Адам қарады: 101 | Жарияланды:

ЖЕУДІҢ БӘРІ ЖЕҢІС ПЕ?

(М.Шахановша)

Сен жыладың, жігітім,

Көп көрдім деп параның тапшылығын,

Көрмедім деп қызметтің жақсылығын.

Сен жыладың,

Куәлікті бетіңе басып алып,

Бір-ақ қарыс «соткаңды» қасыңа алып.

Опырар күнім өтті деп,

Жапырар күнім кетті деп.

 

Сен жыладың:

Аңғармай қалдым торды деп,

«Нұр Отан» бәле болды деп,

Бір қатты соққы алдым деп,

«Брак» бір «сотка» алдым деп,

Жаңа «Лексусты» міне алмай

Бақытсыз болып қалдым деп.

 

Сен жыладың:

Мен бірақ, селт етпедім,

Ең соңғысын «Лексустың» көрмек пе едің?

Білем, сені, тұрасың «Самал» жақта,

Астыңдағы «Мерседес» жаман боп па?

 

Жә, жә, жарар, айтпа да, сыр ашпа да,

Басыңдағы «каска» ма, «фуражка» ма?

«Каска» болса, ауыстыр орамалға,

Жүре бер ақ сүлгіні орап ал да.

Жемқорлықпен күрестегі ағалар да

Сол кезде іздеп сені табалар ма?

Құмар болма соншалық «каскаларға»,

«Каска» керек шашы жоқ қасқаларға.

Ең бастысы «обедке» барған кезде

«Портмонеңді» көрсетпе басқаларға.

 

«Портмонеңді» көрсетпе, сұранамын,

Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.

Жас кадрлар көруге тиісті емес,

Обырлардың еңкілдеп жылағанын,

Жебірлердің тым күйреп құлағанын.

Алу менен берудің жолы қатар,

Екеуінің арасы біp-aқ адым.

«Портмонеңді» көрсетпе, сұранамын!

 

Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,

Мұз боп epіп кеткен бе бар айлығың?

Көтер, кәне, басыңды,

Күніңді босқа өткізіп пе едің,

Комиссия не деп сыр айтты саған?

Қызметтің барлық сәтсіздіктерін

Бақытсыздық деп, кім айтты саған?

Кім айтты саған,

«Лексусты» бұзылмайды деп,

«Антифриз» құйылмайды деп,

Ақ «Бэха» кірлемейді деп,

Жегендер оңбайды деп,

Парамен сотталғандар

Қайтадан әкім болмайды деп?

Kім айтты саған,

Жұрттың бәpі береген, арайлы деп,

Жұрттың бәpі беруді қалайды деп,

Алғышты ардақтайды деп,

Жұтқышты қорлатпайды деп...

 

Беру деген де азайды,

Өкіметтің құрысын айлығы!

Одан да жүгір тендерге,

Тоқырау білмес айбыны

Тендер дегенің – әлемнің ұлы байлығы.

Бетіне жиған ұятты,

Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.

Тірлікте нағыз алғышты

Өкпелететіндер бар да,

Ұнататындар бар.

Ақша беретіндер бар да,

Бермей жылататындар бар.

Кісен салып ұстайтындар бар да,

Абақтыдан шығаратындар бар.

 

Қиналып бекер алаңдадың-ау,

Малыңды шығар өpіcкe.

Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау

Жеудің бәрі жеңіс пе?

Жігітке ақша жеткізіп пе еді,

Тендерді өзі жеңбесе.

Жеңгізген оны адамға

«Шапкасын» тағы бермесе.

Болды емес пе агенттер

Ұстауға сені келмесе?

«Мерспен» жүру былтырғы

Кедейлік емес, ендеше!

Қазақ тілінде жазылған