміз Құдайдан қай­тады. Қазақ қашанда құдасын Құдайындай қадір­леп, қастерлеген, құрметтеген. Қондыбай құ­да Қарағандыға қазанатпен, құдағи-құдаша қам­золмен қайтсын. Құрметті қолдап-қуат­тау­шы­мыз Қалдан Қамбарұлы құдасының Қарағандыға қазұялы қамшысыз қайтпауын қалайды, қажет қылса, қатты қадағалайды. Қондыбай құда қиқар, қызбалау, Қалдықыз құдағи қазымырлау құсайды. Құданың Қыдыркүл қызына қолайна, Қатира қарындасына қолсағат, Қалима қатынына қашарды, Қалдыбек қоңсысына қозылы қойды қиыңыздар. Қалғандарының қолына қаржы-қаражат қыстырыңыздар. Қарсыласса, қоярда-қоймай қинаңыздар. Қоразша қоқиланып, қоқи­қазша қоқаңдаса, қызбаланбаңыздар. Құдаларды Қарағандыға қауіп-қатерсіз, қауымдасып қай­та­рай­ық. Құдай Қалдан қожайынымызды құдаларға қа­рыз қылмасын. Қызметтеріңізді Қалдан Қам­барұлы Қарабай қашанда қайтарады.

Қазақ тілінде жазылған